Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Өңірдегі бесінші май зауыты

Дата: 23 ноября 2012 в 08:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 23 қараша, 2012

Өңірдегі бесінші май зауыты

Қостанай қаласында тағы бір май зауыты ашылды.  Бұл биыл тапсырылуға тиісті 24 инвес­тициялық жобаның бірі  болатын. Құрылысы өткен жылы бас­талған зауыт міне, мерзімінен бұрын  тапсырылып, жұмысын бастап кетті. Зауыттың ерек­шелігі – оның үздік технологиямен жұмыс істейтіндігінде болып отыр. Молдавиядан әкелінген озық үлгідегі жабдықта күнбағыс дәні ыстықтай екі қайтара сы­ғылып, май алынады. Күнбағыс дәні мұнда дәстүрлі май сығу машинасындағыдай қуырылмай­ды, тек ысытылады. Мұндай  әдіс­­те дәндегі адам ағзасына  пай­далы  заттардың барлығы  та­биғи күйінде сақталады. Ал оған керек жылу күнбағыс дәнінің қабығын жағу арқылы алынады. Зауыт басшыларының айтуынша, мұндай технологиямен алынған майдың сапасы өте жоғары.
Молдавиядағы «Продтехмаш»  кәсіпорнының мамандары мұн­дай озық үлгідегі жабдықты Қа­зақстанда бірінші рет орнат­қанын айтты. Олар мұндай жабдықты осыған дейін  Еуропа елдері мен Өзбекстан өңдеуші­леріне ғана қойып берген.  Зауыт жылына 2609 тонна май шы­ғарады.  Сонымен қатар май сығу машинасының қажетті бөлшек­терін алмастырса ол  тек күн­бағысты ғана емес, басқа да майлы дақыларды, мысалы, рапс пен қышаны да ұқсата береді. Зауыт әзірге  бес литрлік шөлмекпен  тұшытылмаған  май және қал­таларға салынған  күнбағыс пен қыша күнжарасын  өндіреді. Жаңа кәсіпорыннан 22 қос­танайлық жұмыс орнын тапты.
Зауыт құрылысына 136,7 миллион теңге инвестициялық  қар­жы құйылды. Соның  50 миллион теңгесін  «Қостанай май зауыты» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігінің өзі шығарды,  86,7 миллион теңгесін құрылтайшы «Тобыл» ӘКК» АҚ салды. Ин­вес­тиция түгел игерілді. Осы жобаның арқасында бұрын тек саудамен айналысатын  компания енді май өндіруге  кірісті. Бұл жалпы облыс экономикасындағы  жақсы нышан  деп айтуға болады.
Ал облыста осыған дейін май өндіретін төрт зауыт болатын, енді бесіншісі қатарға тұрды.  Осы инвестжобаның бастамашысы, кәсіпкер  Виктор Федин алдағы уақытта өндіріс қуатты­лығын арттыруға, майды тұшы­тып,  шағын ыдыстарға құюға, со­ның нәтижесінде тек қазақ­стан­дық қана емес,  көрші Ресей тұтынушыларына  шығуға мүм­кіндік бар екенін айтты. Зауыт шикізаттан тапшылық көреміз деп отырған жоқ. Қазірдің  өзінде облыстағы бірнеше шаруа қожа­лықтарымен келісім жасалды. Ал мұның өзі  облыс диқандарының тек  бидаймен ғана шектеліп қал­май, майлы дақылдар алқабын көбейтетіндігін көрсетеді.
Облыс бүгінге дейін тұтыныс­тағы өсімдік майының 75-80 пайызын сырттан әкелетін. Енді  май зауыттарының көбеюі мен олардың ырғақты жұмыс істеуі сырттан тасылатын өсімдік майын 20 пайызға дейін қысқартты. Облыс басшыларының диқандар мен ұқсатушы кәсіпорындар  тізе қосса, алдағы уақытта өсімдік майына  ішкі сұраныстың барлы­ғын  май зауыттарының өздері-ақ қанағаттандырады деген болжамы бар.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті