Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Теміртау тұрғыны бұрынғы күйеуін өлтіруге Т450 мың төлеген

Дата: 08 августа 2011 в 21:04 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағанды. 8 тамыз. ҚазТАГ — Теміртау тұрғыны «киллерге» бұрынғы күйеуін өлтіруге Т450 мың төледі, деп облыстық ІІД хабарлады.

«55 жасар Теміртау тұрғыны полицияға өз айыбын мойындап келді. Одан кейін адам өлтірген азамат пен ортада делдал болған әйел де тұтқындалды», — деп облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жаңатай Сембеков дүйсенбі күнгі брифингте мәлім етті.

Полицияның айтуынша, қылмыс бұдан бір ай бұрын орындалған. 15 шілдеде Теміртаудағы көпқабатты үйлердің аулаларының бірінде пышақталып тастаған 50 жасар адамның өлі денесі табылды.

«Зардап шегушінің бұрынғы әйелі күйеуін өлтіруле тапсырма берген жоқпын дейді. Оның айтуынша, ол өзінен ақша талап етіп жүрген бұрынғы күйеуін соққыға жығуын сұрадан. Олар 2004 жылы үйленіп, құрылыс-жөндеу фирмасын ашады. Одан кейін күйеуі ішімдікке салынып, әйеліне қол жұмсай бастайды. 2010 жылы олар ажырасып, мүліктерін бөліседі. Бұрынғы әйелдің айтуынша, ер азамат одан кейін баспанадан да, фирмадан да айрылып, әйелден ақша талап ете бастаған», — дейді Ж. Сембеков.

Тергеу болжамында ол әйел таныс әйел арқылы қылмысты орындаушыны тапқан. «Ол бұрын есірткіге байланысты сотталған Теміртаулық азамат болып шығыпты. Алдымен тапсырыс беруші оған $300 төлеген, бірақ ол ер азамат қателесіп, басқа біреуді соққыға жыққан. Одан кейін іс ақырына жеткен соң, бұрынғы күйеуінің өлгеніне көзі жеткен әйел қылмыскерге Т450 мың төлеген», — деді Ж. Сембеков.

Полиция мәліметтерінше, қылмысты орындаған «киллер» айыбын мойындап, одан қылмыс қаруы — пышақ алынған.

«Қазір сол қылмысқа қатысты деп күдіктелген екі әйел мен ер азамат қамауға алынды. Олар тергеу абақтысына жабылды. Тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс адам өлтіру фактісіне қатысты ашылды. Кейін іс тергеуі аяқталған соң, ұсталғандардың жазасы жеке анықталады», — деді Ж. Сембеков.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы