Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

EXPO-2017 Астанада өтеді!

Дата: 23 ноября 2012 в 09:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

EXPO-2017 Астанада өтеді!

Астана. 23 қараша. BAQ.kz Бұл жағымды жаңалықты әсіресе, Елордалық жастар үлкен қуанышпен қарсы алды. Олар Астанадағы «Қазмедиа» орталығының алдына жиналып, шешуші сәтті жүректері лүпілдеп, күллі қазақ жұртымен бірге күтті. 

Қуанышты сәтті жастармен бөліскендердің арасында мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед бар. Мемлекеттік хатшы жиналған жастарға 2017 жылы Астанада өтетін бұл шараның мән-маңызын түсіндіре келе, «бұл жастардың, жас астаналықтардың жеңісі», деді.

Гүлжан Марқабай, тілші:
ЕЫҚҰ, Азиада енді міне, EXPO-2017. Апауыт елдермен аламанға түскен Қазақ мемлекеті жеңімпаз атанды. Халықаралық Көрмелер бюросына мүше әлемнің 156 мемлекеті бір ауыздан осы көрмені өткізуге біздің елді лайық, деп шешті. Олар біздің әлеуетке сенді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы:
Бұл Астананың үлкен мүмкіндіктерін мойындау. Осының барлығы біздің еліміздің халықаралық аренадағы үлкен беделін, Елбасымыздың беделін көрсетеді. Сондықтан, мен барша қазақстандықтарды, ең алдымен, астаналықтарды осы ұлы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын.

Иә, бұл күні қазақты бәрі құттықтады. Қалың қазақ бөркін аспанға атып қуанды. Себебі, болжам шындыққа айналды. Қазақстанның аты тағы да күллі шартарапқа жайылды. Бізді мойындады.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы:
Бұл ең алдымен, сендердің жеңістерің. Бұл жас астаналықтардың жеңістері. Мен байқап отырмын, сендердің жастарың 19-20 жастағы жігітсіңдер. Енді, 5 жылдың ішінде осындағы баршаларыңыз жоғары оқу орындарын бітіресіңдер, қолдарыңа диплом алып, мынау Астананың үлкен министрліктерінде, ұлттық компанияларда жұмыс істейтін боласыңдар. Сондықтан, бұл сендерге арналған жеңіс. Осы жеңістерің құтты болсын, жігіттер!

Энергияның қаттығы қатты сезіледі әлемде. Оның залалы мен зардабы жер тұрғындарын кәдімгідей алаңдатып отыр. Қазақстан ұсынған тақырып ауқымды әрі тартымды да еді. Бұйырса, 2017 жылдың маусымы мен қыркүйек айлары аралығында 100 елден келетін 5 миллионға жуық қатысушы дәл біздің Астанада болашақ энергиясы тақырыбын қаузайтын болады.

Абай Байгенжин, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі, Астана қаласы мәслихатының депутаты:
Тек қана бұл Астанаға емес, бүкіл қазақстандықтардың барлығының мақтанышы. Бұл әрине, бәрімізге үлкен міндет. Өйткені, қазір алға қойған көп жұмыстар бар, соны қарқынды бастауымыз керек.

Айдарәлі Романов, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының инженері:
Біздің елге жаңа технологиялар келеді. Біз күтеміз. Жоғары дәрежеде өткізу үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Салтанат Әли, «Жас Отан» жастар қанаты Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
Елбасыға 2017 жылы EXPO көрмесін Астана қаласының жастары белсенді түрде өткізеді және өткізетіні жайында хабарлаймыз.

Көптің таңдауы, қалауы бізге түсті. «Түйенің жүгі ауыр», дейтін бар. Ендеше, қамданайық.

Гүлжан МАРҚАБАЙ 

По сообщению сайта Baq.kz