Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тәуелсіздік тойы құтты болсын!

Дата: 16 декабря 2012 в 07:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жексенбі, 16 желтоқсан, 2012

Тәуелсіздік тойы құтты болсын!

Нұрсұлтан Н.НАЗАРБАЕВ:
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл  дүниеде біздің  бір  ғана Отанымыз  бар,  ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.

Қазақстан халқына Жолдауынан.

Тәуелсіздік

Елдік үшін бәрін көрген азаптың
Бабалардың аңсары еді Азат Күн.
Тәуелсіздік – бойтұмары Елімнің,
Одан асқан қастері жоқ қазақтың!

Тәуелсіздік – алашымның арманы!
Тәуелсіздік – алтын Күнім таңдағы!
Тәуелсіздік – бесік-жүрек халқымның
Жүрегінде тербетілген ардағы!

Тәуелсіздік тәтті екен ғой шекерден,
Осы жолда талай борыш өтелген.
Ерлеріне қуат берсін Алаштың,
Көк байрақты көкке биік көтерген.

Тәуелсіздік, биігін-ай бағаңның!
Аманаттың ақ жолында адалмын.
Бір сен үшін жасын сықты анам мың,
Бір сен үшін басын тікті бабам мың!

Бір сен үшін отқа түсіп жан шыбын,
Бақытынан безді бабам бал-шырын.
Ұйықтамады,
Көз шырымын алды олар

Маңдайына сабын тіреп қамшының.

Тәуелсіздік, не жетеді құныңа?!
Бар ғұмырда айналайын құлыңа.
Парыз бізге тізгінінен ұстату,

Отан-Ана қызы менен ұлына.

Серік СЕЙІТМАН,
халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті