Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Агробизнес-2020»: ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа арнасы

Дата: 15 февраля 2013 в 08:32

Жұма, 15 ақпан, 2013 Үкімет

«Агробизнес-2020»: ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа арнасы

Жұма, 15 ақпан 2013 7:39

Жақында Үкімет агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың салааралық «Агробизнес-2020» бағдарламасын қабылдады.

Бұл бағдарлама бір жылдан астам уақыт жан-жақты талқыланып, әзірленген болатын. Еліміздің аграрлық саласын дамытуға арналған аса маңызды құжаттың қабылдануы, әрине, бұл саланың көрігін қыздырып, жұмысын жандандыра түсуге зор ықпалы болар деген сенімдеміз. Себебі, алдағы 8 жылға жоспарланған бағдарлама ауыл шаруашылығының жаңа тынысын аша түсер ауқымды шараларды қамтып отыр.

2013-2020 жылдарға арналған агро­өнеркәсіп кешенін дамытудың сала­аралық «Агробизнес-2020» бағдарла­масы еліміздің ДСҰ-ға келешекте кіруі қарсаңында, сондай-ақ Кеден одағы жағдайында бәсекелестіктің күшеюіне байланысты әзірленіп отыр, дейді мамандар.

Үкімет отырысында бағдарламаның негізгі мақсаттары мен тапсырмалары туралы баяндаған Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков бағдарлама қар­­жы жағдайын сауықтыруға, агро­өнер­кәсіптік кешен үшін тауарлар, жұ­мыстар мен қызмет көрсетулерге қол­жетімділікті арттыруға, АӨК субъек­тілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамытуға, сонымен қатар, саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғанын айтқан болатын.

Ал біз министрдің Үкімет отыры­сындағы баяндамасының негізінде бағ­дарламаға жалпылама шолу жасап көрелік.

Жаңа құжат қолданыстағы бағдарла­ма­ға қарағанда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттіктерін жоғарылатуды алға қойған. Яғни өнді­ріс­тік директивалы бағдарламалар­дан алшақтап нақты жағдай жасау ба­ғытына бет бұрған. Осылайша, аталмыш бағдар­ламаны жүзеге асыра отырып, енді бизнес ауылшаруашылық өнімдерін қайда сатуды, сондай-ақ егінді қалай егуді өздері шеше алады.

Бағдарламаның негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізілмек. Оның біріншісі – қаржылық сауықтыру. Ол кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қай­та қаржыландыру, сондай-ақ, бар бо­рыш­тарын өтеу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілде­теді және көптеген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің қаржылық тұрақсыздығын болдырмайды.

Екіншісі – агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қызмет пен жұмыс­тарды, тауарлардың қолжетімділігін жо­ға­рылату бағыты. Бұл ретте агроөнеркә­сіптік кешен субъектілеріне кеңес қызметін, білімдік, қаржылық, жұмыс, тауарлардың экономикалық қолжетім­ділігін жоғарылату бойынша мемлекет­тік қолдау механизмдері арқылы мін­дет­тер қойылған. Мұнымен АӨК субъек­тілерінің жаңа мемлекеттік қолдау механизмдеріне, біріншіден, АӨК басымды инвестициялық жобалар үшін инвестициялық субсидиялар, екіншіден, қаржылық институттар алдында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілден­діру және сақтандыру қызметтерін субсидиялау, үшіншісі – берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жатады.

Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және қамтама­сыз ететін салалардың өнімдерінің өндірісін субсидиялау бойынша жұмыс өз жалғасын таппақ.

Ал үшінші бағыт бойынша агро­өнер­кәсіптік кешен субъектілерін мемлекет­тік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту шеңберінде фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту, ветеринарлық қауіп­сіздік жүйесін дамыту міндеттерін шешу жоспарлануда.

Шаралар фитосанитарлық және вете­ринарлық зертханалар құру және жаб­дық­тауға, фито және ветеринарлық қауіп­сіздіктің диагностикасы мен мони­торингі, жануарларды бірегейлендіру, аурулардың таралу қаупін төмендету, сондай-ақ, жайылымдық мал шаруашы­лығы үшін жайылымдарды суландыруға бағытталмақ.

Төртінші бағыт шеңберінде агро­өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ауқымды шаралар легі күтіп тұр. Айталық, ауыл шаруашылығына агрохи­миялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру, АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, ауыл­шаруашылық дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру, АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызмет­терді көрсету жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту, АӨК-тегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиім­ділігін арттыру, органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен оның айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау жұмыстары осы төртінші бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.

Бағдарлама ауылда бизнестің дамуына, салаға инвестицияның келуіне, бөлі­ніп жатқан қаржының тиімділігін жо­ғарылатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бағдарламаны іске асыруға 8 жыл ішінде барлығы 3 122,2 млрд. теңге қа­жет болады, дейді министр. Бағдарла­маны мемлекеттік бюджет есебінен іске асыруға жиыны 2 662 млрд. теңге қажет. Қалған қаржыландыру облигациялық қарыздар (300 млрд.) және Азық-түлік келісім-шарт корпорациясының (2,1 млрд.) сондай-ақ «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-тың (96 млрд. теңге) меншікті қара­жатының есебінен жүзеге асырылады.

Министрліктің мәліметінше, АШМ бюджетінің өсу қарқыны 2003-2012 жылдары 20,8 пайызды құрады. Осы қарқын сақталған кезде 2020 жылға дейін барлығы 8 жылда бюджеттің болжамы 4,2 трлн. теңгені құрайды. Ал бюджеттің 7 пайыз өсімі кезінде 2012-2020 жылдар кезеңінде болжам 1 893, 6 млрд. теңгені құрайды. 2014-2015 жыл­дарға қаражат тапшылығы 196,9 млрд. теңге, атап айтқанда, 2014 жылы 106,2 млрд. теңге, 2015 жылы 90,7 млрд. теңге болады, деді бағдарламаның қаржылық жағдайын түсіндірген министр.

А.Мамытбеков бағдарламаны қар­жы­ландырудағы басым үлесті (74 па­йыз) тауарлардың, жұмыстар мен қыз­меттердің экономикалық қолжетімдігін арттыру жөніндегі іс-шаралар құрай­тынын да айтып өтті. Бюджеттің 13 па­йызы АӨК-ті мемлекеттік қамтамасыз етуді дамытуға бөлінетін болады, қаржылық сауықтыру 12 пайыз үлес алады. Субсидиялау көлемі 2013 жылға қарағанда 4,5 есе артады деп күтілуде.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін АӨК салаларын субсидиялау табиғи-климаттық жағдайларды, өт­кізу рыноктарының болуын және өңір­лерді дамыту әлеуетін ескере отырып сараланып жүргізілетін болады, дейді министр. Осыған орай министрлік осы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты түрін өндіру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасын әзірлеуге кірісіпті. Бұл мемлекеттік субсидияларды саралау құралы болмақ. Осы бағытта әзірленген жаңа тетіктер инвес­тициялық субсидиялар, қаржы институттары алдындағы АӨК субъек­тілерінің қарыздарын сақтандыру және кепілдік беру, екінші деңгейлі банктерді қорландыру, сыйақы ставкасын субсидиялау ауылша­руа­шылық техникасы­ның лизингіне және ауыл шаруашы­лығы үшін несие беруге дейін кеңейетін болады. Жаңа құрал­дармен қоса суб­сидиялаудың қолданыс­тағы тетіктері де жетілдіріледі.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, субсидиялау тетіктерін та­быс­ты жетілдірудің нәтижесінде өсім­дік саласында тамшылатып суаруды пайдалану алаңы 2012 жылы 28,1 мың гектарға жетіпті. Ал бұл 2007 жылғы деңгейімен салыстырғанда 40 есеге жуық жоғары көрсеткіш.

Ал мал шаруашылығына тоқталсақ, нәрлі және қатты азықтардың құнын арзандату үшін бір басқа 4500 теңге есеппен аналық малдың 1 басына субсидия төлеу шаруа және фермерлік шаруашы­лықтарға жетіспейтін азығын сатып алуға мүмкіндік берді. Өйткені барлық шаруашылықтар қажетті азықтардың барлық түрін өндіре алмайды. Бұл шаралар аналық мал басының төмендеуін айтарлықтай қысқартып, елде малдың жалпы санының өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта шамамен 30 пайыз шағын және орта АӨК субъектілерінің тиісті жоғары өтімді кепілдікті қамта­масыз ете алмауына және нашар қаржы­лық жай-күйіне байланысты қаржылан­дыруға қолжетімділіктері жоқ. Бұл проб­леманы Мемлекет басшысы аграрлық өндірістегі жеке инвестициялардың тәуе­кел­дерін төмендету үшін қарыздар­ға кепілдік беру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін енгізу жөніндегі міндетті қоя отырып, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолауында айтқан болатын. Осыған бай­ла­ныс­ты АӨК субъектілері үшін несиелік ресурстардың қолжетімділігін қамтама­сыз ету және АӨК-ті белсенді қаржы­ландыру процесіне қаржы институттарын тарту мақсатында қаржы институттары алдындағы АӨК субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру мен сақ­тан­дыру жүйесі енгізілетін болады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерде АӨК субъектілеріне кредиттер беру үшін жеткілікті өтімділік бар. Бұдан басқа, көктемгі егіс және күзгі жинау жұмыстарын уақытылы өткізу үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымда­рының желісі бойынша жеңілдетілген кредиттік ресурстар бөлінуде. Алайда, АӨК субъектілерінің кредиттік ресурс­тарға қол жеткізуінің негізгі проблемасы олардың нашар қаржылық жай-күйі және тиісті өтімді кепілдік қамтамасыз етудің болмауы болып табылады. Бұл проб­лема әсіресе шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарына тән болып отыр. Осыған байланысты қабыл­данған бағдарлама аясында сақтандыру жүйесі АӨК субъектілерінің ресурстар­ға қолжетімділігін кеңейтеді және ауыл шаруашылығын белсенді қаржылан­ды­ру процесіне қаржы институттарын тартады.

Жалпы алғанда, қарыздарды сақ­тандыру тетігі қаржы институттарының кредиттік тәуекелін жеке сақтандыру компанияларының сақтандыруы болып табылады, мұнда мемлекеттің рөлі АӨК субъектілеріне сақтандыру сыйақысы­ның сомасын ішінара өтеу арқылы кө­рініс табады.

Бағдарлама ұсынып отырған ақша­лай және тауарлы кредиттерге кепілдік беру тетігі екінші деңгейдегі банктердің атынан қаржылық агенттік мәртебесі бар ұйымдар, «ҚазАгро» холдингінің ұйымдары және өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары АШТӨ-ге ақшалай немесе тауарлы кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша кепілдіктер беруі болып табылады. Ақшалай кредиттерді АШТӨ-ге кре­диттік мекемелер, ал тауарлы кредит­терді оларды өндіруге немесе өткізуге мамандандырылған ірі компаниялар бе­реді. Бұл жерде мемлекеттің міндеті қар­жылық агенттік мәртебесі бар ұйым немесе ӘКК АШТӨ-ге берген кепіл сыйақы­сының бір бөлігін өтеуге келіп саяды.

А.Мамытбеков «Агробизнес-2020» бағдарламасының макроэкономикалық әсерлерінің жетістіктері жайлы да айтып өтті. 2020 жылға қарай 10 трлн. теңге­ден астам жеке ақша қаражатын салаға тарту жоспарланған. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің нақты көлемін 1,5 есе арттырып, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған жұмысшының еңбек өнімділігін 3 есе арттыру көзделген, дейді министр.

Сондай-ақ, АӨК өнімін жүзеге асырудан экспорттық түсімді 20 пайызға арт­тыру және негізгі азық-түлік бойынша азық тәуелсіздігін қамтамасыз етуді ішкі рынокта 80 пайызға арттыру көзделген. Ведомство басшысының айтуынша, бағ­дарлама сондай-ақ, ауылшаруашылық машина құрастыру, химиялық және жеңіл өнеркәсіп, су шаруашылығы, техникалық реттеу, сауда мен бәсе­келестік, салық салу, жеңіл өнеркәсіп, ақпараттық насихаттау, тағы басқалар сияқты бір­қатар мемлекеттік саясаттарды қайта қарауды талап етеді.

«Осыған байланысты «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша біріктіре жүзеге асырудан ең жоғары синергетикалық нәтиже алу үшін шектес салалық бағдарламаларды қайта қарау бойынша жұмыс тобын құру мәселесін шешу қажет», деді А.Мамытбеков.

Бағдарламаны әзірлеуге бір жыл бойына негізінен ғалымдар, салааралық бір­лестіктер, агробизнестің өкілдері бел­сенді түрде қатысқан болатын. Соған орай бағдарлама қабылданған отырысқа Үкімет мүшелерінен өзге бизнес саласының өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері де қатысты. Барлық облыс әкімдері отырысқа онлайн режімде қатынасып, бағдарламаға орай өз ойларын ортаға салды.

АӨК Қазақстандық Іскерлік кеңесі­нің төрағасы Арман Евниев жаңа сала­лық бағдарлама агробизнеске теңдессіз ре­сурстар мен алдағы уақытта барлық проб­­лемаларға лайықты жауап бере алатын тиімді құрал бола алатындығын айтты.

Екінші деңгейлі банк өкілдері де бұл құжатты әзірлеуге белсене қатысты жә­не оны жүзеге асыруға жәрдемдесуге дайын, деді Қазақстан Қаржыгерлері қауым­дастығының төрағасы Серік Аханов.

Ал Қостанай Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы Валентин Двуреченский бағдарла­ма­ның маңыздылығын айта отырып, мұн­дай бағдарлама бұрын-соңды Қазақ­станда болмағанын атап көрсетті.

«Президент тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет бұл бағдарламаны жасауға өте көп мән берді. Мен оны басынан аяғына дейін оқып шықтым. Мен өзім де министр болдым, сондықтан бұл бағдарлама өте нақты және ашық деп санаймын. Бұл бізде бұрын болғандар­дан ерекше. Мұнда бәрі қарастырылған: фермерлерге арналған жеңілдіктер, банкирлермен қарым-қатынас, өнімділігі жоғары техника және тағы басқалар», деп атап өткен Валентин Двуреченский бағдарла­ма жайында орталық коммуникациялар қызметі арқылы берген сұх­батында.

Ал Премьер-Министр Серік Ахметов Үкімет отырысының соңында бағдарла­маның Қазақстан экономикасының дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

«Бұл маңызды бағдарлама. Мемлекет басшысы еліміздің ауыл шаруашылығы саласын кең ауқымды жетілдіру қажет­тігін атап кеткен болатын. Алғашқы қадам АӨК-ті дамытудың жаңа бағдар­ламасын қабылдау болатын. Бүгін біз Елбасының маңызды тапсырмасын орындадық. Енді аталған бағдарламаны жүйелі әрі дұрыс жүзеге асыру қажет», деді С.Ахметов.

Үкімет басшысы бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында тиісті орган­дарға бірқатар тапсырмалар жүк­теді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге бір ай ішінде нақты мақсатты индикаторлар мен жылдар бойынша көрсет­кіштердің жетістіктері көрсетілген бағ­дарламаның әр бағыты бойынша шебер­лік-жоспарлар құруды, екіншіден – ведомствоаралық жұмыс топтарын құру, АӨК-пен шектес салаларды дамыту бойынша сәйкес бағдарлама құжатта­рын түзету бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын», деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, облыс әкімдеріне әрбір ауылшаруашылық құрылымы мен фермердің механизмдер бойынша да, мемлекеттің қаржылай қолдауы бойынша да бағдарламаның барлық мүмкін­діктеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін жұмыстарды ұйымдастыру тапсырылды.

«Өңірлермен және кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен біріге отырып механизмдер мен қабылданған бағ­дарламаның мүмкіндіктерін толық тү­сін­діруді қамтамасыз ету керек», деп атап өтті С.Ахметов. Жалпы, бағдарла­маны жүзеге асыру жұмыстарына бақылау жасауды өзінің бірінші орынбасары – Өңірлерді дамыту министрі Б.Сағынтаевқа жүктеді.

Осылайша, осы аптада маңызды құжат қабылданды. Бұл бағдарлама ауыл шаруашылығын дамытудың басты тетігі болуы тиіс.

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті

Читайте также