Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Саналы қоғамнан сапалы қоғамға жол

Дата: 08 октября 2012 в 12:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дүйсенбі, 8 қазан, 2012

Саналы қоғамнан сапалы қоғамға жол

Алматы қаласында «Сапа арқылы дамуға!» деген тақырыппен VII халықаралық сапа форумы тұсауын кесті.

Форумға АҚШ, Жапония, Израиль, Ресей, Белорусия, Украина мен Латвия елдерінің мемлекеттік қызмет және бизнес құрылымдарының өкілдері қатысуда.

Қала әкімі Ахметжан Есімов форум қонақтарына Қазақстанда үдемелі индустриалық бағдарламаның екпінді жүргізіліп отырғанын және мемлекет тарапынан бизнес құрылымдарына үлкен қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ, еліміз Кеден одағына мүше болу арқылы халықаралық менеджементті дамытып, отандық тауарлар мен сапалы өнімдердің шет елдерге тарауына кеңінен жол ашылғандығын да сөз етті.

Алматы қалалық әкімдігі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы сапа лидерлері ассоциациясы бірлесіп өткізіп отырған бұл форумда Америка, Германия, Ресей, Израил, еуропа сапа ұйымы кеңесінің (EOQ), Америкалық сапа ұйымы (ASQ) және Еуропалық Сапа Басқармасы Қорының білікті мамандары әлемдік сапа мәселесі туралы талдау жасады.

Отызға тарта шетелдік сапа ұйымдары мен Алматы қаласында орналасқан өнеркәсіп, сауда және білім салаларының 330 басқарушы өкілдері қатысып отырған бұл жиында тауар өндіру мен қызмет көрсету ісін сапалы ету тетіктері тиянақты пысықталды.

Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті