Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ресей ІІМ-і АҚШ-тағы демократияны сынға алды

Дата: 13 ноября 2012 в 01:42 Категория: Новости политики

Ресей ІІМ-і АҚШ-тағы демократияны сынға алды

АСТАНА. 13 қараша. BAQ.KZ — АҚШ-тағы жағдай Вашингтон жариялаған идеалдардан алыс жатыр. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің  «Әлемнің бірқатар елдеріндегі адам құқығының жағдайы» атты баяндамасында айтылады.

«Шешілмеген проблемалардың ең бастысы — терроршылармен байланысы бар деген күдікпен ұсталған 171 тұтқын қамауда отырған Гуантанамодағы сорақы түрме. Президент Барак Обама шексіз және сотсыз қамауды заңдастырып берді, сондай-ақ әскери трибуналдар жұмысын қайта жандандыруды санкциялады», — делінген құжатта.
Баяндамада АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі қоғамды бақылауда ұстаудың сан қилы тәсілдерін қолданып отырғаны және америкалықтардың жеке өміріне араласқаны үшін айыпталады.
«Ақ үй мен Әділет министрлігі бір мезетте құқық қорғау стандарттарының жаппай әрі өрескел бұзылуына кінәлі ОББ (ЦРУ) қызметкерлері мен жоғары лауазымды шенеуніктерді жауапкершіліктен қорғап отыр», — деп жазылады құжатта.
Сонымен қатар РФ СІМ-і қарулы қақтығыстар аймағы мен лаңкестікке қарсы операциялар барысында халықаралық гуманитарлық құқықтың бұзылуы мәселесіне де тоқталады.
Баяндамада: «Америкалық қоғамның ежелден келе жатқан жүйелі проблемалары, кемсітушілік, ксенофобия, өлім жазасын негізсіз, оның ішінде жазықсыз, кәмелетке толмаған, ақыл-есі кемдерге қолдану, сайлау жүйесінің олқылықтары, сыбайлас жемқорлық сияқты мәселелер асқына түсуде», — делінген.

 

По сообщению сайта Baq.kz