Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бесағаш: жабулы қазанның ішіндегі жағдай

Дата: 10 апреля 2011 в 02:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Өткен айда Алматының іргесіндегі Бесағаш дейтін ауылда он екіде бір гүлі ашылмаған қыршын қыздың кісі қолынан қорлықпен қаза тапқанын жазғанбыз. http://abai.kz/content/besagashtagy-beibastaktyk Содан бері де қырық күн өтіпті. Аптаның қайбір күні «Желтоқсан ақиқаты» деген газетте қыршынынан қиылған Жанайым Ерғалиқызы туралы көлемді мақала жарық көріпті. Мақаланың соңында марқұмның қырқы берілетінін хабарлапты. Содан біз де бардық. Бесағаш аулындағы «Хан» мейрамханасына жеткенімізде ас аяқталып, жұрт жапырыла сыртқа шығып жатыр екен. Астан шыққан ел есік алдында иіріліп тұрған кезде басында оюлы тақиясы бар алпысты алқымдаған бірі кісі сырттағы орындықтың үстіне шығып алып: «Ағайындар, ас ішіп қана тарқап кетеміз бе осылай?! Бүгін бүйтіп жатса, ертең тағы қыздарымызды зорламасына кім кепіл?! Бұға берсең, сұға береді. Мұның бәрі биліктің кесірі. «Тыныштық, бірлік керек» деп аузымызды жауып отыр. Сонда бірлік қазаққа қана керек пе? Бірлікті қазақтан басқалар неге сақтамайды?», деп бастап біраз жайды айтып келіп,  «соңымнан еретін еркек бар ма?»  деп еді жүз қаралы адамның ішінен бірнеше адам атойлап қол көтерді. Қалған жұрт тым тырыс. Әлгі сөйлеп тұрған кісі сөзін аяқтай, топ алдында тұрғандар сабырға шақырысып жатты. Сөйткенше болмады орындық үстіне басын қырау шалған ақсақал көтерілді. Ол кісі де бірер ауыз сөз айтты. Осы кезде марқұм қыздың туыстарының бірі келіп, жұртқа тыныш тарауын, берілген астың қабыл болуын тілек қылуды өтінді. Бірақ, бірнеше адам бұған бой бермеді. Онан кейін және бір шал шығып: «Осы ауылдың ақсақалымын. Ауылда талай ұлттың өкілі бар, бәріміз тату-тәтті тұрып жатырмыз», деп еді, сөзінің аяғы шуға ұласып кетті. Сол сәтте аудандық прокуратураның өкілі ортаға шығып, жиналғандардың әрекеті заңсыз екенін айтып еді, қызу қанды азаматтар ұстасып қала жаздады. Осы тұста қайдан шыққан белгісіз полиция сау ете қалды. Олар әуелі екінші болып сөйлеген қартты және топ алдында өз ойларын елге естірте айтқан екі жігіт ағасын қауымдаса тұрған адамдардың арасына еркін кіріп, әй-шәй жоқ дедектетіп машинаға қарай ала жөнелді. Осының бәрін көріп тұрған ел полицияның әрекетін бақылап қана тұрды. Іле-шала қатар түзеп тізіліп келген жиырма шақты полицейлер мейрамхананың алдындағы жұртқа тараңдар деген бұйрық беріп жатты. Полициядан үрейленген жұрт сетінеп тарқай бастады. Көппен бірге бізде қайтуға бет алғанымызда мейрамханадан елу метрдей жерде полицияның екі бір үлкен автобустарын көрдік. Күре жолға шыққанымызда әр қиылыста тұрған полицияны тағы да көзіміз шалды.

Біздің түйгеніміз, Бесағаштағы қазақтың зығырданы қайнап отыр екен. Бірақ, бәріміз секілді полициялық билік дейтін үрейдің құшағында іштен өксіп жатыр.

Айтпақшы, астан кейінгі әңгіме марқұмның қырқына жиналған жандардың ішінен бір-екі адамнан өзге жанға сөз берілмегенін өйткені, әкімшіліктің қызметкерлері қақпайлап, молданың сабырға шақырған уағызы бір жағынан жұрттың аузына қақпақ болған соң сыртта шығып, шер тарқатқаны десіп әркімдер бір күңкілдесіп жатты.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы