Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ертегіні ұмыту – ертеңді ұмыту

Дата: 05 апреля 2011 в 08:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ертегіні ұмыту – ертеңді ұмыту

Бауыржан Момышұлы атамыз «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертексіз өскен бала — рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әкелері не шешелері ертегі айтып бермейді. Ал бесікте жатқанында құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын» деген екен.

Батырдың айтқаны айдай келгендей... Бүгінгі балалар халық ауыз әдебиетін жиып қойып, жат өркениеттің жемісін теріп жеп жатыр. Оның пайдасы мен зияны қандай?

Зияны болса, оған кінәлі қоғам ба, жеке отбасы ма? Жалпы, жас өскіндеріміз сусындайтын «қазақ ертегісі» қаншалықты дамып отыр?

Бұрын ата-аналар баласына, немересіне ертегіні ойдан шығарып айта беретін, оған балалар кәдімгідей сенетін. Біз, мәселен, әжеміздің айтып берген жезтырнақ туралы ертегісін тыңдап өстік.

Қазіргі көзі ашық балаларды ондай фантазиямен ұйыту тұрмақ, алдандыру мүмкін емес.

Оларға ертегі емес, «жәшіктегі» «ужастар» қызық.

Мұның себебі не? Бәлкім, мұның себебі ХХІ ғасырда өмір сүріп те әлі күнге дейін «Ер Төстіктің» деңгейіне жетеғабыл ертегі тудыра алмай келе жатқанымызда жатқан шығар. Бір ғана осы «Ер Төстіктей» балалардың рухани сұранысын өтеген, өтеп келе жатқан және алда да өтей беретін ертегіні атауға сіздің де қиналатыныңызға кәмілміз.

Ұрпағын «Ер Төстіктей» ауыз әдебиетімен ауыздандыра білген ата-бабаларымыз қандай ұшқыр қиялды, көреген болған! Дәл осы «Ер Төстіктей» ертегі-аңыздарымыздың болмағанынан емес пе, бүгінгі балдырғандардың сиқыршы бала Гарри Поттерге аузын ашып, көзін жұматыны. Еліктейтіні.

«Балдырған» журналының қызметкері, жазушы Серік Нұғыман:

— Әсілі, қаламгерлер арасында «Балалар әдебиеті деген не тәйірі, ол әншейін тақпақ қой, оларға арнап ертегі жазудан оңай, жеңіл нәрсе жоқ» деген әлдебір бұра тарту, менсінбеушілік сезімінің қалыптасқаны жасырын емес.

Біздің қаламгерлер «Балалар жазушысы» дегеннен біртүрлі қорынатын сияқты. Ал шындығында, бұлай болатын жөні жоқ. Әлемді қалам құдіретімен билеген небір ойшылдардың балалар әдебиетіне бет бұрмай кеткені сирек. Бір ғана А.С.Пушкиннің «Балық пен балықшысының» өзі неге тұрады? Қазіргі үлкен жазушыларымыз, ақындарымыз кешегі Ахмет, Міржақып, Мағжандар қалап кеткен осы рухани дәстүрден қол үзіп алғаны қандай өкінішті!

Бұған, әрине, тапсырыстың жоқтығы да әсер етуде, Мәселен, Мұқағали Мақатаевтың: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деген жолдары бар «Мектебім» деген өлеңін кәрі де, жас та біледі. Осы өлеңді Мұқаң Мұзафар Әлімбаевтың тапсырысымен дүниеге әкелген.

Ақындарға сол замандағыдай қаламақы төлеп, тапсырыс берсе, небір тамаша туындылар дүниеге келері анық.

Қазір ондай мардымды қаламақы қайда?! — дейді. Келіспеске амалың жоқ. Бір қуанарлығы, меценат Бауыржан Оспановтың біраздан бері балаларға арналған шығармаларға бәйге жариялауды бастағаны. Және бұл енді жыл сайынғы дәстүрге айналып келе жатқаны. Осыған қарап, енді Әбділда атамыздың «Толағайындай» татымды дүниелер бірте-бірте туатын шығар деп үміттенесің...

По сообщению сайта Nur.kz