Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда шетелдік арналардың ақпарат тарату құқығы заңды түрде реттелуі тиіс

Дата: 05 апреля 2011 в 07:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда шетелдік арналардың ақпарат тарату құқығы заңды түрде реттелуі тиіс

Кабельдік жүйе арқылы ақпарат тарататын шет елдік арналардың Қазақстан кеңістігіндегі ақпарат тарату құқығы заңды түрде реттелуі тиіс.

Бұл туралы өз пікірін BNews ақпарат агенттігі өткізген «Қазақстандық телевизияның дамуы» тақырыбындағы онлайн-конференция барысында «Астана қаласының телевизиясы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Илья Пустогачев білдірді.

Онлайн-конференция барысында Қазақстанның ақпарат нарығында болып жатқан өзгерістер мен жаңа бетбұрыстар сөз болды, қазіргі таңдағы қазақ телевизиясының өзекті мәселелері талқыланып, ҚР «Телерадио хабар тарату туралы» Заң жобасына қатысты пікірлер ортаға салынды.

Илья Пустогачевтың айтуынша, бірнеше келелі мәселелер қолға алынуы қажет. Біріншіден, Қазақстанның ақпарат кеңістігінде кабельдік жүйелер арқылы хабар таратып жатқан өзге елдің арналары арнайы ақпарат тарату құқығына қол жеткізбей-ақ жұмыс жасап жатыр.

Бұл заңды тұрғыдан нақты реттелуі тиіс, шет елдік арналар арнайы тіркеуден өтуі қажет.

Екіншіден, Қазақстан кеңістігінде орыс тілі кең таралғандықтан орыс тілді арналар қазақ тіліне аударма жасамай-ақ хабар тарата береді. Ал бұндай арналар арнайы тіркеуден өтіп, Қазақстанның ақпарат кеңістігінде хабар тарату құқығын заңды түрде алып, қазақ тіліне аударма жасаса артық болмас еді.

Бұндай арналар Қазақстанның ақпарат кеңістігінде хабар тарату құқығын заңды түрде алып, қазақ тіліне аударма жасаса артық болмас еді

Үшіншіден, кабельдік жүйелер арқылы ақпарат тарататын арналар Қазақстандағы алкогольді ішімдіктерді жарнамаламау тұрғысындағы заңды ескере бермейді.

«Мысалы, Ресейде алкогольді ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салынбаған. Ресейлік арналар өз елінің заңы бойынша жұмыс істейді. Ал кабельдік операторлар біз тек қана «ретрансляция» жасадық дегенді алға тартады да, ешкім жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Нәтижесінде қазақстандық заң сақталмайды», — деп негізгі мәселелерге тоқталды Илья Пустогачев конференция барысында.

Бұл онлайн-конференцияға қатысты толық ақпаратты www.bnews.kz сайтынан алуға болады.

По сообщению сайта Nur.kz