Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тұрсын Жұртбай. «Нұрлы көш» — «Ақтабан шұбырынды»

Дата: 05 апреля 2011 в 15:20

Қазір «оралмандар бізге не беріп жатыр?...» дейтін шайтан пікір етек алды. Бұл мемлекеттік мекемелерде, жоғары лауазымды тұлғалардың, тіпті оралмандардың тағдырымен тікелей байланысты мекеме қызметкерлерінің тұла бойында бүлкілдеп жатқан пәле. Оралмандар алғаш келгенде оларға берілген аздаған тиын-тебенге көз қызартып «олар кезінде қашып кеткен, енді оларға неге ақша төлеуіміз керек...» деген депутаттар да болды. Қазір атын айтсам жүзі күйіп кетер.

Сайқымазақшылар (КВН): «оралман қай кезде кетіп, қай кезде келуді жақсы білмейді...» деп мазақтарына қосып жүр. Бұл — тарихи, саяси сауатсыздықтың, қансыздықтың белгісі. Мұны біреулер арнайы жасап отыр.

Ұлттық салт-санадағы дертімізді емдеп, лайланған суымызды тазартып, күрмелген тілімізді жөнге келтіруге атсалысып жатқан оралманнан басқа кім бар? Оралман келсе қазақтың тілі көркейеді, қажеттілік туады. Қажеттілік тудырмай тіліңнің осы бұралғаны бұралған. Оралмандарды тізеден қағу — өзіне төніп келе жатқан дерттің шипасын біліп тұрып, сол дәріні өзің төгіп тастағандай ақымақтық.

Тоқсаныншы жылдары келген оралман қазір кімге мұқтаж? Тіршілігін өздері оңап алды. Көбі кәсіп көздерін ашып, кейін келгендерге жұмыс тауып беріп жатыр. Қазіргі тентіреп жүргендер кімдер? Кейінгі келгендер. Олар ол жақтан тамырын үзіп осында келгенде, егілетін жері жоқ, шашылып далада қалған дәндер сияқты. Жер жоқ, қайда тамыр тартады? Біз оның жерге өсіп-өнуіне мүмкіндік жасамасақ олар қаңғып қалмағанда кім қаңғымақ. Жаны ашымастық деген осы. Елдің аузында «Нұрлы көш», ісіне қарасаң «Ақтабан шұбырынды». Бұл үлкен әлеуметтік мәселе.

Мені бір таңқалдырған осы көші-қонның басы-қасындағы мекемелердің тірлігі. Өз басым алпыс аталы, қырық жезделі адаммын. Бір жолы Қытайдан келген бір бауырларымыздың құжаттарына көмектесуге тура келіп, көші-қон мекемесіне бардым. Төрт-бес адам кезекте тұрғанбыз, құжат тексеріп отырған қыз менің соңымда тұрған бір орысты шақырып алып, қағаздарын сұрап жатыр. Әлгі Ресейден келген бе, кім білсін, сосын мен де алдыға ұмсына барып: «мұныңыз не?» десем әлгі қарағым «я же работаю» дейді. Сосын мен де орысшалап қойып қалдым. Қыздың көзі бағжаң етіп маған қарады. Сонда бағанадан мені оралман екен деп елемей отыр екен. Оралманды адам екен деп отырған жоқ. Орысты шынтақтап кейін шегердім де, айтарымды айтып, қыздың шекесінен шертіп отырып «түсіндіріп», тәубесіне келтіріп қойдым. Көңілің боздайтын-ақ қылық, амалың бар ма?!

Ал, енді сол құжатқа бір мың теңге төлесең, он күнде, үш мың теңге төлесең   — бес күнде, бес мың теңге төлесең — бір күнде бітіріп береді екен. Осындай келеңсіздіктерді бұрын сонда істеген, қазірде бір тетігінде отырған бірлі-жарым таныс жігіттерден сұрастырып көрсем, олар «ол сондай заң» дейді. Енді не дейсің?... Бұл барып тұрған антұрғандық!

Сырттан келіп істің ретін таппай тұрған қазақтарға адам секілді пейілмен қарап жұмыс атқарып беретін қызметкер жоқ. Бұл оралмандарға мемлекеттік көзқарастың, мемлекеттік моралдың, мемлекеттік тәртіптің қалай екенін көрсетеді.

«Оралмандар ақша алып, азаматтық алмай кетіп қалды» деген өтірік-шынды өсек-аяңды бүгінде теледидардан күнде айтатын тақырыпқа айналдырып алдық. Сол ақшалардың 80 пайызы айналып келіп көші-қонға қатысты өз шенеуніктеріміздің қалтасына түсіп отырғанына бәсім бар. Шетелге кеткен ақшаларға жаны ауырып іздегісі келіп бара жатса, оралмандар жеді деген ақша (егер шын жеген болса) Храпуновтың, Машкеевичтің жегендерінің ширегіне жетпейді ғой, соларды неге оралмандар секілді теледидардан күнде қарғамайды. «Оралман осындай...» деп көрсетіп, жергілікті қазақтармен олардың, яғни қазақ пен қазақтың ортасына от жағу — қазақтың жауының істейтін тірлігі.

«Namys.kz» сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы