Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кісі өліміне апарып соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі Ерлан Өтешев қамауға алынды

Дата: 21 февраля 2013 в 23:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бейсенбі, 21 ақпан, 2013 Қылмыс

Кісі өліміне апарып соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі Ерлан Өтешев қамауға алынды

Бейсенбі, 21 ақпан 2013 11:09

Бүгін Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ерлан Өтешевке сот шектеу шарасын белгіледі, деп хабарлады DailyNews.kz тілшісі.

Е.Өтешев 2 ай мерзімге қамауға алынды. Енді ол Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторында емдеу мерзімі біткенше отырады. Қазірге дейін миы шайқалған деген диагнозбен облыстық медициналық орталықта емделді.

Сот мәжілісінде сондай-ақ Е.Өтешевтің қызметінен босатылғаны туралы да мәлім болды. Бүгін таңертең оны «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы да өзінің қатарынан шығару туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылғы ақпанның 15-нен 16-сына қараған түні Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Ерлан Өтешев руліне отырған BMW X5 джипі «Юбилейный» магазині жақтан оңтүстік-шығыс бетке қарай жұлдыздай ағып келе жатты. Дәл осы мүйісте ол екі бірдей көлікпен – ToyotaCorolla және OpelVektra мәшинелерімен соқтығысты. Мұның арғы жағында тағы екі көлік зардап шекті. Осы жол-көлік оқиғасының нәтижесінде бір әйел аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен емдеуге жатқызылды.

Кейін Ерлан Өтешевтің өзі мойындағандай, ол авария кезінде мас болған.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекованың мәлімдеуінше,  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы орта деңгейлі алкогольмен масаңдану дәрежесінде болған.

«Қазақстан жаңалықтары» агенттігі сондай-ақ А.Есімбекованың сөзіне сүйене отырып, күдіктінің 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін жеткізеді.

Құрыш Нұрымбет.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті