Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бәріміз бақытты болайық

Дата: 01 января 2012 в 11:02

Жексенбі, 1 Қаңтар, 2012

Бәріміз бақытты болайық

Өмір жылжып өтеді. Шір­кін уақыт 2012 жылдың да есі­гін қағуға нәсіп еткен екен. Тір­шіліктің жаңа бастауы ғой бұл. Күні кеше, Қазақстанның ең үлкен мерекесі – Тәуел­сіздік күнінде Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев омырауыма «Отан» орденін қадаған еді. Көзіме жас келді. Балқар ба­ласының «қызыл вагонда» тер­бетілген ке­шегі тау­қы­ме­ті жү­ре­­гім­ді тіліп өткен­діктен болар… Тәуелсіздік­ті қазақтар ғана емес, бүкіл қа­зақ­стан­дық­тар­дың аң­саға­ны ақиқат.

Тә­уел­сіздік ұмтылған адам­ның үмітін ақтап, мүмкіндігін кеңейте түсті. Қазақстан тәуел­сіздік алмай тұр­ған қоғамда да шаруашылық басшысы болған­дықтан, арғы-бергі жағдайларды басынан өткерген адам ретінде, осының барлығы оңай болмаған­дығын еске салғым келеді. Кеңес Одағы қағаз қа­лашық сияқты, бір мезетте және бір сәтте құлай салды. Халықтың ұлылығы, халық ұлы – Нұр­сұлтан Әбішұлының рух биіктігі бүгінгі гүлжазира өмірге алып келді. Ендігі жерде кеудесінде жаны бар азамат, жаңа елдің ерен­дері егіл-тегіл қи­мыл­ға кі­рісіп, елеулі жетістік­терді еңсе­руде. Мен көптеген шет елдерде іс­сапармен бол­ғандықтан, Қазақ­стан­ның аты жаһан дүниеге мәш­һүр екен­дігін жақсы білемін.

«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» депті ұлы ақын­дарымыздың бірі. Бұл – көре­ген­дік. Тәуелсіздікпен құрдас балалардың өзі жиырмаға толды. Сендер Қазақстан тәуел­сіздігінің қызметкерле­рісің­дер. Біздің ұлы елімізде жүз­ден астам ұлт пен ұлыс өкіл­дері бейбіт қатар өмір сүруде. «Отан оттан да ыстық» деген­ді қазақ халқы қалыпта­с­тырған. Баршамыздың өмірі­міз ақжа­рылқап көңіл мен адал амандасудан тұрады. Мі­не, есігімізді қағып ұлу жылы да келді. Бәріміз бақытты бо­лайық. Аталардың ақжарыл­қап тілегі қабыл болсын!

Ибрагим ЖАНҒОРАЗОВ, Социалистік Еңбек Ері, «Ижевский» ӨК бас директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Ақмола облысы, Аршалы ауданы.

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті