Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мәскеуде «Ғарыш және адамзаттың болашағы» атты халықаралық конкурс басталды МӘСКЕУ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/

Дата: 06 апреля 2011 в 09:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

— Юрий Гагариннің    ғарышқа  сапарының  50   жылдығы  құрметіне      жастардың   «Youth time» («Жастар  уақыты»)    халықаралық   қозғалысы   «Ғарыш  және  адамзаттың   болашағы»    деген тақырыптағы концепттердің конкурсын өткізіп  отыр.

Конкурсқа қатысуға  шақырған    хат   Қазақстанның  Ресей елшілігінің атына келіп түсті.    Хатта  айтылғандай,  конкурсқа     барлық  елдің  жас дизайнерлері  қатыса алады.  Олар   ғарыш көлігі,     ғарыштағы   болашақтың  үйлері    және  ғарышқа сапар  шегуші адамдарға арналған  киімдер  деген  тақырыптар  бойынша    өз   жұмыстарын   жолдауы керек.

«Әр аталым бойынша    үздік үш  жұмыстың авторлары    тамаша сыйлыққа   —    ғарыш  кемесінің  ұшырылу сәтін тамашалау  үшін  ағымдағы жылы  тамыз  айында Байқоңыр  айлағына сапар  жасау  және   Гагарин    сапарының  50 жылдық мерейтойына     арналған экскурсиялық бағдарламаға    қатысу    құрметіне  ие  болады.

Қатысушылардың   жасы — 18 бен  30 жастың аралығында  болуы керек.  Жұмыстар  15 мамырға дейін  қабылданады,  ал жеңімпаздар   20 мамырда жария  етіледі.   Конкурсқа бір автордың  бес  жұмысы  ғана  қабылданады.    Жоба   эксиз түрінде  немесе  графикалы  форматтағы  файл  түріндегі   3D модельде болуы  керек», делінген    хатта.

«Youth time»  халықаралық журналы  сонымен  қатар   жас журналистер  үшін де  арнайы конкурс   ашып  отыр,  ол конкурстың  жеңімпаздары да   тамыз айында Байқоңыр ғарыш  айлағына  сапар   жасайды.

Журналистерге арналған  конкурстың мақсаты — «Ғарыш және    адамзаттың  болашағы»  халықаралық конкурсын   БАҚ беттерінде      кеңінен  жариялау.      Мерзімдік   немесе  интернет-басылымдардың     журналистері  газетте,   журналда  немесе интернет-сайтта жарияланған     мақалаларын  жолдауы керек.  Радиожурналистер   бағдарлама  жазбасын жібере алады.  Ал тележурналистерден    конкурс  тақырыбына    арналған     бағдарламаның  жазбасы  немесе конкурс  туралы   анонстық   бағдарламаның   бейнежазбасы   талап етіледі.   Материалдар  ағылшын және   орыс тілдерінде  болуы  керек  немесе ілеспе аудармамен берілуі   керек.   Бұл конкурстың  жеңімпаздары да 25 мамырда    жария етіледі.

Конкурстар  туралы  қосымша мәіметтерді http://www.youth-time.org/ сайтынан    табуға болады.

Анықтама: «Youth time»  халықаралық  қозғалысы 2010   жылы «Өркениеттер  диалогы»   әлемдік   қоғамдық форумның базасында  құрылған болады.  Оның штаб-пәтері  Прагада орналасқан.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы