Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тарифтер қашан тұрақтанады?

Дата: 06 апреля 2011 в 11:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тарифтер қашан тұрақтанады?

Жыл басында Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Нұрлан Алдабергенов судың құны орта есеппен 11-12 пайызға көтерілетінін айтқан еді.

Қаңтардың өзінде агенттікке су бағасын көтеру жөнінде 27 өтініш келіп түскен көрінеді. Сондай-ақ жылудың бағасын өсіру туралы да өтініш көп. Электр қуатының қымбаттауы орта есеппен 12-14 пайыз деңгейінде болуы мүмкін.

Алайда Н.Алдабергеновтің айтуынша, онсыз да баға шарықтаған аймақтарда тарифті одан сайын көтеру – шетін іс. Ол тығырықтан шығатын жол өндіріс шығындарын азайту деп атап көрсеткен-тұғын.

Ал еліміздің коммуналдық шаруашылығының тізгінін ұстаған Серік Нокин алдағы басты мақсаттың бірі – осы саладағы әр кәсіпорынды табысты да тартымды ету екенін айтады. Сонда ғана тұрғын үй-коммуналдық саладағы күрделі түйіндер шешіледі. Агенттік төрағасы айтқандай, 1991 жылдан бері өткен жылға дейін осы салаға шетелдік инвесторлар тарапынан бір тиын да салынбаған. Осы тұрғыда бірқатар халықаралық банктермен келіссөздер жүруде. Соның бірі — Азия даму банкі тұрғын үй-коммуналдық салаға 1 млрд доллар құюға әзір, бірақ ол үшін қаржы қайтарымы болуы қажет.

Осы орайда біз жоғарыдағы сауалға жауап іздеуге талаптандық. Ерасыл Әбілқасымов, қоғам қайраткері:

Иә

– Коммуникация – стратегиялық нысан. Сондықтан оны ешқашан жеке­­меншіктің қолына беруге бол­май­ды. Оны мемлекет тарапынан қар­жы­ландыру қажет, тарифті де мем­лекет белгілеп отырады.

Кезінде «Пауэр Консолидэйтед» сияқты түрлі шетелдік компанияларға беріп тастап, оның соңы дау-дамайға ұлас­қанын білесіз. Олар тек тарифті кө­­тергеннен басқа түк те істеген жоқ.

Сондықтан бұл салада қызмет көр­­сету жағынан, мәселен, жанармай, кө­мірмен қамтамасыз ету сияқты жа­ғы­нан болмаса, түгелдей жекемен­шік­ке беріп қойған дұрыс емес. Бұл са­ла­дағы жұмыс Кеңес Одағы кезінде­-гідей жоспарға сай жүргізілуі тиіс.

Биыл осынша пайызы жөндеуден өтеді деп жоспарлап отыратын. Ал қазір бізде кө­біне «авралдық метод» қолданылып жүр, яғни әбден құрып, істен шыққанда ғана қозғалады. Әр заттың өзінің тозу мерзімі болады. Соны ескерген жөн. Оған ал­дын ала қаржы бөлініп, белгіленген уа­қы­тта жөндеп отырса, қазіргідей қа­қа­ған қыстың ортасында жылусыз, ыстық сусыз қалу жағдайлары болмас еді.

Содан кейін «сапаны бақылау» деген бо­лады. Оның да мемлекеттің қадаға­ла­уы­нан тыс қалмағаны дұрыс.

Айталық, қа­ла­да төрт ТЭЦ болса, оларды жоспар бойын­ша қай кезде тоқтатып, қай кезде жөн­деу жұмыстарын жүргізу деген сияқ­ты.

Тағы бір назар аударатын мәселе – ма­ман­дарды даярлау.

Институтты бітіргендер теорияны білгенімен, тәжірибеден жұрдай. Олар ТЭЦ-те тәжірибеден өтіп, кәсіпті әбден меңгеруі керек. Жалпы, техникалық жұмыстарға жастарды көптеп тарту жағын қарастырған дұрыс.

Экология жағы да ұмыт қалмасын. Мә­се­лен, Астанадағы құбырдың дені – жер бетінде. Оларды жердің астына жіберуге топырақ жаман дейді. Ол үшін жаңа техно­ло­гияны пайдалану керек. Сол сияқты кө­мір­ден бас тартатын да кез келді.

Қазір осы салада біз де кеңес кезіндегі ескі технологиядан арыла алмай отырмыз. Мә­селен, шойыннан жасалған жылу батареяларында жылудың 60 пайызы соның өзін жылытуға кетеді. Жаңа тех­но­ло­гия бойынша қазір оны алюминийден жасайды, ондағы жылу шығыны 35-40 пайыз. Не болмаса, бұрынғы металдан жа­сал­ған құбырдың орнына одан гөрі тө­зім­дірек пластик құбырларды енгізу керек. Міне, айта берсек, осы сияқты түйткілдер толып жатыр. Оны мемлекет болмаса, же­ке­меншік шеше алмайды.

Азат Қонысбек, кәсіпкер: Жоқ.

– Әрине, мемлекетке беріп, бар­лық шаруаны соның мойнына арта салу оңай. Өкінішке қарай, тарифтің кө­терілуі қарапайым халықтың қал­тасына тиеді ғой. Жалпы, мемлекет тара­пынан сапалық бақылау болуы дұ­рыс. Дегенмен осы шаруамен ай­на­лы­са­тын мекемелердің ар-ұяты болса, са­па жағын ұмыт қалдырмай­ты­ны анық. Өйткені әлгі жөндеу жұ­мыстары сол сапаға келіп тірелетіні белгілі.

Жекеменшік кәсіпорын тек пайда түсіруді көздеп, сапаны ұмыт қалдырады

Жұрттың арасында «жекеменшік кәсіпорын тек пайда түсіруді көздеп, сапаны ұмыт қалдырады» деген жаң­сақ пікір бар.

«Жел тұрмаса, шөптің ба­сы қимылдамайды» демекші, бұл арада мәселенің бәрі жемқорлыққа барып тірелетін сияқты.

Себебі тендерді жеңіп алу үшін жеке­меншіктің белгілі бір мөлшерде «шәпкісін» беретін кездер болады. Ол «шәпкі» сапа есебінен берілетінін ескерген жөн. Жеке­мен­шік сол үшін қиналады. Бұл Қожа­на­сырдың 10 теңгеге жұмыртқа сатып алып, 10 теңгеге сатқаны туралы әңгімесін еске түсіреді. Жекеменшік қолындағы қаржысы ортайған соң, арзан құбыр іздеуіне тура келеді.

Ал қыста әлгі құбыры қысымды кө­тере алмай, жарылып жатады. Ар жағын­да – неше түрлі апаттар, жұрттың на­ра­зы­лығы.

Жекеменшік қолындағы қаржысы ортайған соң, арзан құбыр іздеуіне тура келеді, қыста әлгі құбыры қысымды кө­тере алмай, жарылып жатады

Сондықтан, логика бойынша, мұнда мем­лекеттің мүддесі ұмыт қалмауы тиіс. Бірақ жекеменшікке де кәсібін жүргізуге мүмкіндік берілуі керек. Жекеменшік те адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді, оның да қарауында кәсіби білікті мамандар бар.

Мен де қарапайым тұтынушы ретінде қызмет сапасына да, тариф деңгейіне де алаңдаймын. Себебі қыстың ішінде жы­лу­сыз, ыстық сусыз қалғанда, оған кінәлі мемлекет пе, жекеменшік пе, тұрғындарға бәрібір. Ол күйінің кетпегенін қалайды.

Ал тарифтерді қымбаттату жағына кел­сек, ол инженерлік-коммуникациялық желі­лердің кімнің қолында екеніне бай­ланысты емес. Отынның бағасы, мұнай-газ, көмірдің бағасына байланысты. Олар қымбаттаса, тариф те, сөзсіз, жоға­ры­лай­ды. Ал жекеменшік шығыны тіпті аз болуы да мүмкін. Ол 100 қыз­меткердің орнына 20 адам ғана ұстап, оларға 50 адамның жалақысын төлесе де үнемдейді. Қайта жұмысты жүргізу, шы­ғынды азайту жағынан жеке кәсіпорынның жұ­мысы тиімді болуы да мүмкін.

Амалбек Тшан, қоғам қайраткері:

Уақыт өткізбей, бұл жүйені тезірек мемлекеттің қо­лына беру керек

«Меніңше, инженерлік желілердің бәрі мемлекеттің қолында болғаны дұрыс. Себебі оның үлкен стратегиялық мәні бар. Қазір осы саладағы қиындықтар халықты әбден шаршатты. Сондықтан бұл жүйенің мем­ле­кет қарауына өтуі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, тарифтің де рет­те­луіне ықпал етеді. Уақыт өткізбей, бұл жүйені тезірек мемлекеттің қо­лына беру керек».

Тоқтамыс Мендебаев, техника ғылымының докторы, про­фессор:

«Әрине, мемлекет өз қолына алса, тарифтерді тұрақтандыруға болады, себебі мемлекеттің өз бақылауында болады. Бүгінде өнімнің өзіндік құны қанша екені белгісіз, әйтеуір, білген бағасын қоя береді.

Тарифті бір деңгейде ұстаса, мемлекетке де, халыққа да тиімді болар еді.

Одан соң мемлекеттік қадағалау болмаса, кәсіпорындар бір-бірімен келісіп алады да, бағаны көтере қояды. Еліміздің жері үлкен, аймақтардағы баға да әртүрлі. Алдымен өнімнің өзіндік құнын анықтау керек. Ол үшін мемлекеттік бақылау қажет деп ойлаймын.

По сообщению сайта Nur.kz