Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қажымұқан Ғабдолла. Тамырлы дерттің тәлкегі

Дата: 14 августа 2012 в 14:24 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қажымұқан Ғабдолла. Тамырлы дерттің тәлкегі

Жоқ! Бұл жерде үндемей қала алмаймын. Менің ниеттес ағаларым Жармақан Тұяқбай мен Әміржан Қосановтардың табақтастары Петр Своиктің ірік ауызынан шыққан — шірік сөзіне тойтарыс бермей, ұйықтай алмаймын.

Ана тілімді қорлап жатқанда үнсіз қалғаным — туған анамды қадірлемеу борлып табылады. Қазақ Елінің асын ішіп, аяғын теуіп ауызына келгенін оттаған Петр Своиктей сайтандарды төрімізге шығарған да өзіміз...

Қазақ Үкіметін тағы бір сұм келімсек Сергей Терещенко басқарып отырғанда, үлкен лауазымдарға дейін өскен Петр Своик, шынтуайтына келгенде, түкке тұрғысыз біреу. Бірақ, менің Жармақан мен Әміржан ағаларымның көңілдеріне келмесін, Своиктен «сұлтан» жасағысы келгеннің басында торғайдың миындай да ми жоқ!

О баста орыс тілін «ұлтаралық қатынас тілі» деп қабылдау — ірі саяси қате болды. Енді 5 жылдан кейін Америкада бір балабақшаның балаларын түгел қылқындырып-қырып келген бір нашақор-қылмыскер «Қазақстанда үш тілдік саясат» деп мыңғырлап, Петр Своик секілді қазақ тілін үшінші сатыға түсіріп, ағылшын тілінің мемлекеттілігін талап етуі әбден мүмкін. Сонда біздің есектің миын жеген шенеуніктеріміз не дер екен?..

Қазақ Елінің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында-ақ Премьер-Министр Сергей Терещенко мен оның Петр Своиктай құйыршықтары қазақ тілінің тамырына балта шапты. Тәуелсіздіктің буына қуанған қазақ хас дұшпанның қастығын аңғармай да қалды.

Сол кезеңнен бері Қазақ Үкіметін Иманғали Тасмағамбетовтен басқа таза қазақша білетін адам басқарған жоқ. Қазақ тілін өркендету жөніндегі Имекеңнің барлық бастамаларының жолын Президент Әкімшілігіндегі келімсектер мен шалақазақтар әрдайым кесіп отырды.

Ал, қазір Кәрім Мәсімов үштілдік саясатты айтып сайрап жүр. Бұлай кете берсе, ертең қытайдың тіліне «мемлекеттік мәртебенің» кезегі келетін сияқты...

Әу баста, орыс тіліне «ұлтаралық қатынас тілі» мәртебесін бермеу керек еді. Күні кеше пайда болған «үш тілділік» дейтін дүбәраны құрсағында тұншықтыру қажет болатын. Тағы да Мұқтар ШАХАНОВ ағам жас сәбидей шырылдап-шырылдап шаршады...

...Вашингтон, Лондон, Пекин, Мәскеу және Қазақстан Президентінің Әкімшілігіндегі келімсектер мен шалақазақтар барлық күш-қуаттарын Мұқтар ШАХАНОВҚА қарсы күреске сарп етті. Әйткенмен, көшпендінің киелі рухы болмысынан өшпеген күллі қазақ қайсар перзенті Мұқтар Шахановты қуаттаған соң, қазақ тілінің дұшпандары карт-бланш алды. Мінеки, араға бірнеше жыл салып, сасықкүзендер жердің астынан қылтиып, құлақтарын көрсетті...

Меніңше, мәселе жалғыз Петр Своикта емес, мұндай ішінен тынған дұшпандар арамызда қаптап жүр.

Басты міндет — орыс тілі мен ағылшын тілінің қыстырылған «мәртебесымақтарын» дереу заң жүзінде біржола жою керек. Қазақ Елінің жалғыз ғана мемлекеттік тілі — қазақ тілі болып қалуға тиіс. Бұдан басқа әңгіменің бәрі бос сандырақ! Сандырағы көп елдің — арғымағы аз болады..

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы