Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сауд Арабиясы Семей қаласында туберкулезге қарсы балалар ауруханасын салуға грант бөлді

Дата: 11 апреля 2011 в 08:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат — 9 сәуірде Рияд қаласында Семейде туберкулезге қарсы балалар ауруханасын салу үшін 7 млн. АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз грант бөлу туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа сауд тарапынан САК Қаржы министрінің орынбасары Сүлеймен ат-Түрки, ал Қазақстан тарапынан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Әбденов қол қойды, деп хабарлайды ҚР-ның Риядтағы Елшілігі.

САК Королі, Қос киелінің шырақшысы Абдалла бен Әбдел Әзиздің қайтарымсыз грант бөлу туралы шешімі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау жөніндегі бастамасын қолдаудың жарқын куәсі, сондай-ақ Семей полигонының жабылуының 20-жылдығын жалпы халықтық мерекелеу қарсаңында ядролық сынақтардан зардап шеккен қазақстандықтарға сауд халқының ағайындық сыйы екенін салтанатты шара барысында сауд тарапы атап өтті.

Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Әбденов Сауд басшылығының игі шешімі үшін алғысын білдірді. Туберкулез әлемдегі кең тараған аурулар қатарына жатады және тұрғындар денсаулығына үлкен қауіп төндіріп келеді. 1993 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы туберкулезді қоғамдық денсаулық сақтаудың ғаламдық проблемасы деп жариялады. Жер шары тұрғындарының шамамен үштен бірі осы ауруға шалдыққан. Жыл сайын 8,4 миллион адам жұқтырса, шамамен 2 миллион адам қайтыс болады.

Өмір сүру деңгейінің айтарлықтай жақсаруына қарамастан туберкулез Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының күрделі проблемаларының бірі болып отыр. Туберкулезбен ауырғандарды емдеуге және оңалтуға арналған Семей қаласындағы 80 төсектік балалар ауруханасын салу қажеттілігі орташа республикалық және облыстық көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары болып тұрған ауру мен өлімнің жоғары көрсеткіштерінен туындаған. Жыл сайын Семей өңірінде балалар мен жасөспірімдер арасында 120-ға дейін туберкулезбен ауру оқиғалары тіркеледі. Олардың барлығы стационар жағдайында 6 айдан 1 жылға дейін үздіксіз емделуді қажет етеді.

Бүгінгі күні Семей қаласындағы өңірлік туберкулезге қарсы диспансердің балалар бөлімшесінің материалдық-техникалық базасы жұқпалы профильдегі стационарлар үшін талап етілетін санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келмейді.

Тиімді емдеу үрдісін қамтамасыз ету үшін паталогиялық бактерия бөлетін және дәрі-дәрмек арқылы тұрақтылықты қамтамасыз ететін науқас балалар мен жасөспірімдерді оқшаулау қажет. Осыған байланысты бүгінгі таңда жеке тұратын туберкулезге қарсы балалар ауруханасының ғимаратын салу өте өзекті болып табылады.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Риядтағы Елшілігі мен Сауд Арабиясы Корольдігі Қаржы министрлігінің арасындағы келіссөздер барысында Семей қаласында туберкулезге қарсы балалар ауруханасын салуға грант бөлу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 2010 жылғы қараша айында САК Қаржы министрлігінің делегациясы Семей қаласында сапармен болып, құрылыс нысанының орналасу орнымен танысу, жобаны жүзеге асыру тетіктері пысықталды.

Қазіргі уақытта аурухананы салу орны анықталды, жобалау-сметалық құжаттамасы, техникалық-экономикалық негіздемесі және медициналық мекеменің сипаттамасы әзірленді. Аурухана санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы жағдайды қадағалауға мүмкіндік беретін заманауи сәулеттік-жоспар шешімі негізінде салынбақ. Емделушілер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалады. Жертөлесі, техникалық қабаты және 2 қабатты жапсарлас құрылысы бар алты қабатты ғимарат қазіргі заманғы 6 лифтпен жабдықталады. Негізгі бөлме-жайлар функционалды сипаты бойынша топтастырылып, бір-бірінен шлюздермен оқшауланады.

Бір ауысымда 60 қабылдаушыға есептелген емхана, заманауи медициналық құрал-жабдықпен жарақталған зертханалар шұғыл диагностика өткізіп, балалар мен жасөспірімдердің емделу үрдісін бақылауға алуға мүмкіндік береді. 80 төсек-орынға арналған стационардың ыңғайлы палаталары бір-екі, ең көбі үш емделушіге есептелген. Балалардың жастарына қарай оқуларын жалғастыруға мүмкіндіктер жасалады, ол үшін үш оқу сыныбы, мультимедия және әдістемелік кабинеттер қарастырылған.

Қазақстан Елшісі Қайрат Лама Шарифтың айтуынша, екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылған 17 жыл ішінде Сауд Арабиясының гранттары есебінен Астанадағы ҚР Парламент Сенатының ғимараты (15 млн. долл.), Астанадағы кардиологиялық орталық (12 млн. долл.), Петропавлдағы облыстық мешіт (2 млн.долл.) салынған. Бұдан басқа, Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепті жабдықтау үшін қайтарымсыз 1 млн. АҚШ доллары бөлінген. Сауд даму қоры 12 млн. АҚШ доллары мөлшерінде Осакаровка-Вишневка тасжолының салынуын қаржыландырды. Қазіргі уақытта Сауд Арабиясы Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымында төрағалық ету жылы барысында Елбасымыздың халықаралық қызметін жоғары бағалап отыр.

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы