Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бізге ығыт тасталды — Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко

Дата: 12 апреля 2011 в 08:40

МИНСК.  12 сәуір.  ҚазАқпарат  /Айтуар Мамлин/ — Минск метросында  болған  жарылысқа  байланысты Беларусь Президенті кеше  түнде,   оқиға орнында   болып  келгеннен кейін  шұғыл кеңес өткізді.

Бұл туралы  Беларусь мемлекеті басшысының    баспасөз қызметінен  хабарлады.

«Әрбір  зардап шегушіге    дереу көмек  көрсетілуі керек. Тергеудің   нәтижелері   күн  сайын    шығарылуы, адамдарға  толыққанды  ақпарат беруіміз  керек.   Бізге   ығыт тасталды.   Біздің еліміздің  тұрақтылығын  бұзу   біреулерге     тиімді.    Тыныш  өмір    енді бізге жоқ.     Осыған    барабар жауап     табылуы керек.    Жауаптыларды   тезірік   табуларыңызды   сұраймын»,  деп мәлім етті  А.Лукашенко.

ҚазАқпарат  бұған дейін хабарлағандай, кеше, 11 сәуір күні   жергілікті уақыт бойынша  17.55-те Минскідегі «Октябрьская»    метрополитен стансасында     жарылыс болды.  Бомба   адамдар  көп   жүретін    кезде   және   Минск  метрополитеніндегі  жолаушылар ауысып  отыратын   жалғыз    бекетте  — «Октябрьская» және  «Купаловская»  стансаларында  екі  пойыз тұрған  кезде     жарылған.

Куәгерлердің айтуынша,  платформада  алдымен   қатты тарс еткен    дыбыс естілген,  одан кейін   қара түтін   шыққан,  оқиға орнына  дереу  өрт сөндірушілер,  30 шақты   жедел жәрдем көлігі, милиция  қызмткерлері жеткен.

Жарылыс салдарынан  11 адам қаза болған,  100-ден  астам адам жараланған   Ауыр   жарақат алғандар да бар.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы