Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Құттықтау жеделхаттарын жолдады

Дата: 18 ноября 2011 в 08:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 18 Қараша, 2011

Құттықтау жеделхаттарын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фран­цияда ауыр атлетикадан өткен әлем чем­пио­на­тында тамаша жеңіске қол жеткізген қазақ­стан­дық спортшы Зулфия Чиншанлоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

«Францияда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында қол жеткізген тамаша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жеңістің жолы оңай болмаса да, сіз қазақстандықтардың үмітін ақтадың­ыз, біздің құрамаға алғашқы алтын медальды алып бере отырып, әлем рекордын жаңарттыңыз. Бұл сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен жеңіске деген айрықша ерік-жігеріңіздің нәтижесі екені сөзсіз.  Сіздің жетістігіңіз Тәуелсіздігіміздің 20 жылындағы Қазақстанның толайым табыстарына қосылған қомақты үлес болды әрі елімізде ауыр атлетиканың дамуына жақсы серпін берді. Алтын медальды иеленіп қана қоймай, сіз, спорт­тық кәсіби өміріңізге  жаңа да жарқын жол аштыңыз. Алдағы уақытта да осындай жеңістер биігінен көріне беретініңізге сенемін. Сізге бұдан да зор спорттық табыстар мен ізгі жақсылықтар тілеймін!», – делінген құттықтау жеделхатында.

*  *  *

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Францияда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпио­на­тында тамаша жеңіске қол жеткізген қазақ­стандық спортшы Илья Ильинге құттықтау же­дел­хатын жолдады.

«Сіз өз жеңімпаздарын, туған елін мақтан тұтатын миллиондаған отандастарымыздың үмітін кезекті рет ақтадыңыз. Қазақстанның спорт державасы ретіндегі мәртебесі тағы бір рет дәлелденіп, беделді әлемдік бәсекеде туымыз көкте желбіреді, әнұранымыз шырқалды. Сіздің жеңісіңіз бүкіл қазақстандықтарға Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңындағы тамаша тарту болды. Жеңіске деген сіздің ерік-жігеріңіз, қайсар рухыңыз бен қажыр-қайратыңыз, шеберлігіңіз бен табандылығыңыз барша қазақстандық спортшыларға үлгі-өнеге болады деп сенемін. Спортта жаңа биіктерге жете беруіңізге тілектеспін!», – делінген құттықтау жеделхатында.

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті