Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Меңдіхан Тәпсірұлы: «Зілтемірден қазақ та чемпион болады»

Дата: 05 апреля 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қыр астында тұрған Лондон Олимпиадасында ауыр атлеттерімізге артылар жүк ауыр. Соңғы екі әлем чемпионатында көшбасшылар қатарына көрінген біздің зілтеміршілерден ел енді Олимпиада алтынын күтеді. Осы орайда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының оң жұмысына қол соғып қойсақ артық емес. Қайрат Тұрлыханов басқаратын саланың әлемдік спортта оза шауып, бәйге алғанына халық куә. Ауыр атлеттердің аяқ алысы мен федерация тыныс тіршілігін білу мақсатымен федерацияның бас хатшысы әрі мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсірұлымен тілдескен едік.

— Меңдіхан аға, бұрын зілтеміршілерден көп жүлде күтпейтінбіз. Енді ауыр атлеттерімізге Олимпиада алтыны деген талап қойып отырмыз. Ел ауыр атлетикасының  демде қарқын алуының сыры неде?

-Қазақстандық ауыр атлетиканың жұлдызды шағы 2004 жылғы Афины Олимпиадасынан басталды десем дұрыс болатын шығар. Сергей Филимоновтың күміс жүлдесінен кейін Бейжіңде Илья алтын алып, Ирина Некрасова, Алла Важенина, Мария Грабовецкая сынды қыздарымыз күміс, қола жүлделерге қол жеткізді. Осыдан соң қазақ ауыр атлетикасында жаңа серпін басталды. Талай Олимпиада чемпионының томағасын сыпырған түрік маманы Энвер Түркелериді кеңесші қылуымыз да істің оңға басуына әсерін тигізгені рас. Содан кейін, әрине федерация атқарған ауқымды істердің нәтижесі. 2009 жылы әлемдік ауыр атлетикада Қазақстан қыздары төңкеріс жасады. Әйелдер арасында 20 рет жалауын көтерген  біріншіліктің он тоғызында Қытай қыздары алдына жан салмай, қара үзіп кететін. Ал, жиырмасыншы чемпионатта біздің  зілтемірші қыздар Қытайды тағынан тайдырып, көш бастады. Бұл әрине, қазақ спортындағы толағай  жетістіктердің бірі.

— Әрине, қыздардың жеңісі қуанатын жағдай. Бірақ жүлде салған Света Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанлолардың  бұрын жат елдік болғаны рас қой...

— Осы мәселе елімізде талай дау тудырып, сан мәрте баспасөз және интернет бетіндегі мақалаларға тұздық болды. Келісемін, аталған зілтемірші қыздар Қазақстанда туып өскен жоқ. Бірақ, оларды біздің мектептің түлектері деп айтуға толығымен негіз бар. Светлана Подобедова Ресейден Қазақстанға өз еркімен көшіп келді. Осыған дейін оның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, әлем рекордшысы болғаны рас. Ресейде біраз түсініспеушіліктер болғанан кейін, Қазақстан туының астына өтуді дұрыс деп ұйғарған Светаның өзі. Біз оны үгіттеп елге шақырған жоқпыз немес сатып алған жоқпыз. Ол кезде спортшыны сатып алатындай бізде қауқар да жоқ еді. Жақында ғана Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Подобедованы әлемнің ең үздік ауыр атлеті деп таныды. Бұл сөз жоқ, үлкен мәртебе. Өз еркімен Қазақстанға келгеннен кейін, ел азаматы ретінде халықаралық жарыстарға қатысуға құқы бар. Ал, Майя мен Зүлфия атты дүнген қыздары Қытайдың ішкі чемпионаты түгілі, жай ғана провинцияның жеңімпазы болып көрмеген, қатардағы спортшылар. Біз олардың талантты екенін тап басып аңғардық, өзіміз дайындадық. Біздің бапкерлердің терең білімі арқасында әлемдік доданың қаһармандары болып, Қазақстан атын әйгіледі. Қазір олар тынбай дайындалу үстінде.

— Меңдіхан Тәпсірұлы, құрамадағы қазақ зілтеміршілерінің үлесі қандай? Қазақ зілтемірші қыз-жігіттері қашан әлемді бағындырады?

— Орынды сұрақ. Бұйырса, барлық салмақта жолдамаларды жеңіп алуға ниеттеніп отырмыз. Лондон Олимпиадасына аттанатын атлеттердің тең жартысы дей алмаймын, жартысына жуығы қазақ зілтеміршілері болады деген мақсат қойып отырмыз. Сол үш-төрт атлеттің кем дегенде біреуі медальға ілігеді деген жоспарымыз бар. Қазақтан чемпион шығаруды біз ойламайды дейсіз бе?! Талантты қыз-жігіттер көп. Солардың ащы терін алып, ірі додаларға шыңдау үрдісін жүргізудеміз қазір. Мәселен, ешкім күтпеген жерден шымкенттік аруымыз, нағыз қазақтың қызы Жазира Жапарқұл  тұңғыш өткен жастар Олимпиадасында қарсыластарына шаң қаптырып, чемпион атанды. Енді Жазираның жолына үмітпен қарап отырмыз. Алмас Өтешов, Қуаныш Рахатов деген жігіттерді ел танып қалды.  Алмас өз салмағындағы басты қарсыластары Илья Ильин мен Владимир Седовты басып оза алмай тұр. Біз оны «Алмас қазақ, қазақ қатыссын!» деп әлемдік додаларға апара берсек, әділдік қайда қалады?! Құдайға шүкір, қазақ жастарының ауыр атлетикаға ықыласы ауып келеді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы ауыр атлетика залдарына адам сыймай жатыр деген хабар алдық. Адамның көптігінен, зілтемір үйірмелері талаптанушыларды қабылдамай, кері қайтару үстінде екен.  Осылай жалғаса берсе, қазақтан шығатын зілтемірші Олимпиада  чемпионын көретін күн алыс емес.

— Енді федерацияның жұмысына аз-кем тоқталсаңыз...

— Ауыр атлетика әлемде, соның ішінде Азия құрлығында жылдам қарқынмен дамып келеді. Бүгінде шетелдіктер Қазақстан десе, иіліп сәлем беруге бар. Яғни, бізден сескенеді, бізді ауыр атлетикасы оңға басқан елдердің қатарына жатқызады. Бұл мәртебеге жету үшін біз біраз еңбектендік, тер төктік. Жақында ғана ауыр атлетикадан Азия қауымдастығының президенті мен вице президенттері сайланды.  Сары құрлықтың әрбір мемлекеті бір орынға бірнеше адамнан ұсынды. Вице президенттікке үміткер қатарында болған Қайрат Болатұлы 39 дауыстың  34-н жинап, құрметті мүшелікке өтті.  Қазақстанның абыройы артқанын көрсетеді бұл. Техникалық құрамның қызметкерлігіне өзімді ұсынған мен де жеңімпаз болып оралдым. Атқарылып жатқан ірілі ұсақты шаруларда есеп жоқ. Біз Қазақстан спортының өркендеуі үшін, қазақ спортының шоқтығы биік болуы үшін қызмет етудеміз. Ал, ұсақ-түйек әңгімелер үлкен спортта жиі кезігіп тұрады. Сондықтан, оған назар аудармаған жөн.

— Соңғы сұрақ, Илья Ильиннің жалақы алмай жүргендігі былтыр үлкен шу тудырып, президентке дейін араласты. Қазір Ильяның жағдайы қалай?

— Илья айлығын алып жүр. Жаттығуға араласты. Қазақстан намысын қорғауға дайын. Оған алаң болмаңыздар.

www.masa.kz интернет газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы