Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні және Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні

Дата: 12 апреля 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА.  12 сәуір.  ҚазАқпарат  — Бүгін  — Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні. Бұл атаулы  күн 1968 жылдың қарашасынан бастап Халықаралық авиация федерациясының шешімімен бекітілген.

Бұл ерекше күн — қазіргі күні ғарыш пен ғылым саласында қызмет ететіндердің салтанатты күні болды. Тұңғыш ғарышкер — Юрий Алексеевич Гагарин бұл сапарға қазақ жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан аттанды. Байқоңыр басты  ғарыш айлағына айналды, ол жерден совет кемелері, сосын ресей мен шетел кемелері ғарышқа аттанды.

Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген: оған дейін ешкім ашық космоста бірінші ұшу кезінде бір тәуліктен аса уақыт болған емес.

Ал Біріккен  Ұлттар Ұйымының Бас  ассамблеясы өткен аптадағы   65-ші сессиясында  12 сәуірді    — Адамның ғарышқа   ұшуының  халықаралық  күні   деп жариялады.    «1961 жылы 12 сәуірде  адамзат  ғарышқа   алғаш  рет ұшты,    ол  сапарды   Юрий Гагарин  — кеңес азаматы     жасады.   Осынау  тарихи оқиға  барша   адамзаттың игілігі үшін     ғарыш кеңістігін  зерттеуге  жол  ашты»,  делінген      қарарда.  Осыған байланысты БҰҰ Бас ассамблеясы 12 сәуірді — Адамның ғарышқа ұшуының   халықаралық күні деп  жариялап отыр.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы