Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Серікқали Байменше. «Әй, қап!» – «Айқап»

Дата: 05 апреля 2011 в 09:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Ай­қап» журналы бұдан 100 жыл бұрын Троицк қаласында (Челябі облысы) жарық көр­ді. Кейбір жарияланымдарда жур­нал атауы «ай», «айна» деген сөздер­ден шыққан деп жорамалданып жүр. Мұның нақты жауабын осы журналдың редакторы — «бас­қарушы, бастырушы» Мұха­мед­жан Сералиннің: «Журналға «Ай­­қап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де болар, түсінбеген де табылар. «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?!. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журна­лы­мыз да өкінішімізге лайық «Ай­қап» болды», — деген сөз­дерінен табуға болады. Демек, «Айқап» — ХХ ғасыр басындағы қалың қазақтың талай нәрседен қа­пы қалып, сан соғып, «Әй, қап!» деп өкінген өмірін өз аты­мен бейнелеген тұңғыш журналы.

1911 жылдың басында Троицкіде шыққан «Ай­­қап» жур­налы 1913 жылы Орын­борда бірінші нөмірі ба­сылған «Қазақ» газетінің жарық көруін тездетті деуге болады. Қазақтың осы бір журналы мен бір газеті ақпараттық кеңістікте бірер жыл қатар жүрді. Оқырман «Айқап­ты» қазақтың тұңғыш ұлы деп таныды, «Қазақ» газетін оның тетелес інісі деп білді. Аталған «ағайындар» арасында кейбір мә­селелерге қатысты пікір алшақ­ты­ғы да байқалмай қал­мады. Со­ған қарамастан, журнал мен газет басқармалары, оның жазушы­ла­ры қазақы кеңістікте қатар жүр­ген бір-екі жылда ал­дымен та­қы­рып ортақтығын, шы­ғар­ма­шы­лық та­ту­лықты, өз­ара түсініс­тік­ті ту етіп тұрды. Бейімбет Май­лин­нің сөзі­мен айтар болсақ, ха­лық үшін «Қа­зақ» газеті көз­дің қарасындай, ал «Айқап» жур­налы көздің ағындай еді.

Кеңестік ғылым журнал жа­рия­ланымдарын кедей тап мүд­десі тұрғысынан бір жақты ұғын­дырып, «Айқапты» «демо­кратия­шыл» деп бағалады. Соған сәй­кес ХХ ғасыр басында жарық көр­ген бірқатар газеттермен са­лыс­тырғанда, кеңестік заманда зерттеуге, ізденушілердің таны­суы­на мүмкіндік туған бірден бір көне басылым — осы «Айқап» еді.

«Айқапты» біртұтас қазақ руханиятының құбылысы ретінде, бұрынғыдай тапқа бөлмей, шындап зерделеу еліміздің егемендігімен бірге басталды. Журнал жарияланымдарының энци­кло­педиялық тұрғыда жеке кітап (Энциклопедия «Айқап». — Ал­ма­ты: «Қазақ энцикло­педиясы» Бас редакциясы, 1995) болып маз­­мұндалып шығуы — тәуел­сіз­дік жылдарындағы үлкен әде­би-ғылыми жетістік (Орайлы сәтті пайдаланып, бұл іс марқұм академик Рымғали Нұрғалидың жә­не зерттеуші ғалымдар Үшкіл­тай Субханбердина мен Сәр­сен­бі Дәуітовтің сол тұстағы қа­жыр­лы еңбегі арқасында жүзеге асқанын айрықша атап өтуді парыз санаймыз).

«Айқаптың» бұрындары ай­тыл­май келген авторларына қа­тысты ақиқат та соңғы жиырма жылдың ішінде ашылып, жария болды. Мысалы, «Дүнияда ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өк­пелер бет жоқ» деп қазақ жері­нің сол кездегі тағдыры туралы толғанған Ахмет Байтұр­сынов­тың «Қазақтың өкпесі» мақа­ла­сы «Айқаптың» бірінші нөмі­рін­де жарияланған еді. Ахаңның кейіннен қанатты сөзге айналып кеткен «Біздің заманымыз — өт­кен заманның баласы, келер за­ма­нның атасы», «Талап жоқ, үміт мол бip халықпыз», «Ең­бек­сіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды», «Телміріп алған теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды», «Ата жолдасы — надандық» тәрізді ойлары осы мақаланың ішінде болатын.

«Айқап» журналының бірден бір басқарушысы да, бастыру­шы­сы да қазақтың белгілі қа­ламгері Мұхаметжан Сералин болды (Кейбір деректерде Еркем Әлімұлы деген азаматтың жур­нал­ды бірге шығарысқаны ту­ра­лы айтылады). Журнал басқар­ма­сын­да сол тұстағы танымал ақын, жазушы, драматург Әкірам Ға­лымов, ақын, журналист Мұха­мед­сәлім Кәшімов, көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбек етті. Мағжан Жұмабаевтың, Сә­бит Дөнентаевтың, Сәкен Сей­фул­линнің, Бейімбет Майлиннің, Tahиp Жомартбаевтың, Міржақып Дулатовтың, Қошке Кемеңгеров­тің, Ахмет Мәметовтің, Мұс­та­қым Малдыбаевтың, Кенжеғали Ғабдуллиннің, Самат Әбішевтің, Байбатыр Ержановтың және бас­қа да белгілі-белгісіз көптеген талапкер таланттардың алғашқы туын­дылары «Айқапта» жарық көрді. Журнал сонымен бipгe аударма әдебиетке назар аударды. Бұған Ә.Фирдоусидің «Шах­­нама» эпопеясынан ауда­рыл­ған «Рүс­тем-Зораб» тарауы, жазу­шы Лихановтың «Манап» дра­­масы, И.Крыловтың, М. Лер­монтов­тың, А.Пушкиннің, А.Че­хов­тың, А.Сорокиннің қазақшаға аударылған шығармалары мысал бола алады.

Журналдың барлығы 88 нөмірі жарық көрді, 1913-1914 жылдары ол айына екі рет шығып тұрды. 1915 жылғы 14-нөмірінен соң шы­ғуын тоқтатты. Бұл туралы журнал өз оқырмандарына «Ал ен­ді алаш азаматтары!.. Біз қолы­мыз­дан келген жұмысымызды алаш пайдасына жұмсаудан тар­тынбай қазақ жұртымызға аз да болса бip соқпақ жол болсын деп бастап журнал шығардық, ма­қ­сұты­мыз дүние жиып байымақ, пай­даланбақ емес, тек қана жұрт­тың көзі, құлағы болмақ еді. Білгенімізді жаздық, айттық... не жаз­­сақ та таза жүрек, таза ниетпен жазып едік,... мақсұтымыз ха­лыққа жол көрсетпек еді. Газета­шылық, журналшылық қазақ жі­гіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек едік. Біз сол мақсұтымызға жеттік. Ендігі жұ­мыс оқыған жастардың мой­нын­да...» деп жазды. Журналдың тоқ­талуы саяси мәселелермен бай­ланысты болды, депті бір көп­ші­лік сипатты жарияланымда. Бұл жаңсақтық. Дұрысында басты себебі — сол кездегі соғыстың сал­дары­нан туған күрт қым­бат­шы­лық, қағаз бағасы мен баспахана шығындарының өсуі, жур­нал­ға жа­зылушылар азайып, нақ­ты қар­жылай көмек беруші­лердің бол­ма­ғандығы еді.

Басқарушы-редактор Мұха­мед­­жан Сералиннің журналдағы жедел мақалаларын «Шаһар Троицк...» деп бастайтын жазу мә­нерін қазақ баспасөзі тарихымен таныс оқыр­ман жақсы біледі. Троицк — қазіргі Ресейдің Челябі облысындағы қала. Негізін кейіннен Орынбор губернаторы бо­латын генерал Иван Неплюев ХVІІІ ғасырда қалаған шаһар. Ге­нералдың Троицк тари­хы­на қа­тыс­ты айтқан сөздерін жи­нақтай келіп, қазақша қысқаша тү­йін­де­сек, бұл қалаңыз бастапқыда «Орта жүздің қазағына қарата» са­лын­ған бір бекініс-қорған болып шығады.

Троицкінің бірнеше ғасырды бойлаған тарихы бай әрі қызық. Бұл қала — орыстың ұлы мысал­шысы И.А. Крыловтың, атақты адвокат Ф.Н.Плеваконың туған жері. Екі елдің шекарасында ор­на­лас­қан­дықтан оның қазақ тіршілігімен де тарихи байла­ныс­та­ры бар. Троицкіде қазақтың талай асыл ұл­дары­ның табан ізі қалды. Ұлтымыз үшін заманында уездік Троицк гу­берниялық Орынбордан кем түс­пейтін білім-ғылым ор­та­лығы бол­ды. Қалада жеті мешіт, бірнеше медресе-мектептер жұ­мыс істеді. Әсі­ресе қазақ ара­сын­да «Мұ­хам­мадия», «Расулия», «Ғалия» (Уфа­­дағыдан бө­лек) медресе­лері­нің жақсы ата­ғы жайылып тұрды. Мұ­ха­мед­жан Сералин, Сұл­тан­махмұт То­райғыров, Бейімбет Май­лин, Сер­ке Қожамқұлов және басқа белгілі тұлғалар Троицк мектеп-медреселерінің түлегі. Белгілі татар көпестері Бакиров, Яушев, Ирисов, Валиев, Уразаев, Гафуров әулеттері сауда-саттықты өріс­­­тетіп, қалада әсем ғимараттар тұрғызып, Троицкінің атағын алысқа жайды.

ХХ ғасыр басында қалада он­шақты жекеменшік баспахана бол­ған екен. Шмуль Сос­нов­ский­дің иелігіндегі әрі оның өзі бас­қарған «Энергия» баспа­ха­насын­да 1907 жылы Есмағамбет Айманбаев (Еш­мухамет Иман­­баев) деген қазақ орысша-қазақша «Кир­гизская газета», яки «Қа­зақ газетінің» бір нө­мірін ғана шығарып үлгеріп­ті. 1911-1915 жылдары шық­қан «Айқап» нөмір­лері­нің титул бетінде нақ осы баспахана көрсетілген.

Сол «Айқап» журна­лы­нан қазіргі Ресей жерінде қан­дай белгі бар дейсіз ғой? Өкінішке қарай, әзірге еш­те­ңе жоқ. Бүгінде сексен мың­нан астам халық тұратын (оның бес мыңға жуығы қа­зақ) көп ұлтты провинциялық қалада бұдан 100 жыл бұрын қазақтың тұңғыш журналы шыққаны Қазақстан елші­лігінің ықпалымен Челябинск облыстық «Азамат» қа­зақ орталығы көтерген м­ә­­селеден кейін ауызға алы­на бастапты. Өлке­тану­шы­лар мен мұражай қыз­мет­кер­лері ізденіп, «Айқап» ту­ралы деректер жинап, қала басшылығын жеткілікті мағ­лұматтармен қамтамасыз еткен екен. Бізбен кездесіп, әңгімелескен кезде қала бас­шысының орынбасары Розалия Михайловна Вишнякова қазақтың алғашқы ұлттық кәсі­би журналының Троицк қа­ла­­сын­да шығып тұрғанын жұрт­­шы­лыққа жеткізу қа­жет­ті­гіне, қазақ мәдениеті­нің бұл дерегін бүгінгі ұрпаққа білдіру екі ел арасындағы тарихи, мәдени, рухани байла­ныс­тарды терең­де­те түсетіндігіне ерекше назар ау­да­рып, осы ба­ғыттағы іс-ша­ралар «Троицкідегі қазақ мәде­ние­ті кү­ні» деген тақырыпта ұйым­дас­тырылғаны екі жаққа да тиімді болар еді деген тілегін де білдірмей қал­мады.

«Айқапты» іздеп атамекенінен бұрын ат ізі көп түспеген соң, Троицк қаласында қазақ жур­­­налынан қандай белгі бар деп сұраудың өзі қиын. Өл­ке­тану мұражайынан ештеңе көзге түс­педі. «Журнал басқармасы осы тұс­та болыпты деседі» деген ой­мен іздестірген үйлердің ор­нын жаңа заманның құры­лыстары басып кетіпті. «Елу жылда — ел жаңа, жүз жылда — қазан» деген, қайдан сақталсын...

Алайда ең бастысы — «Ай­қапты» бес жыл бойы басып шы­ғар­ған, қаланың қазіргі орта­лы­ғына жақын орналасқан «Энер­гия» баспаханасының екі қабатты ескі үйі сол күйінше тұр екен. Кө­ше жақ бетіндегі бұрынғы қы­зыл кірпішті қабыр­ғасы ақ кірпішпен қайта қап­та­лыпты. Мұнда қала­лық дәріхана және оның қоймасы орналасқан болып шықты. Үйдің Совет кө­шесі жақ қабырғасында ке­ңестік заманда орнатылған «Здесь с 1911 по 1917 г.г. печатались боль­шевистские листовки и про­к­ламации» деген тас тақта ілу­лі тұр. Егер Қазақстан тарабы «Ай­қап» журналына ескерткіш бел­гі қоюға шын ниет білдіріп жат­са, Троицк қаласының бас­шы­лығы оның осы «Энергия» бас­па­ха­насының ғимаратына ор­нат­ыл­ғанын орынды санайды. Әри­не, көз­дің ағындай «Ай­қап­қа» Троицк қаласында бір бел­гі­нің бол­ғаны керек-ақ. Сон­дық­тан ел тәуелсіз­дігінің 20 жыл­дық мерекесіне орай өткізудің сәті түсіп тұр­ған осы іске мүд­делі орган­дар­дың оң көзі түсіп қалар деген үміттеміз.

Айтпақшы, журналдың бір авторы баяғыда, яғни 1915 жы­лы: «Бұл «Айқап» кішкене бол­са да ілгері кете қалса, келер заманда қазақ тарихында бәлки ең бас жол­ға жазылар. Бәлки қазақ хал­қы келешекте «Айқаптың» елу жыл­дық һәм жүз жылдық юбилей тойын да жасар. Сол тойдың ар­қа­сында әлдеқандай пайдалы істер де қылар...» деп жазған екен. Шіркін-ай десе­ңіз­ші, «Айқап» жур­налына қа­тыс­ты «әлдеқандай пайдалы істер» қылуды қазақтың келер ұрпа­ғы­на бұдан 96 жыл бұрын ама­наттаған сол бір автор қандай көреген еді?!
«Егемен Қазақстан» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы