Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Күл-қоқыстан құтқаратын зауыт

Дата: 23 ноября 2012 в 08:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 23 қараша, 2012

Күл-қоқыстан құтқаратын зауыт

Жобаның жалпы құны – 36 миллион еуро

Бүгінде қоқыс қалдықтарын өңдеу және жою, оларды іріктеу жүйесін енгізу қоғамдағы қордаланған мәселеге айналды. Өйткені, елімізде жинақталған өндірістік-тұрмыстық қалдықтардың үлесі әр тұрғынға 1,4 тоннадан келеді.

Әлемнің барлық қалаларында қо­қыс­ты іріктеу мен өңдеудің тұйық айналымы ретінде қалдықтарды басқару жүйесі әбден жетілген. Мәселен, Швеция қоқыс қалдықтарын электр қуаты ретінде пайдаланса, Германия, Жапония секілді елдер миллиондаған пайда табуда. Әлемнің ең таза қалаларының бірі Сингапурде қоқыс қалдықтарының тоқсан пайызы қайта өңделеді. Ал біздегі жағдай қалай?
Қазақстанда жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатты тұр­мыс­тық қалдықтар пайда болады. Оның тек бес пайызы ғана жойылады екен. Респуб­ликаның түкпір-түкпірінде ор­наласқан кәсіпорындарда қалдықтың 25 миллиард тоннасы жинақталғанын ескерсек, қоршаған ортаға тигізер залалы мен зардабын айтып жеткізудің өзі қиын. Бірақ бұл мәселеге Мемлекет басшысы бей-жай қарамады. Би­ылғы жылдың басында Үкімет мүше­лері, әкімдер, мем­ле­кеттік орталық органдар басшы­ла­рының қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте аталмыш мәселені дереу шешу қажеттігін алға тартқан еді.
Астана қаласының стратегиялық жос­­парында 2030 жылға дейін қалдық­тарды азайту және тазарту коммунал­дық шаруашылықтың басты міндеті болып белгіленген. Дәл қазіргі күні өндіріс және тұтыну қоқыстары – 164, ал коммуналдық шаруашылық қалдық­тары 154 пайызға өскен екен. Тіпті, 2010 жылы мұндай үйінділерді жоюға қалалық бюджеттен 20 млн. теңге қара­жат бөлінді. Сондықтан, қала басшы­лығы 2030 жылға дейін жойылатын қалдықтарды 80 пайызға дейін азайтуды қарастыруда. Соның бір айғағы – жақында қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыттың пайдалануға берілуі.
Елорда – 700 мыңнан аса тұрғыны бар қала. Бас қалада лайықты өмiр сүру көбiне қалалық коммуналдық қызмет­тің күш-жiгерiне байланысты. Қалада сағатына 18,5 тонна тұрмыстық қал­дықтар жиналады екен. Астана қала­сының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының деректеріне сенсек, полигонда жиналатын қалдықтардың орташа тәулiктiк көлемi 800 тонна. Оның 200 тоннасы – құрылыс және өнеркәсiптiк қалдықтар болса, қалған 600 тоннасы қатты-тұр­мыстық қалдықтардың үлесiне тиедi. Оның қолданыстағы жинақталу нормасы бiр адамға жылына 1,1 текше метр ғана болуы тиіс. Сондықтан қоқыс қалдықтарын өңдейтін зауыттың қа­жеттілігі уақыт талабынан туындап отыр.
Астанадағы көптен күткен зауыт құрылысы «Алтын-ТЕТ» ЖШС-нiң ин­вестициялық қаржысы есебiнен салын­ған. Жобаның құны – 36 млн. еуро. Испандық технологияға сәйкес зауытта қалдықтар сұрыпталады. Сұрып­талған шикізат қайта өңделгеннен кейiн өн­дi­рiстiк немесе басқа да мақсаттарда пай­да­лануға дайын. Осылайша қалдық­тарды жою және көмуге бюджеттік дотациялар деңгейін төмендетуге ықпал етіп, қоқысты іріктеу арқылы полигонда көмілген қалдықтардың көлемін 5 есе азайтуға септігін тигізеді деп күтілуде. Енгізіліп отырған қалдық өңдеу технологиясы қатты тұрмыстық қалдықтарды көму технологиясымен салыстырғанда, бірқатар артықшы­лықтарға ие. Біріншіден, қоқыс полигонына берілген жер көлемі азаяды. Екіншіден, жер асты суларының және атмосфералық ауаның ластануы тоқ­тайды. Үшіншіден, екінші реттік өнім және соңғы өнім алынады. Бір сөзбен айтқанда, қаланың санитарлық таза­лығы бюджеттің дотациялық жолынан тиімді өндіріске айналады.
Зауыт жұмысына қысқаша тоқтал­сақ, қоқыстарды қайта өңдеу барысында алдымен iрi көлемді қалдықтар, органика мен майда фракциялар бөлiнiп алынады. Ескi компоненттер, яғни қа­ғаз, картон, ПЭТ-шөлмектер және бас­қа да пластмасса, шыны, мата, қара және түстi металл түрлерiне қарай сұрып­талады. Қалған екінші реттік өңдеуге келмейтін қалдықтар тығызда­лып, қал­дықтарды көмуге арналған жаңа поли­гонға жолданады. Жаңа полигон да ис­пан­дық технология бойынша жасақ­талған. Бiр ескерер жәйт, полигон ұяшығының түбi қоршаған ортаға зиянды әсердi азайту үшiн геомембранамен жабылған. Қайта өң­деудiң жобалық қуаттылығы жылына 250 мың тоннаны құрайды. Бастапқы кезеңде бұл зауытта төрт түрлi өнiм: ПЭТ флекстерден тұратын жапырақ пластиналар, жылу оқшаулағыш материалдар (эковата), полиэтилен түйiр­шік­терi (ПВД, ПНД), ПЭТ-шөлмек­терден флекстер өндiрi­ле­тiн болады. Бұл өз кезегінде полигонға жөнелті­летін қалдықтарды 20-30 па­йыз­ға азайтып, залалсыздандыру шы­ғы­нын төмендететіні сөзсіз.
Табиғат жанашырларының айтуынша, қоқыстың табиғатта бұзылу мерзімі өте ұзақ уақытты алады. Мәселен, күнделікті өмірде қолданып жүрген бір реттік қағаз ыдыс бес жыл, қаңылтыр қалбыр жүз жыл, ал қарапайым пластик шөлмек бес жүз жылдан кейін құрыса, шыны шөлмек ешқашан бұзылмайтын көрінеді. Әр адам жылына орта есеппен үш жүз келідей тұрмыстық қалдық тастаса, қоршаған ортаның қалыпты­лығы қаншалықты бұзылатынын бағам­дау қиын емес. Не десек те, елімізде қоқыс өңдейтін мұндай зауыттар тапшы екені айдан анық. Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қап­паров бұл ретте алдағы 10-15 жылдың ішінде Астанада салынған зауыт іспетті 41 зауыт салу бағдарламасы әзір­лен­генін айтып, бір қуантты. Алайда, Алматы қаласында тұңғыш рет ашыл­ған қоқыс өңдейтін жалғыз кешен өз жұ­мысын тоқтатқанына екі жылға таяды. Жоба бойынша бұл кәсіпорын күніне 1,5 тонна қоқысты сұрыптап, өңдеп шығаруға тиіс еді. Сонымен қатар, сұрыпталған қалдықтардан түрлі тауар жасайтын мүмкіндігі жолға қойылған болатын. Өкінішке қарай, шетелден әкелінген, қыруар қаржыға сатып алын­ған құрал-жабдықтар қоқыс қалдық­тарын бес есеге азайтпақ түгілі, ақыры жабылып тынды. Ал жаңадан ашылатын Астанадағы бұл зауыт та соның кебін кимей, ел игілігіне пайдаланылса деген тілегіміз ғана бар.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ.

 

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті