Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

1 қыркүйектен бастап ағылшынша оқимыз

Дата: 01 февраля 2013 в 14:34 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Үкімет жетекшісі Серік Ахметов, Пар­ламент депутаттары, Президент Әкімшілігі  мен Премьер-министр кең­сесі өкілдері, облыс әкімдерінің орынба­сарлары, ЖОО ректорлары, білім және ғылым саласында жұмыс істейтін өңірлік департамент басшылары, ғылыми-зерт­теу институттары мен мектеп директор­лары қатысқан алқа мәжілісі үстіміздегі жылдың 29 қаңтар күні Алматы түбін­дегі ұшақ апатынан қаза болған аза­мат­тарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Білім және ғылым министрі Бақыт­жан Жұмағұловтың бұл жиында жаса­ған баяндамасы білім беруді дамыту­дың мем­лекеттік бағдарламасының 2012 жылы іске асырылу қорытындысы мен Елбасының «Қазақстан-2050» страте­гиясына орай алдағы уақыт­та қолға алы­натын шараларға арналды. Баянда­маны министрліктің ресми сайтынан оқып алуға болатындықтан, оған егжей-тег­жей­лі тоқталмаймыз. Өйткені, министр айтқандай, өткен жылы білім мен ғылым саласында көп­теген жаңарулар болды, барлық міндет­тер толығымен орындал­ды. Әрине, ми­нистр­дің бұл байламымен келіспейтін­дер бар. Ол туралы сәл кейінірек. Ең бас­тысы, алдағы қыркүйек айынан бас­тап 1-сынып оқушыларына ағылшын тілін оқыту енгізіледі. Мұны ата-аналар­дың құлағына алтын сырға деп айтып отырмыз. Сонымен қатар маман даярлау сапасы төмен ЖОО-нан құтыламыз, ал мамандар экономика, оның ішінде аймақ қажеттілігіне сәйкес даярланады. ЖОО-ның екінші курсынан бастап кәсіп­орын­дарда міндетті өнді­рістік тәжірибеден өту заңмен бекітіледі. Ал ЖОО бітіруші­лердің жұмысқа тиімді орналастыруға ректорлардың өздері жауапты болады. Осылайша, ЖОО-ның жұмысы олардың түлектеріне деген сұраныспен бағалан­бақ.

Ал енді әлгінде ғана айтқанымыздай, білім және ғылым саласындағы әттеген-айларға тоқталсақ. Өз кезегінде сөз алған Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева қазақстандық білім жүйесіндегі рефор­ма­торлық әуестенушілікті тоқтатуға шақырды. «Біз көптеген, аяғына дейін же­тіл­дірілмеген реформалардың куәсі әрі қатысушысы болып келеміз. Сондай ре­формаларды бастар кезде халықаралық стандарттарға сілтеу сәнге айналып кет­ті», — деген депутат білім жүйесіндегі ре­формаларды тоқтату керек деп санай­ды.

Бүгінгі таңда мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін көп нәрсе жасалып жатқанын тілге тиек еткен депутат әлі де болса ЖОО-да жас мұғалімдерді даярлауға айрықша маңыз беру керек деген пікірде. Яғни бала­мен жұмыс істей алатын, тіл табыса біле­тін, ең бастысы, баланы жақсы көре ала­тын мұғалім даярлау үшін стандарттар мен та­лаптарды өзгерту керек, себебі қолда­ныстағы Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу болашақ мұғалімдердің шешендік, баламен жұмыс істей білу қабі­летін, өз ойын түсінікті жеткізе алатын қа­сиет­терін анықтай алмайды. Сондықтан болашақ педагогтарды сапалы іріктеу үшін олармен әңгімелесу, кешенді түрде медико-физиологиялық, психонейро­лингвис­ти­ка­лық диагностика жүргізілуі керек. Д.Назар­баева сонымен бірге педагогтардың ең­бекақысын төлеуге қатысты да сөз қоз­ғады. «Мектеп директорларының жала­қысы мектеп оқушыларының санына бай­ланысты белгіленбейді. 500 бала оқи­тын мектеп пен 2000 бала оқитын мектептің директорлары бірдей жалақы алады. Олай болса мектеп директорлығына жақсы дайындалған ұстаздар барады деп айта аламыз ба? Себебі бұл жауапкершілігі өте жоғары лауазым», — деген ол сынып же­тек­шілеріне төленетін қосымша 4-5 мың теңгенің де мұғалімдердің ынтасын оята қоймайтынын айтты. Халық қалаулысының мына бір ұсынысы мектеп оқушыларының ойынан шығары даусыз.

«Барлық түлектердің оқу жылының соңында ҰБТ немесе кешенді тестілеу тапсыруды өзі таңдау құқығын заңмен бекітуді қарастыруымыз керек секілді. Бұл қадам демократияға неғұрлым жақын және ҰБТ төңірегіндегі дүрбелеңді азайтар еді», — деді Д.Назарбаева. Ол сонымен бірге «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңына өзгерістер енгізуді де ұсынды. «Мә­селен, оқу орындары жыл сайын күзет қызметін жалдау үшін келісімшарт жасай­ды. Оқушыларды тамақтандыру үшін де тендерлер өткізуі керек. Егер жалданған күзет фирмасы жақсы қызмет атқарып, мектеп әкімшілігі тарапынан лайықты ба­ғаланып жатса, оқу орындарында тамақ­тандырумен қамтамасыз ететін компания өз ісін жақсы атқарып жүрсе, онда қайта-қайта тендер өткізудің қажеті бар ма? Алай­да барлық жерде мемлекеттік сатып алу заңнамасына сілтейді де, жыл сайын тендер өткізеді. Мүмкін бұл заңның кейбір жерлерін икемдеп, тиісті өзгерістер енгізу керек болар», — дейді депутат. Ол жергілікті жерлерден мектеп оқушыларын тамақтан­ды­руды мемлекеттік сатып алу саласынан шығаруды немесе сатып алу конкурсын 3-5 жылда бір рет өткізуді ұсынды.

Алқа мәжілісін қорытқан Үкімет же­тек­шісі Серік Ахметов бірінші кезекте мек­тепке дейінгі білім беруде балаларды даяр­лау әдістемесіне маңыз беруді тап­сырды. «Біз 2009 жылдан бері «Балапан» бағдарламасын жүзеге асырып келеміз. Бұл бағытта өте көп жұмыс атқарылды және оның нәтижелерін көрудеміз. Мек­теп­ке дейінгі тәліммен балаларды қамту екі есеге артты. Бұл аз ба, көп пе? Әрине, бұл нәтижелер өңірлерде әртүрлі: Қостанай облысында 100 пайызға жуық, Қарағанды облысында 98 пайыз, Павлодар облысында 95 пайызға жуық, ал кейбір облыстарда 50-60 пайыз көлемінде. Жалпы алғанда ел бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен орташа алғанда 71 пайыз қамтылған. Меніңше, бұл көрсеткіш аздық етеді», — деді С.Ахметов.

Оның айтуынша, балабақшаларға ин­вестиция тартуда министрлік пен әкімдік­тердің жұмысы белсенді болуы тиіс. Үкімет басшысы мектептерде үш ауысымда білім беру мен апатты мектептер проблемасына нүкте қоюды тапсырды. Сонымен қатар бір айдың ішінде ЖОО оңтайландыру бо­йынша ұсыныс енгізуді жүктеді. «Жеке­меншік жоғары оқу орындары бізге керек. Алайда олар сапалы білім беруі шарт», — деді ол.

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

«Айқын» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы