Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Expo-2017 қай елде өтеді?

Дата: 21 ноября 2012 в 07:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сәрсенбі, 21 қараша, 2012

Expo-2017 қай елде өтеді?

Бәсеке басында – Бельгия мен Қазақстан

Сонымен, EXPO халықаралық көрмесі 2017 жылы біздің Ас­танада өте ме, жоқ па? Бұл сұрақтың нақты жауабы анық­талар күн де таяп қалды. Ол ертең Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының бас  штаб-пәтерінде өтетін  жиында ХКБ-нің 157 мүше елінің дауыс беруімен белгілі болады.

Қай нәрсенің де шешуші сәтінде жүрегің лүпілдеп, қо­бал­жу күй кешетінің бар. Кеше Парижде өткен EXPO-2017 халық­ара­лық көрмесінің соңғы қоры­тын­ды баспасөз-мәслихатында да қазақстандық журналистер осы жағ­дайды бастан кешірді. EXPO-2017 көрмесіне қатысуға бізбен бәсекелестік танытып отыр­ған Бельгияның журналистері және Еуропа елдерінің бір топ баспасөз қызметкерлерінің қатысуымен өткен бұл қоры­тын­ды жиында біздің басты мақ­са­ты­мыз – қарсылас тарапқа «қа­ғыт­па» сұрақтар қойып, мінбердегі бельгиялықтардың мысын басып, меселін қайтару, керісінше, елі­міздің жеңіске лайық екендігін дәлелдеп, Астананың абыройын асқақтатуға титтей де болса үлес қосу болатын. Сөйтіп, сөз жарыс, пікір алмасулар басталып та кетті.
Жарыссөз барысында біздің ел тарапынан АСТАНА-EXPO — 2017 ХК ұйымдастыру комитеті­нің Бас директоры, Премьер-Ми­нистрдің орынбасары Қайрат Келімбетов және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов журналистер сауалдарына жауап беріп отырды. Ал Астананың басты бәсекелесі – Бельгияның Льеж қаласының мэрі Вилли Демейер мен Льеж-EXPO-2017 ХК ұйым­дас­тыру комитетінің Бас ди­рек­торы Жан-Кристоф Питеркен шықты. Сондай-ақ, екі елден келген лауазымды тұлғалар, жауап­ты министрлер қатысты.
Алфавит тәртібі бойынша ал­ғы­сөз кезегін Бельгия жағы бас­тады. Льеж қаласының мэрі В.Де­мейер өз сөзінде EXPO-2017 ха­лық­аралық көрмесіне үміткер қа­ла­ның басымдықтары мен мүм­кіндіктерін әңгімеледі. Оның сө­зін сабақтаған Ж.Питеркен Бель­гияның таңдап отырған «Әлемді біріктіре, адамдарды біріктіре, жақ­сы өмір үшін бірге» тақы­ры­бының маңызы мен мәнін, қа­жет­тілігін дәлелдеуге барын салды.
Қобалжумен күтіп отырған біздің елдің өкілдеріне де сөз кезегі келіп жетті. Сөз тізгінін қол­ға алған Қ.Келімбетов ару Ас­та­на­мыздың артықшылықтарын ай­тып, EXPO-2017 сияқты халық­ара­лық маңызы бар үлкен ша­ра­ны өткізуге деген мол мүмкін­ді­гін егжей-тегжейлі баяндады. Со­нымен қатар, баспасөз мәс­ли­ха­ты­на қатысушылардың наза­рына Астана жайындағы бейне-ролик көрсетілді. Бұдан кейін сөз алған И.Тасмағамбетов Ас­та­наның EXPO-2017 көрмесіне дайын­ды­ғы туралы кеңінен әңгі­меледі.
Баспасөз мәслихатының ал­ғаш­қы бөлігі аяқталған соң келесі кезең жарыссөз түріне көшті. Мұнда екі ел журналистері өз ел­дерінің мүддесін қорғауға шық­қан мінбердегі спикерлерге сұ­рақ­тарын жаудырып, оларды сөз­ден тұтылтуға тырысып жатты.
Әрине, Астанада EXPO-2017 халықаралық кәсіби көрмесін өт­кізуге қазіргі уақытта жалғыз бә­секелесі – Бельгияның Льеж қа­ла­сы өте беделді қарсылас. Бұған дейін де Бельгия EXPO көрмесін өз аумағында бірнеше рет өт­кіз­ген. Сол себепті дауыс беруде бұл елдің тәжірибесі ескерілуі мүмкін. Сондай-ақ, баспасөз-мәслихаты барысында Еуропа­ның қақ ортасында орналасқан Бельгияның географиялық орны үлкен рөл атқаруы ықтимал екендігі де айтылды.
Қазақстан да Бельгия сияқты жеңістен үмітті. Астананың да өзіндік мүмкіншіліктері мен өз ерекшеліктері баршылық. Басты­сы, біз жеңер болсақ, көрме тұң­ғыш рет Орталық Азияда өте алады. Қазақстан құрлықтың дәл ортасында орналасқан. Сонымен қатар, ол Еуропа мен Азия ара­сындағы көпір іспеттес екендігін де ұмытпаған абзал.
Тарихқа шегініс жасасақ, Ха­лық­аралық көрмелер бюросы 1928 жылы 22 қарашада Париж қаласында қол қойылған Халық­ара­лық көрмелерге қатысты конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізінде құрылған. Ал ең алғашқы әмбебап халық­ара­лық көрме 1851 жылы Ұлыбри­та­ния­ның астанасы Лондонда өт­кен екен. Содан кейін 1889 жылы Парижде өтіп, оның нәтижесінде дүние ғаламаттарының қата­ры­нан саналатын Эйфель мұнарасы дүниеге келген еді. Сонымен қатар, әлемнің әйгілі қалалары Вена, Амстердам, Брюссель, Барселона, Сент-Луис, Турин және Филадельфияда өткен әмбебап көрмелер ХКБ тарихында ең та­быстылар қатарында қалды. Қа­зіргі таңда Халықаралық көр­ме­лер бюросы ұйымында 161 ел бар. Ал Қазақстан ХКБ ұйымы қа­тарына 1997 жылы қабыл­дан­ды. 2005 жылдан бастап Қазақ­стан ХКБ көрмелеріне қатысып, тіпті нәтижелі орындар да алып жүр. Дегенмен, EXPO халық­ара­лық көрмесі біздің елімізде өтіп көрген емес. Соған байланысты бұл көрме жайлы, жалпы, оның ел үшін тигізер пайдасы, ел эко­но­микасы үшін берері тұрғысында көпшілік көп білмеуі де мүмкін. Алайда, 2011 жылғы 10 мау­сым­да осы Париждегі Халықаралық көр­­мелер бюросының Бас хат­шы­сы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске Қазақстан Республикасы­ның ресми өтінімі тапсырыл­ған­нан бері ЕХРО жайлы баспасөз беттерінде жиі жазылып, қазақ жұр­тына барынша таныс бола бас­тады. Сол сәттен бастап еліміз Ас­танада ЕХРО-2017 көрмесін өт­­кізу жөніндегі дайындық науқа­нына ресми түрде кірісті. Ал 2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев елордада ХКБ-нің сарапшылар ко­мис­­сиясымен кездесу өткізді. Сөй­­тіп, үстіміздегі жылдың 12 мау­сымында Париждегі Халық­аралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 151-ші отыры­сында Астананың ресми таныс­тырылымы болып өтті.
Қазіргі кезде халықаралық көрме екі түрлі бағытта, екі түрлі тақырыппен жүзеге асуда. Оның бірі – «Әлемдік әмбебап көрме», ал екіншісі – «ЕХРО-Халық­ара­лық мамандандырылған көрме­сі». Оның ішіндегі «Әлемдік әмбебап көрме» бес жылда бір рет ұйымдастырылады. Әмбебап көрменің тақырыбына да, ауқы­мы­на да ешқандай шектеу бол­майды. Әмбебап көрме ең соңғы рет 2010 жылы «Үздік қала – ғажайып тұрмыс» атты ұранмен Қытайдың Шанхай қаласында өткен болатын. Ал оған әлемнің 190 елінен 100 миллионнан астам адам қатысуы, шынымен, мұндай көрмелер елдің туризм саласын жандандыруға, экономикасын да­мы­туға ерекше ықпал ететінін көр­сетеді. Ал екінші көрме – «ЕХРО-Халықаралық мамандандырыл­ған көрмесі» Әлемдік әмбебап көрмелер аралығында өткізіледі. ЕХРО-ның ерекшелігі онда қам­тылатын тақырыпқа да қатысты. Мәселен, әмбебап көрменің та­қы­рыбына еш шектеу болмаса, ЕХРО-да арнайы тақырып белгіленеді. Мәселен, 2008 жылы Ис­па­нияның Сарагоса қаласында мұндай көрме «Су және тұрақты даму» тақырыбында, ал биыл Оң­түстік Кореяның Йосу пор­тын­дағы жаңа ауданда «Жанды мұхит пен жағалаудағы аймақ» деген ұранмен өтті. Бұдан кейінгі көрме 2015 жылы Италияның Милан қаласында өткелі отыр. Ал 2017 жылы көрме қай қалада өтеді? Міне, бұл сұрақтың жауа­бы ертең белгілі болады. Қазақ­станның Астанасында ма, әлде Бельгияның Льеж қаласы ма? Жақсы хабар күтейік, ағайын.

Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» – Парижден.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті