Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ғалымжан Торақты. «Екі елі ауызға төрт елі қақпақ»

Дата: 07 апреля 2011 в 17:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Пікірталас алаңы ретінде өзін-өзі әлдеқашан дәлелдеген «Айт Паркке» келген Президенттіктен үміткер төрт кандидаттың өкілдері өткен аптада журналистермен кездесті. Ананы-мынаны сөз қылды. Қамшы салдырмай, қайыру бермей көсілгендері де, жетекке жүрмей тақыптан ауытқып, ауажайылып кеткендері де болды. Бірсөзбен айтқанда, кандидаттар қандай, өкілдері  де сондай екеніне және бір мәрте көз жетті. Қарадүрсін жиынға назар аударуға мәжбүрлеген бұл жолы ыдыс-аяқ сындыруға уақыт тарлық еткен кандидат ҚАСЫМОВтың өкілі болды.

Жиынды жүргізуші Нұрлан ЕРІМБЕТОВ мырзаның «Бильбордтар қанша тұрады?» деген қарапайым ғана сауалына отырысқа кешігіп келіп, ентігіп отырған Ғанекеңнің штабының басшысы «Өте қымбат! Ақылға сыймайды» деп жауап берді. Нұрлан мырза «Сонда қанша?» деп тақымдап қоймай қойды. Өзгелердің не айтқаны қазір есімде жоқ, ал, Қасымовтың штабының басшысы: «Оны дәл айту мүмкін емес. Білмеймін. Тіпті, осы мәселеге қызыққан да емеспін. Себебі, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарға берілген азғантай ақшаның өзін «анау — анда, мынау — мында» деп бөліп берді. Барлық кандидатқа бірдей сумма берді. Орталық сайлау комиссиясы қанша қаржыны бильбордқа, қанша қаржыны қай телеканалға, қай газетке аударуымыз қажет екенін және тағы анау-мынау шығынның бәрін жазып-сызып берді. Ол қаржыдан штабтарға түк те түскен жоқ. Біз ол қаржыны жаран-жағар майға, жол шығындарына төлей алған жоқпыз. Сондықтанда мен бильбордқа қанша қаржы жұмсағанымызды қазір тап басып айта алмаймын. Себебі бұл мәселемен біздер айналысқан жоқпыз» , — деп қызды-қыздымен шынын айтып салды. Мынадай жауап миын зырқ еткізген Ерімбетов мырза «Бәсе, осынау бильбордтарды Сіздерге әлдекімдер сыйлай салғандай көрінуші еді» деп қана сөз қосты.

Егер, мен Гүлдана НҰРПЕЙСОВА ханымды дұрыс түсінсем, таққа таласқан үш «үміткердің» насихатын қандай телеканалдар мен газеттердің жүргізетіні жоғарыдан — Орталық сайлау комиссиясының тарапынан белгіленіп қойылған болып шықпай ма?! Ойда жоқта ұйымдастырылған жарысқа ойда жоқта қосылған кандидаттардың сайлауалды үгіт жұмысының барлық «тыныс-тіршілігін» Орталық сайлау комиссиясы тікелей қадағалап, бақылап, бағып отыруы қолданыстағы заңдылықты аяқ асты етіп, үмітсіз «үміткерлерді» қолдап, соларға «сеніп», бір ай бойы алашапқын болған жұртты қорлау емес пе?! Билік тендер деген итаяқтан сарусу ішкізіп отырған бұқаралық ақпарат құралдары атаулы тайлы-тұяғы қалмай «сайлау та-ма-ша өтті, заң бұзушылықтар болған жоқ» деп қақсап жатқан әділ де таза өткен сайлауымыздың сыйқы осы болса жетіскен екенбіз! Дей келіп айтарым, дәл мұндай жағдайда 95,5% дауыс жинаған «жеңімпазды» кезекті жеңісімен құттықтаудың өзі шапқа түрткенмен бірдей әрекет қой, жұртым-ау.

«Қазақстан» апталығы

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы