Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұр жауған қала

Дата: 07 ноября 2012 в 08:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сәрсенбі, 7 қараша, 2012

Нұр жауған қала

Ерке Есілдің жағасында ор­наласқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлем­дегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жі­гер, үкілі үміт, көркею, тәуел­сіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ға­сыр­дың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсе­сін көтеретін бү­гінгі жас буын­дар.
«Астана» сөзі не­гізінен парсы сөзі, қа­зақ­ша тү­сінігі астана – табал­дырық, бо­саға, кіреберіс, сарай­дың қақ­пасы, сал­та­натты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. Тарихқа бай Сарыарқаның ұлан-байтақ жерінде, қазақ жері­нің қасиетті орта­лығында мемле­кетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғы­лы­ми, саяси орта­ның шоғырлануы, Отаны­мыздың көркем, сәулетті, қуатты орда­ның дүниеге келуі игіліктің ны­шаны деп білемін.
Ел жүрегі болып саналатын «Ару қала», «Әсем қала», «Бас қа­ла» атанып жүрген мемле­ке­ті­міздің елордасы – Астана қа­ла­сы. Қаламызды тамашалауға келген әрбір адамның көңілінде ерекше бір сезім мен толқы­ныс, асқақ мақтаныш пен сар­қыл­мас ән тербеліп жатады десек қателеспеген болар едім.
Ару қаланың әрбір оралы­мы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен жасыл желек көмкерген ор­манды алқаптарда бой түзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәй­терек», «Пирамида», «Ханша­тыр», т.б. саяси және мәдени думан ор­та­лық­тары мен түрлі тарихи-мемо­риалдық кешендері алуан түрлі.
Аспалы төрт көпір («Арқар», «Марал», «Тұлпар», «Беласар») сәнін айқара ашып, сылдырай аққан Есіл де әрі өткен, бері өт­кен жол кезектерінде өзіне біздерді шақырып, көз тартып жатады. Моторлы қайықпен серуен барысында Есілдің жаға­сы­на кезек қарай отырып, көз қарықтырған қала сәулетіне тамсанумен, шексіз әсерлі сезімдерге, шабытты толғаныстар мен тебіреністерге ие боласың. Бағдар­шам белгілерінсіз ешбір көше, орам байқамайсың. Бұл қаланың архитектуралық безендірілуінің қаншалықты озық ойлы екендігін білдірсе керек-ті.
Төрткүл дүние есігін ашып қарап шыққандай әсер берген Астана төріндегі әрбір кешен шығыстық, еуропалық құрылыс композицияларынан үйлесім таба, өзіне қараушыны табындыра да, сағындыра да алған келбетке ие болған. Карта бетіне қарап, геофизикалық өлшеммен алар болсақ, Астана батыс пен шығыс өлшемінің кіндік қаласы.
Астана – Қазақстанның бас қа­ласы. Астанада оқып, білім нә­рін алуыммен, гүлденген қалада өткізіп жүрген әр күніме әрқа­шан асқақтықпен мақтанамын!

Әйгерім БИМЫРЗАЕВА,
«Археография және деректану ұлттық орталығы» РММ ғылыми баспа бөлімінің редакторы.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті