Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Софы Сматаев. Үрей

Дата: 07 апреля 2011 в 10:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сезіліп қап үріккенім,

Үрейімді бүрікті ерін.

Қолын сүйіп,

Етігін

Сақалыммен сүрткенім.

 

 

Отқа орантып миды мың,

Аңсап атақ, сыйлығын,

Қол жаюмен Ақ үйге

Пәктік дейтін күйді ұғым.

 

Тілеп көсем тілегін,

Үмітімді тіредім.

Етегінен ұстасам,

Айрылмас деп білегім.

 

Кесіп тастап білекті,

Шорт сындырып тіректі,

Жандайшаптар лап қойды

Шаншып түйреп жүректі.

 

Өлермен ем не деген,

Ұрғызсам да төбеден,

Қол сүюден аспайды

Жарамсақтық өнегем.

 

«Неден үркіп, босағам.

Тәңір емес осы адам!

Кейіпкерді сомдайтын

Мен емес пе Жасаған!»

 

... Бұл ойымның тосынын

Сездім білем,

Шошыдым.

Су түбіне кетермін

Жетіп жатса осы үнім...

10.10.2010ж.

Той көп бізде

 

Той көп бізде Астананы кернеген.

Етекте — шу, өрде — қиқу, төрде — өлең.

Серпіліс бар, желпініс бар желіккіш

Далаң түгіл Мәскеуің де көрмеген.

 

Жұлқынады «Березка» боп бишілер.

Бұлқынады мәтүшкенің исіне ел.

Кезек күтіп үй сыртында дірдектер

Домбырасын құшып, мүлгіп күйшілер.

Дарақылық — дара қылық тән бізге.

Шу мен дуға тап беруге дәнбіз бе,

Қобзон, Басков, Папа, Мурмен мәз болып,

Бұрылмаймыз өліп жатсақ мәнді ізге.

 

Фин, негрді ойдан-қырдан жинаймыз.

«Келші, кел!» деп жанталаса қинаймыз.

Тәлтіректеп былжыраған әншіге

Бір ауданның бір жылғы асын сыйлаймыз.

 

Той көп бізде, той өткізер себеп көп,

Қарсы аламыз көп «мықтыны» өбектеп.

Ынтық дәме бір жүректі кемірген

Қол жайғызар «берер солар көмек!» деп.

 

... Дала солғын.

Тойы жоқ та, мұңы көп.

Сипамайды маңдайынан жылы леп.

Қала жақтан соул, джаз бақырса,

Азынар жел әлденеге жыны кеп.

20.10.2010ж.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы