Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елбасы әкімдермен мәжіліс өткізді

Дата: 29 ноября 2012 в 14:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың коммуналдық қарызының 7 млрд. теңгеге жетуіне алаңдаушылық танытты. Әрі Президент өңір басшыларының коммуналдық қызмет қарыздарын төмендету бойынша тапсырманы бақылауға алмай отырғандықтарын сынға алды. Елбасының алға тартқан дерегіне сәйкес, бүгінде қазақстандықтардың аталған қарызы шамамен 7 млрд. теңгеге жетіпті.

«ҚазАқпарат»агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен жиынның қорытындысына орай ұйымдастырылған брифингте ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев мәлім етті.

— Елбасы тарифтердің жыл сайынғы өсімі де бақылауға алынбайтындығын атап өтті. Президент нақты мысалдар келтірді. Атап айтсақ, Павлодар облысында энергостанса тарифті 1,5 есе көтерді, ал ол жақта тозу да өсіп келеді. Ал Көкшетауда жергілікті монополистің 4 млрд. теңгелік  инвестициялық бағдарламасы электр желілеріндегі шығынды тек 1 пайызға ғана төмендетеді, — дейді Д.Абаев.

Мәжілісте Мемлекет басшысы жергілікті өкілетті органдардың рөлін одан әрі арттыру үшін мәслихат арқылы (төмен деңгейдегі) ауыл әкімдерінің сайлауын енгізетіндігін, жер қойнауындағы байлықтарды пайдалануға мораторийді алып тастау керектігін айтты.

Одан әрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге өңірлердегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударуды тапсырды. Бұл тұрғыда Елбасы еліміздің тауарлары бәсекеге қабілетті болмауы салдарынан Қазақстанның экспорттық әлеуеті дамымай, тек тауарларды сатып алу арқылы еліміздің кәсіпорындары тоқтап қалуы мүмкін екендігін қатаң ескертті.

Сөз соңында Президент елімізге барша әлеммен бәсекелес болуға тура келетінін, сондықтан тауардың бәсекеге қабілеттілігі қатаң бақылауда болуы тиістігін қадап айтты.

Интернет материалдары бойынша әзірленді. 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті