Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мемлекеттің бір байлығы – мұрағат

Дата: 01 октября 2012 в 09:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дүйсенбі, 1 қазан, 2012

Мемлекеттің бір байлығы – мұрағат

Қызылордада «Ақпараттық Қазақстан – 2020: Электронды құжаттарды қалыптастырудың және сақтаудың өзекті мәселелері» атты республикалық кеңес өтті. Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақасы аясында ұйымдастырылған шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, облыс әкімі Болатбек Қуандықов, Ақпарат және мұрағат комитетінің, республикадағы мұрағат мекемелерінің, мұрағаттар және құжаттама басқармаларының басшылары, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысты. Онда алдымен аймақ басшысы осы салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, шешімін күткен мәселелерді ортаға салды. Елімізде алғашқылардың бірі болып «Электронды мұрағат» бағдарламасы біздің облысымызда жүзеге асырыла бастады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 33 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалып, тұтастай бағдарламалық өнім, соңғы үлгідегі техникалық құралдар алынып, мамандар тартылды.
Ал Дархан Қамзабекұлы «Мұрағат – мемлекетіміздің байлығы. Жылына басқа елдерден Қазақстан мұрағатына 4 жарым мыңдай сұраныс кеп түседі. Бұл – жоғары көрсеткіш. Сондықтан біз қолда бар құжаттарды бағалай білуіміз керек. Мұрағат мәдениетін қалыптастыруға бір кісідей жұмылуымыз керек» деді. Сондай-ақ министр игі іске сауатты әрі өз ісіне берілген мамандарды кеңінен тарту қажеттігін де қаперге салды. Және өз кезегінде облыстық мұрағатқа көрнекті мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың құжаттарын табыс етті. Шара барысында Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімовтің, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің құжаттары салтанатты түрде қабылданды. Аймақ мұрағатшылары бүгінде осындай құнды деректерді автоматтандырылған жүйеге көшіруге жұмыс жасап жатыр.

Ержан БАЙТІЛЕС,
Қызылорда.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті