Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жаңа техникалар – жаңаша жұмыс

Дата: 07 февраля 2013 в 08:32

Бейсенбі, 7 ақпан, 2013 Ақпарат

Жаңа техникалар – жаңаша жұмыс

Астаналық су арнасының бас директоры коммуналдық кә­­­сіп­орынның ведомстволық бө­­­­­­­лім­шелерінің бастықтарымен бірге «Астана су арнасы» МКК техникаларына бақылау жүргізілді.
Мұндай тексерулер жүргізуде су арнасының тәжірибесі мол. Бақылаудан өткізуге ағымдағы апаттарды жою үшін пайдаланылатын заманауи техникалар ұсынылды. Кәсіпорынның жөндеу бөлімшелері жабдықталған арнайы техниканың мүмкіндіктері, шағын механикаландыру мен телеметрияның құралдары нағыз парадты еске түсірген­дей болды.
Кәсіпорын басшылығы тех­ни­каны, оның жұмыс жағ­да­­йын, жүргізушілердің және жұ­­мысшылар бригадасының кә­сіп­қойлығын мұқият тексерді. Уә­лихан Досаев кәсіпорынның жұмыскерлеріне жүгіне отырып, ағымдағы жұмысты жо­ға­ры деңгейде жүргізудің маңыз­дылығын ескертті. Ауыр жүк техникаларына ерекше назар аудару қажет.
Желілерге жаңа заманауи тех­никаның көмегінсіз сапа­­­­лы қызмет көрсету мүмкін емес. Бүгінгі таңда компания арнайы тех­никаның алуан түрлерін пайдалануға бе­реді, оларды жаңарту кәсіпорынның ең басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Алдыңғы қатарлы техникаларды игеру – қала үшін ең маңызды қадам. Бұл апаттық жағдайларды жою мерзімін қысқартып, же­­лі­лерге сапалы қызмет көр­­­­сетуге мүмкіндік беретін болады. Ал ин­вес­тициялық бағдарламаның одан әрі дамуы келешекте сумен қам­та­масыздандыру және кәріздендіру бойынша қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға және қаланың эко­логиялық қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасайды. Қорыта келгенде, бұл Астана қаласының барлық тұрғындары өмірінің сапасына жақсы жағынан әсер етеді, – «Астана су арнасы» МКК бас директоры Уәлихан Досаев техниканы қарап тексеру барысында осылай деп атап өтті.
Астаналық су арнасы шетел­де шы­ғарылған арнайы тех­ни­каның барлық түрлерімен қамтамасыз етілген. Біз тәуліктің кез келген уақытында, толықтай автономды түрде жұмыс жасай отырып, мәселен, электр энергиясы болмаған жағдайда да апатты жоя аламыз. Біздің мамандар құбырлардағы зақымдарды қысыммен, яғни тұтынушыны ажырат­пай-ақ жояды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, деді бас ди­ректордың бірінші орынбасары А.Елжасов.
Кәсіпорын мамандары түрлі ауа ра­йы жағдайларында кез келген жұ­мысты орындауға дайын. Кәсіпорын қыз­меткерлері Астана қаласы тұрғындарына күнделікті тоқтаусыз қызмет көрсете оты­рып, нақты жағдайларда да өз кәсіпқойлығын сәтті көрсетуде.
«Егемен-ақпарат».

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті