Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ардабек СОЛДАТБАЙ. Жар басында жалғыз үй. Арнайы репортаж

Дата: 11 апреля 2011 в 19:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

 

ҚР  Үкімет басшысының назарына!

ҚР Парламентінің назарына!

Алматы қаласы және Алатау ауданы әкімдерінің назарына!

Халықты әлеуметтік қорғау және еңбекпен қамту министрінің назарына!

ҚР Ішкі істер министрінің назарына!

Денсаулық сақтау министрінің назарына!

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің назарына!

Балалар құқын қорғау ұйымдарының назарына!

Жезтырнақ, мыстан кемпір туралы ертегілерде оның үйі жар басында жалғыз отыратыны айтылады ғой ертегіде. Жезөкше, маскүнем келіншектер де жар басындағы жаппада тұрады бүгінде. Нақтылап айтсақ, Алатау ауданының Байбесік пен Ұлжан-2 ауылдарының арасындағы каналды бойлап Барахолкаға баратын аяқ жолдағы, Тереңқара өзені ағып жатқан сайдағы эскалада-көпірдің басында.

 

Осы жердегі заңсыз салынған үй жалғыз бұл емес. Мынау көршілері одан да төмен сай табанына жақын, өзеннің жағасын қоныс еткен

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің іздеп келгеніміз жар басындағы жалғыз үй еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл үйде көп адам тұрады, дені әйелдер, жас қазақ келіншектер деп естігенбіз. Олардың маскүнем екенінен, күнкөрістерін жезөкшелікпен айыратындарынан да хабардар болатынбыз. Бізді бір топ сәби қарсы алды. О, тоба! Мынау тоқ заманда, ХХІ ғасырда, тәуелсіздіктің 20 жылдығында кіндік қала ару Алматының ортасында мұндай сәбилерді көреміз деп тіпті ойлаған жоқпыз.

 

 

 

 

 

 

 

Қалтамыздан алып берген тәтті-кәмпитке құныға кіріскен алты сәби күнделікті көріп жүрген көп қонақтарға балады ма, бізге мән бермеді. Бұлардың келіп-кеткен, әрі-бері өткен адамдарға көздері  әбден үйренгені байқалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйдің иесі осы әйел көрінеді. Аты Гуля.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал мынау оның қызы Динара. Жасы жиырмаға жетпепті. Соған қарамастан ана жүрген сәбилердің екеуі соныкі екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мына келіншек атын айтқысы келмеді. Тек «Өскенменнен, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылынанмын. Екі балам бар. Мына келіншектер бәріміз туыспыз, найманбыз» деді. Ол өзінің қонаққа келгенін, біраз күннен бері қаражат болмай кете алмай жатқанын айтып еді, қызыңқырап алған Гуля тәтесі өтірігін бірден жоққа шығарып, «байынан ажырасып осында келгеніне бәлен ай болды» деп ақтара салды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәбилердің халі өте аянышты. Кір-қожалақ киімдеріне, салтақ-салтақ бет-ауыздарына қарап бұлардың жуынбағандарына қанша уақыт болғанын шамалай беруге болады. Маңайдағы бұралқы кұшіктермен қолдарындағы нанын бөлісіп жеп, күл-қоқыстың арасында балалық шақтары өтіп жатыр. Қазан-ошақ, бала-шаға, күл-қоқыс, ит-күшік бәрі араласып кеткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мына баланың анасы жоқ болып кеткеніне екі күн болыпты. «Ылғи сөйтеді. Салдақы немелердің балаларын бағатын мен «мать Тереза» секілдімін. Рахметіне 100 грамм ала келуді де білмейді» деп Гуля тәте мұңын шақты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Шай қоятын жағдайым жоқ, арақ ішем десеңдер кіріңдер» деп қонақжайлық танытты. Бірақ жарығы жоқ, суы жоқ, талайдан бері жөндеу көрмеген үйінің ішін суретке түсіруге үзілді-кесілді қарсы болды. Дегенмен...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қабырғада

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дастархан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыста мына пештің қаншалықты пана болғаны белгісіз, қазір аузы-мұрны қоқысқа лық толыпты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жатын бөлме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келімсек көп қонақтың біреуі қорылдап ұйықтап жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Маңайдағы ағаштардың бұтақтары отынға айналыпты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тып-тыныш «әңгімемізді» сырттан шыққан төмендегі көрші апайдың айғайы бұзды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оның шамына тиген Динара екен. Маңайдағы қоқысты жинаңдар деп жекіре айтқан зіліне орысша жақсылап тұрып балағаттап жауап беріпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» деді ме Гуля көрші тәтесі қаһарын төгіп тұрған қызына бірінші болып өзі жұдырық жұмсады. Сосын көрші тәтесін сабырға шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оны солай істеуге қолына балға, құлағына телефон ұстап шешесінің соңынан жеткен ұлы мәжбүр еткен секілді. Көрші тәтейдің үлкенді-кішілі қалған үш ұлы ағаларының қимылын бағып тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірілердің өлімге тең ісіне сайдың арғы бетіндегі өлілер мекені үнсіз телміріп қалғандай. Дегенмен, олардың да жетісіп жатқаны шамалы секілді. Зираттың айналасы қоқыстан аяқ алып жүргісіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көршілердің дауы көпке созылмады. Гуля мен көрші тәтейдің мұңдары бөлек болғанымен, «сырлары» бір екенін екеуінің ас үйден күлімдей шыққанынан байқадық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төрт ұлын бір өзі асырап отырғанын айтқан көрші тәтей көпір астындағы үйлерін де өз күштерімен салып алғандарын мақтана жеткізді. Әлгі балға ұстап жүрген үлкен ұлы мектепте оқымаған екен. Бала күнінен осы сайда сиыр бағып өскен. Сол жайылымдықтар енді өздеріне мекен болыпты. «Үкіметтен еш көмек алмаймыз, 18-ге толмаған екі ұлыма жәрдемақы алу үшін әкімшіліктің есігін тоздырдым. Бірақ біз секілділерді табалдырықтан әрі аттатпайды екен» деп мұңын да шақты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлкендердің ұрыс-керісі балаларға еш әсер етпегендей. Әрқайсысы өзінің бала қиялымен жүр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысты осы жыртық етікпен өткізген мына қыз табаны түсіп қалған етікті енді қанша сүйретер екен... Көршілері оның қыста суға барамын деп жардан домалап кеткенін айтты. Қар қалың болған соң аман қалыпты. «Қарыным ашып тұр, аға, обед деген немене?» деп сұрайды бізден.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Не «обед» пісірілмейтін, не шәй қайнатылмайтын, күшіктердің итаяғына айналып, шешелерінің тепкісіне түскен шәйнектен аштықтың өшін алғандай өзі домалаған жар басынан құлаштап тұрып төменге лақтырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы