Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Аңсар МҰСАХАНОВ, Алматы облысының әкімі: Жері абат, елі жомарт Жетісу

Дата: 01 ноября 2012 в 08:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бейсенбі, 1 қараша, 2012

Аңсар МҰСАХАНОВ, Алматы облысының әкімі: Жері абат, елі жомарт Жетісу

Тәуелсіздіктің де жиырма бірінші жылын еңсеріп, еңселі ел атандық. Дәл осы бір аз ғана уақыттың ішінде бірнеше ғасырға жүк болатын кезеңнен өттік десек, асыра айтқандығымыз болмас. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде алдымыздан шыққан сын сағаттардан сүрінбей өтіп, бұл күнде әлем санасатын дәрежеге жеттік. Мұның бәрі де «Елбасы біреу, халқы оған тіреу» қағидасын берік ұстанғанымыздың жемісі екені де ақиқат. Ұлт Көшбасшысы ел тізгінін қолына алған тұста: «Әуелі экономика, содан кейін саясат», дегенді текке айтпаса керек. Неге десеңіз, еңселі елге айналу үшін алдымен сол мемлекеттің қуатты экономикасы болу керектігі көзі ашық, көкірегі ояу жандардың қай-қайсысына да түсінікті. Ал экономикасы дамыған елдің әл-ауқаты да жоғары болатыны ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Экономикалық әл-ауқаты тұрақты ел өзінің ішкі және сыртқы саясатында да өзге елдермен иық тіресе алатын дәрежеге жететінін көзіміз көріп, әр сәт сайын куә болудамыз. Бұл күнде алты құрлыққа атағы шыққан Қазақстанның қарқынды дамуына Асан қайғы бабамыз бағалағандай жәннатты мекенге айналған жері абат, елі жомарт Жетісу жұртшылығының, анығын айтқанда, Алматы облысының қосқан үлесі де қомақты екені даусыз.

Ел дамуының күре­та­мы­ры. Жер көлемі жағынан да ал­дыңғы қатарда тұрған бұл аймақ ертеден-ақ ауыл шаруашылығы саласына қолайлы өл­ке екені белгілі. Алатау баурайына ор­наласқан алып шаһар Алматы маңындағы өнеркәсіпті аудандардан бөлек, шалғайда жатқан өңірлерде де экономикалық да­мудың қарқыны ерекше байқалады. Со­ның бірі ретінде ғасыр жобасына айнал­ған, Райымбек ауданындағы «Мойнақ» су электр стансасын айтуға болады. Бұл нысан Елбасының тікелей қадағалауымен жүзеге асты. Еліміздің оңтүстік өңірін­дегі энергия тапшылығын жою және оң­тайлы электр қуатының қорын жасақ­тау мақсатында салынған жаңа СЭС қазіргі таңда тұрақты жұмыс істеп, өз жемісін беруде. Ғасыр жобасының ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы келіп, облыс қана емес, республикамыз үшін аса маңызды құры­лыстың аяқталуымен құттықтап, жы­лы лебізін білдіріп, екінші су агрегатын іске қосқан. Жалпы құны 54,1 млрд. теңгені құрайтын «Мойнақ» СЭС-інің құрамын­дағы «Бестөбе» су қоймасына 238 млн. текше метр су жиналып, қуаты 300 мВТ. болатын электр жарығы алынады.

Алматы облысы іргеміздегі Қытай Халық Республикасымен  сауда-саттық қа­рым-қатынасты нығайтуға бірден бір мүмкіндік беретін аймақ екені белгілі. Осы мақсатта «Жетіген-Қорғас» темір­ жо­лының қазақ даласындағы ең шеткі нүктесі «Алтынкөл» бекетінің салтанатты түрде ашылып, іске қосылғанына көп бола қойған жоқ.  Ел өміріндегі тарихи сәтке куә болған Президентіміздің: «Алматы облысында ең үлкен екі құрылыс аяқталды. Оның біріншісі – «Алтынкөл» стансасы, сол үшін «Қорғас-Жетіген» те­мір ­жол стансасы салынған, биылдан бас­тап, енді Қорғас пен Алматының ара­сын­дағы автокөлік жолы болады. Сонымен, Қытай Халық Республикасымен сау­да-саттық қарым-қатынасымыз одан әрі артып, өседі. «Қорғас» берік экономи­ка­лық аймағы болашақта үлкен қала болады. Ол жерде әуежай, өндіріс орындары, тұрғын үй салынып, үлкен қалаға айналады», – деген бағдарламалық сөзі уақыт өткен сайын іс жүзіне айналып келеді. Атап айтар болсақ, Панфилов ауданының орта­лығы Жаркент қаласының маңынан жаңа «Нұркент» қалашығы бой көтеріп, ел игілігіне берілді. Ол жерге қоныс­тан­ған теміржолшы отбасылары үшін  бар­лық жағдай жасалған. Жаңа жұмыс орындары ашылып, арнайы мамандар қо­ныстан­дырылды. Кеденші, теміржолшы және шекарашыларға арналған жаңа тұрғын үй кешені, 600 орындық мектеп, 240 орын­дық балабақша, күн сайын 100 адам қа­ыл­дайтын емхана, 70 орындық жа­тақ­хана, тұрмыстық қызмет көрсету ком­би­наты мен сауда орталығы, өрт сөндіру депосы салынды. Сонымен бірге бағдар­лама бойынша салынған 25 үйге Панфилов ауданының алты ауылынан және Райымбек ауданының Мыңжылқы, Қызыл­жар ауылдарынан отбасылар арна­йы көшіп келді. Бұлардың барлығы да жа­ңа жұмыс орындарына орналастырылды.

Алматы маңындағы аудандарда ірі өндіріс орындары ашылып, экономи­ка­ның күретамырына қан жүргізуде. Мысалы, Іле ауданындағы «Алматықұс» ЖШС облыс тұрғындарын тауық етімен және жұмырт­қамен қамтамасыз етуде. Ал Тал­ғар ауда­нындағы «Hyundai Auto Trans» автокөлік құрастырушы кәсіпорны отан­дық шағын жүк көліктері мен автобустарды құрастыру жұмыстарын жүргізеді. Елбасының 2010 жылғы Оңтүстік Корея­ға ресми сапары кезіндегі келісімшарттар негізінде жүзеге асқан жаңа жоба осы уақыт аралығында жүзге тарта адамды жұмыспен қамтып, 2015 жылға қарай ав­токөлік өндіру және басқаруға мамандан­ған қосымша 200-ге тарта жұмыс орнын ашуды жоспарлауда. Бұл зауыттың да жұмысы Президентіміздің тікелей қа­даға­­лауында. Зауыт 19 және 28 орындық «County» маркалы шағын автобус шығарады.

Облыс экономикасын дамытуда Үде­мелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тигізер ықпалы зор. Жалпы аймақтық индустрияландыру картасы бойынша 43 жобаны жүзеге асыру көзделген. Олардың жалпы сомасы 319 миллиард теңгеден астамды құрайды. Кейінгі екі жылда 22 нысан пайдалануға беріліп, жұмысқа кірісті. Ағымдағы жыл барысында тағы 14 жоба жүзеге асы­рылмақ. Олардың жетеуі, атап айтқанда «Универсал» ЖШС полипропиленді қап­тар шығаратын, Көксу ауданындағы «Далабай» кенішіндегі құрамында алтыны бар кенді қайта өңдейтін және Іле ау­да­нындағы автокөліктерге арналған фильтрлер шығаратын зауыттар, Іле ауда­нындағы «Элеас» зауыты мен Талғар ауданындағы сұйық дәрі-дәрмек түрлері өндірісі бойынша екі фармацевтикалық зауыт, «Байсерке-Агро» ЖШС Панфилов ауданындағы 4 гектарлық және Қапшағай қаласындағы 5 гектарлық екі бірдей жылы­жайы да аймақтық индустрияландыру картасы аясында бірінші жарты­жыл­дық­та іске қосылды.

Бұған қоса, республикалық индус­трия­ландыру аясында Алматы облысында 33200 жұмыс орнын құруға бағыт­талған, 1,6 трлн. теңге сомасындағы 4 инвес­тициялық жоба орындалуда. Бұлар – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін қайта құру, Балқаш ЖЭС құрылысы, «Қорғас» шекара маңы ын­тымақтастығы халықаралық орталығын құру және «GROWING CITY» серіктес қала құрылысы.

Жалпы облыс аумағында Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аймақтарды дамыту мемлекеттік стра­тегиясының шеңберінде 4 серіктес қала­лар құрылысын жүзеге асыру көзделген. Үш кезеңмен жүзеге асырылатын бұл жобаның алғашқы кезеңінде «Gate City» және «Growing City» қалаларының ин­женерлік инфрақұрылымына республи­калық бюджеттен 2009-2011 жылдары 10,75 млрд. теңге бөлініп игерілсе, би­ылғы жылы 4,06 млрд. теңге қарасты­рылып, өткен тоғыз айдың ішінде соның 3,29 млрд. теңгесі игерілді. Бүгінгі күні төрт қаланың бас жоспарлары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, техника­лық-экономикалық негіздемелері, бірінші серіктес қаланың алғашқы кезеңдегі және инженерлік инфрақұрылым нысандары құрылысының жобалық-сметалық құ­жат­тары жасалды. Бірінші серіктес қаланың алғашқы кезеңдегі электрмен және газбен қамтамасыз ету нысандары мен құрылыс барысында жолдарды абаттандырудың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргі­зілуде.

Мұндай ел игілігі үшін атқарылып жатқан нақты қадамдар өңірді газдандыру ісінде де жүзеге асырылып келеді. Соның бірі жуырда басталған тарихи жоба – «Алматы-Талдықорған» магис­траль­ді газ құбыры құрылысының нәтиж­есінде Талды­қорған өңіріне бұған дейін бол­маған «кө­гілдір отын» жеткізілмекші. Сөйтіп, облыс орталығы Талдықорғанды қосқанда жалпы саны 500 мыңға жуық тұрғыны бар өңірдегі 3 қала мен 7 аудан газбен қамта­масыз етілетін болады. Оған бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

 

Төрт түлігі төскейге өр­ген. Табиғат ерекшелігіне орай Алматы облысы ауыл шаруашылығына қолайлы ай­мақ. Өзенді-көлді, таулы-қыратты даланы дұрыс пайдаланған облыс жұрт­шылығы мал өсіру мен егістік алқапты игеру жолында табандылықпен еңбек етіп, инновация мен жаңа технологияны  кеңінен пайдалану арқылы шаруашы­лықтар жетістік пен нә­тижеге қол жет­кізуде. Ата-бабала­ры­мыз­дың жөн сұрас­қанда ең алдымен: «Мал-жан аман ба?»  – деп әңгіме баста­уының да сыры тереңде жатса керек. Төрт түлігін төскейге өргізіп, ішсе сусын, жесе ас, кисе киім, мінсе көлік болған жануар­дың қадірін жете ұғынған. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы алмағайып ке­зеңде, өрістен мал кетіп, иен дала қаңырап бос қалғанда бүгінгі күн бізге ертегідей көрінгені де рас. Сөйтсе де, атакәсібін қайта жалғап, аз уа­қытта иесіз қалған сайын даласына қай­тадан иелік етіп, қыс-қыстау, жаз жайлауына төрт түлігін өргізіп, ажарын кіргізді. «Үш бие – бұлақ басы, екі бие – елдің асы, бір бие – жоқ­тың қасы», деген екен мал қадірін жете білген аталарымыз.

Осы орайда, біз мал тұқымын көбейту ғана емес, асылдандыру мәселесін де қолға алдық. Бұл бағытта облыс орта­лығы Талдықорған қаласындағы «Асыл» мал тұқымын асылдандыру орталығының атқарып жатқан жұмысы айтарлықтай. Олар шетелден алдырған ірі қара тұ­қымын облыстағы шаруа қожалықта­рына таратумен айналысуда. Аталмыш орта­лық мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасы аясында шаруа қожалықтарымен бірлесе жұмыс істейді.

Жамбыл ауданындағы «Мыңбаев» және Балқаш ауданындағы «ДинарРанч» шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдандыру ісімен және бордақылаумен түбегейлі айналысып келеді. Сонымен бірге, өзге аудандарда да арнайы мал бордақылау орындары ашылып, жұмыс істеуде. Сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік болған төрт түлік мал қазақтың ертеден-ақ құты мен берекесі емес пе еді?!

Дегенмен, малды күтіп-баптау, басын өсіру оңай шаруа емес. Тарих беттерін парақтасақ, аталарымыз кең байтақ қазақ даласында «еділбай», «қаракөл», «байыс» секілді қой тұқымын да кеңінен өсірген. Кейінірек кеңестік кезеңде таулы жерге тез жерсінетін «арқар-меринос» шыға­рыл­са, «гемпшир» тұқымы Канададан әкелінген. Қазақ жеріне ең алғаш рет Мыңбаев атындағы ғылыми-зерттеу институты мамандарының бастамасымен жерсіндірілген гемпшир қойы бүгінгі күні өсімталдығымен көпшіліктің назарын аударып отыр. Елімізде мұның басын көбейтіп отырған бірден-бір шаруа­шылық – Ақсу ауданындағы «Көктем» шаруа қожалығы. Соңғы жылдары «қазақ гемпширін «америкалық суффольк» қо­йымен будандастыру жұмысы жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде жергілікті табиғатқа төзімді, тез өсетін жаңа тұқым шығарылды. Оның бойында қазіргі әлемдік тұтынушылар үшін таптырмас қасиеттер баршылық. Мысалы, бүгінгі нарық негізінен қой етінің  майсыз бол­ғанын талап етеді. Яғни, «мәрмәр ет» терминіне біздің облысымыздағы қазақ­стандық гемпшир буданы толық жауап бере алады.

Былтыр агроөнеркәсіптік кешен ең­бек­керлерінің республикалық форумында Елбасының берген тапсырмасына сай, егін шаруашылығында экономикалық тиімді дақылдардың егіс алқабы ке­ңей­тілді. Мәселен, дәндік жүгері – 3,4 мың, майбұршақ – 10,7 мың, картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 4,1 мың және азық­тық дақылдар 2,5 мың гектарға ұлғай­ды. Сондай-ақ, Жетісу өңірінде көлемін ұлғайтып, ғылымға негізделген технологиямен жаңа алма бағын отырғызу мақсатында көптеген игі жұмыс қолға алынуда. Шарапатты шаруаға Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, оған қомақты қаражат та бөлінуде. Облыс аумағында жеміс төресі, адам ағзасына пайдасы мол алма өсірумен айналысушылардың қа­тары көбейіп отырғаны да соның нәти­жесі. Сонымен бірге өңір жұртшылығына арзан азық-түлік жеткізу мақсатында әр сенбі сайын Талдықорған қаласының бірнеше жерінде «Жетісу жәрмеңкесі – 2012» өткізіліп, тұрғындардың сұраны­сын қанағаттандыруда. Бір айта кетерлігі, бұл үрдіс облыс орталығында ғана емес, Алматы және Астана қалаларында да жалғасын тапты. Оған аймақтың 16 ауданы мен 3 қаласының ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері белсене қатысуда. Дәл осы көріністерден ынтымағы жарас­қан елдің ырысы да ортақ екенін аңғаруға болады.

 

Ел ертеңі – білімді ұрпақ. Елбасымыз жылдың басты құжатына айналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында білім саласы мен ұрпақ тәр­биесін назарынан тыс қалдырған емес. Нәтижесінде республикамызда Назарбаев зияткерлік мектептері ашылуда. Соның бірі біздің облысымыздың маңдайына бұйырып, Талдықорғанның төріндегі Қа­ратал шағын ауданынан бой көтерген Назарбаев зияткерлік мектебі өз жұмысын бастағалы да үшінші жылға қадам басты. Білім мен еңбектің егіз ұғым екенін жиі айтып келе жатқан Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаев: «Қазақстанның әлеу­меттік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында осы салаға баса назар аударып: «Білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындарының  үштен бір бөлігіндейі тартылған. Мұндағы ең ма­ңыздысы біздің балаларымыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні, қалып­тасатыны және есейетіні. Бұл  әрбір отбасын толғантады. Сондықтан да бүкіл жаңғырту үдерісінің табысқа жетуінің түйінді факторы ұлттық білім беру жүйесін жаңартудың табысты өтуі болып табылады», – деп ерекше тоқталуы арқылы ел ертеңі білімді ұрпақ екенін қадап айтқан болатын. Осы орайда облыс көлемінде ұстаз беделін арттыру мен білім жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Үздік жыл мұғалімі» байқауы өткізілуде. Әр жылғы жеңімпаз «Үздік жыл мұғалімі» атанып, облыс орталығы Талдықорған қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтіне ие болып келеді. Биылғы жеңімпаз Қапшағай қаласындағы қазақ орта мектеп-гимназиясындағы тарих пә­нінің мұғалімі Нұрлан Нұрбаев та жо­ғарыда аталған жүлдеге қол жеткізді. Осы жылдың  тағы бір ерекшелігі – Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған облыстық «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын (13 млн. 952 мың теңге) Қапшағай қаласындағы қазақ орта мек­теп-гимназиясының ұжымы жеңіп алды. Бұл шараның барлығы да мұғалім­дердің біліктілігін, ынтасын, беделін арттыруға бағытталған.

Облысымызда шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беріп, дарыны мен қабілетін ашуда ұжымдық іскерлік танытып, өз абыройын биіктетіп үлгерген оқу орындары санатында Талдықорған қала­сындағы №20, 24 мектеп-лицейлерін, осы қаладағы қазақ-түрік лицейі мен Қарасай ауданындағы Абай атындағы орта мек­тебін, Талғар қаласындағы №8 мектеп-гимназиясын және басқа да көптеген білім ошағын атауға болады. Аталған мектеп түлектері ҰБТ-да жоғары балл жинап, мемлекеттік грантқа ие бол­ғандардың қатарын көбейтуде. Республика бойынша ең жоғары 125 балл жинаған 3 оқушының бірі Қарасай ауданы Абай орта мектеп-гимназиясының түлегі Айдарова Әсем өз мектебінің ғана емес, облыс мақтанышы бола білді.

Елбасы тапсырмасы бойынша «Балапан» бағдарламасы аясында да толайым жұмыс атқарылуда. Атап айтар болсақ, 16 балабақшаның күрделі жөндеу жұмы­сына жергілікті бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Сондай-ақ үстіміздегі республикалық бюджет есебінен Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласында 1200 орын­дық,  Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылындағы 600 орындық 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен барлығы 1100 орындық 8 мек­тептің құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Адам болып қалыптасуымызға жол ашқан киелі шаңыраққа құрметпен бас ию – әркімнің де азаматтық борышы. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», деген хакім Абайдың ғибратын өздерінің өмірлік мұратына айналдырған мұғалімдер қауымы – ұрпақ алдында ғана емес, ұлт алдында абыройлы еңбек етіп жүрген жандар. Сондықтан олар үшін түрлі байқау өткізіп, білімін одан әрі шыңдаумен бірге, жүлделі орындар беру арқылы марапаттап тұру ұстаз беделін көтерудің бір жолы болса керек.

 

Денсаулық – өлшеусіз бай­лық. Отбасынан басталатын Отанымыз қуатты елдердің қатарында тұруы үшін оның әрбір мүшесінің дені сау, рухы азат болуы керек. Сондықтан он екі мү­шенің амандығына, жанының тазалығы мен тәнінің саулығына әр адам өзі жауапты. Дегенмен де, мемлекеттің басты байлығы саналатын адам капиталына қолдау қа­шан да қажет екені ақиқат. Олардың дұрыс білім алуымен қатар еңбек етуі үшін денсаулығы бірінші кезекте тұрады. Бұрынғы өткендердің: «Бі­рінші байлық – денсаулық», деп ең алды­ңғы қатарға қоюының да сыры тереңде. Осы тұрғы­дан алғанда құзырлы орын­дардың біріне жататын денсаулық сақтау саласының да өз ісіне сергек әрі жауап­кершілікпен қарау керектігін Елбасы­мыздың жиі айтуы да мемлекеттің басты байлығы –   халық болашағын ойлаған­нан туында­ғаны айтпаса да түсінікті.

Алматы облысы бойынша бұл салада қыруар жұмыс атқарылып, заманауи технологиямен жабдықталған ауруханалар мен емханалар тұрақты жұмыс істеуде. Президентіміздің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында да Жетісу өңірінде көптеген емдеу орталығы ха­лыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Осы бағ­дарлама бойынша Еңбекшіқазақ және Талғар аудандық орталық, Алакөл ауда­нының Достық кентінде ауылдық және Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Алматы аймақтық балалар ауруханасы пайдала­нуға берілді. Жергілікті бюджеттен Бал­қаш ауданының Бақанас ауылында 50 тө­сек­­тік туберкулез ауруханасы іске қосылды.

Елбасының Қазақстан халқына арна­ған Жолдауындағы 350 дәрігерлік амбу­латорияның құрылысы бойынша біздің облыста 28 дәрігерлік амбулатория және медициналық пункттің құрылысы жос­парлануда. Жыл аяғына дейін 18 ден­саулық сақтау нысаны салынып, қайта жаңғырту және сейсмокүшейту жүргі­зіліп, 20 нысан күрделі жөндеуден өткі­зіледі. Бұл мақсатқа 3,3 млрд. теңге қарастырылды. Алыс елді мекен тұрғын­дарына сапалы, жоғары мамандан­дырыл­ған медициналық көмек көрсету бойынша да ауқымды істер атқарылуда. Аны­ғын айтсақ, 14 телемобильдік медицина, екі санитарлық авиация бөлімшесінің ашылуы және Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханада жұмыс істеп тұрған амбулаторлық-мобильдік кешен сөзімізге дәлел бола алады. Сол сияқты облыста қазіргі заманғы диагностикалық-емдеу аппараттары, құрал-жабдықтар, жаңа технологиямен жарақтандырылған реанимобильдер жұмыс істеуде.

Облыстық денсаулық сақтау саласы мемлекеттік «Дипломмен – ауылға!» бағ­дарламасын жүзеге асыруда жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандармен то­лығуда. Мысалы, былтыр облысқа 144 дәрігер келсе, биылғы жылы 70 жас маман жұмыспен қамтылды. Олардың басым бөлігі ауылдық жерлерге орналастырылып, көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға жеңілдікпен несиелер бе­рілді. Заман талабына сай сан түрлі технологияны меңгеріп, өз маманды­ғының шебері болуы үшін де ең алдымен білім керек. Осы мақсатта облыс әкімінің грантымен 75 жас маман еліміздің меди­циналық жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Олардың туған жеріне қайта оралып, жергілікті халыққа қызмет көрсетуі үшін көптеген жеңілдік  қарастырылып, түрлі жағдай жасалған. Мәселен, облыс орталығында медицина қызметкерлері үшін арендалық тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Әр адам саламатты өмір салтын ұс­тануды өзінен бастағаны абзал. Бұл ретте бұқаралық спорттың тигізер әсері мол. Сондықтан Елбасымыз жергілікті өңір басшыларына бұқара халықтың 30 пайызына спортпен айналысуға мүмкін­дік жасауды тапсырды. Себебі, саламатты өмір­дің жарқын жолы – спортты серік ету. Спорт – денсаулық кепілі, мемлекет ме­рейі, азаматтардың абыройы. Осы тұрғыда өңірде ауыз толтырып айтарлық жаңалықтар аз емес. Әр жыл сайын түрлі мемлекетте өтетін байрақты бәсекелерде еліміздің Көк туын желбіретіп, Гимнін қалықтатқан спортшылардың ішінде жетісулық жерлестеріміз көптеп саналады. Бір ғана ауыр атлетика бойынша үш бірдей толағай қызымыз тұманды Альбионда  өткен Олимпиадада рухымызды асқақтатып тастағанына әлем куә болды. Бұл – еліміздің жеңісі. Жалғыз зілте­міршілеріміз ғана емес, кез келген спорт­тық бәсекеде облыс намысын қорғап, Қазақстанның абыройын көтеретін ұл-қызымыз баршылық.

Қазіргі таңда Бразилияның «Оле Бразил» футбол академиясын бітіріп, сол елдің «Ботафого» клубында өнер көрсе­тіп жүрген жерлесіміз Рауан Сариевті болашақта «Жетісу» футбол команда­сының сапынан көрсек деген үмітіміз бар.

 

Достықтың мекені. Асан қайғы бабамыз өзінің желмаясына мініп, жұртына жайлы қоныс табу үшін жер дүниені кезген екен дейді, көнеден жеткен аңыз. Сонда өзендермен өрнектелген, түгін тартса майы шығатын осы өлкеден өтіп бара жатып: «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жер жәннаты екен», – депті. Әулиенің айтқан сөзі жаңылыс болмағанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Шаншыған шыбық өніп орманға айналатын осынау берекелі ай­мақ бүгіндері тәуелсіз Қазақстан халқы­ның береке-бірлігі жарасқан құт мекен, қасиетті ордасына айналды.

Ғасырлар бойы азаттыққа жету жолында азапты  замандарды бастан кешір­ген қазақ халқының бүгінгі ұрпағы, көп­тен көксеген тәуелсіздікті баянды ету үшін ауызбірлік пен татулықты сақтау­дың қаншалықты маңызды екенін жақсы сезінеміз. Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың ел бір­лігін сақтау жөніндегі сарабдал саясаты­ның нәтижесінде Қазақстан  бейбітшілік пен ынтымақтың тірегіне айналып отыр. Оған Жетісуды мекен ететін 100-ден аса ұлт пен ұлыстың өкілі түгелдей өз үлесін қосуда. Алайда, біз осы тыныштық пен татулықтың да тектен-текке келмегенін жақсы білеміз. Елбасының экономиканы қалпына келтірумен қатар ұлтаралық қатынасты қалыптастыруды көздеген сындарлы саясатын жалғастырған Алматы облысының жұртшылығы Қазақстан­ның бейбітшілік бесігі екендігін  дәлел­дей түсуде.

Жетісу жерінде 71 этномәдени бірлес­тік әр этнос өкілдерінің ұстанымы мен сенімін нығайтып, бейбіт өмір сүрудің ерекше үлгісін көрсетіп үлгерді. Түрлі мәдениет пен салт-дәстүр иелері мемле­кетті құраушы ұлт – қазақ халқының төңірегіне топтасып, өркендеудің берік негізін қалады.

Облыстағы түрлі этномәдени бірлес­тіктер өңіріміздің қоғамдық-саяси өмі­ріне белсене араласып, әлеуметтік-эконо­микалық, рухани-мәдени дамуына үлес қосуда. Өзара татулықта ғұмыр кешу, мемлекеттік тілге, қазақ халқының және басқа этнос өкілдерінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау – Ассамблеяның негізгі ұстанымдарының бірі. Бүгінгі күні бұл қоғамдық институт облыс аумағында өзіне жүктелген мін­детті тиісті деңгейде атқарып келеді.

Тәуелсіздігіміздің көк туына қол жет­кізген осы күндерде тек қана қазақтың емес, осы елді мекендейтін әрбір аза­маттың көкейінде:  «Мен өз Отаным үшін не істей аламын?» – деген сұрау жүруге тиіс.

Бүгінгі таңда Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде бағытымыз   айқын. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан­ның тұғырын биіктетіп, бейбітшілік бесігіне айналған елімізді бұдан әрі де қарқынды дамыту – ортақ мақсатымыз. Осы белестерді бағындыруда жетісулық­тар да өз үлестерін қоса бермек.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті