Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұра Матай. Адасқан құлдың оралуы

Дата: 05 апреля 2011 в 13:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сурет: Рембрандт Харменсзун ван Рийннің «Адасқан ұлдың оралуы» картинасы

Украина Виктор Ющенконың тұсында отарсыздану саясатын екпіндете жүргізіп, соның арқасында Украин жері совет өкіметінен қалған ескерткіштер мен көше атауларынан арылып, Украин тілі толық мәртбеге ие болған еді. Тіпті, советтік көзқарас пен идеология тұрғысынан жазылған тарихты қайта жазу ісіне ден қойған. Соның бір айғағы орта мектептерге арналған тарих оқулығына «Украина. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында» деген атауды енгізіп, «Ұлы Отан соғысы» түсінігін алып тастаған болатын.

Алайда, Украинаның қазіргі билігінің совет өкіметінің заңды мұрагері Ресейдің — бұрынғы қожайынының құшағына қайта құлаған сыңайлы. Жоғарыдағы тарих оқулығын бүгінгі Украина билігі қайта қарап, «Ұлы Отан соғысы» тіркесін қайта қосқан. Және отарсыздану кезіндегі оқулықтарда совет кезінде Украинада күштеп орыстандыру саясаты жүргізілгенін жас буынға тәптіштеп түсіндірген арнай бөлім болған ал, биылғы жаңа оқулықтан бұл тақырыптың жұрты да жоқ.

Осылайша, Виктор Януковичтің Ресейге ынтық екені іс жүзінде дәлелденіп және билік өзімен бірге Украиннің тәуелсіз ұрпағында Ресейдің қойынындағы байырғы бодан мекеніне бастап барады.

Ресейде адасқан құлының оралғанына ырза сықылды. Өйткені, Украина президенті Виктор Янукович елдегі орыс тілін жанын сала қорғайтынын бірнеше рет уәде еткені бар. Ал, Ресейдің білім министрлігі Украинанның білім министріне осы елдегі орыс тілінің өркен жаюы үшін істеген еңбегіне мақтау айтқан.

Білім министрлігі демекші, Түймебаевтың тұсында ортақ тарихи оқулық жазу, көршілерден оқулық жазуға авторлар тарту мәселесі көтерілгені бар. Абырой болғанда, Түймебаев кетіп, Жұмағұлов келіп тынды.

Ал, «Ұлы Отан соғысы» делінетін дүниеге келсек, мұны екінші дүниежүзілік соғыс деп қарайтын түсінік Қазақстанның түсіне де кірмейді.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы