Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Иран Таяу Шығыстағы жағдайды «алтылық» елдерімен талқылау маңызды деп санайды

Дата: 27 февраля 2013 в 17:12

Иран Таяу Шығыстағы жағдайды «алтылық» елдерімен талқылау маңызды деп санайды

Астана. 27 ақпан. Baq.kz Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі кездесулерде өңірлік ынтымақтастық та талқыланады. Бұл жөнінде бүгін брифингте Иран делегациясының басшысы, Иранның жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сайид Джалили мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

«Ыстамбұл, Бағдат, Мәскеудегі кездесулер барысында біз жолдаған ұсыныстардың бірі – ядролық мәселелерден өзге өңірлік ынтымақтастықты қоса алғанда ядролық емес мәселелерді де талқылау болатын. Солардың бірі Сирия мен Бахрейн мәселесі болды», – деді С.Джалили.

Ирандық делегацияның басшысы кейбір елдердің қазіргі жолын сынға алып, оны «лаңкестіктің дамуына мүмкіндік беретін» «демократияға жат әрі дұрыс емес» деп атады.

«Өкінішке қарай, олар лаңкестерге қолдау көрсетіп әрі жазықсыз жандарды өлтіріп, осы жолмен жүруді жалғастырып келеді. Барлық елдер ең алдымен демократиялық шешімдерді ұстануы тиіс. Сириялықтар демократия аясында бір шешімге келулері керек. Оппозицияны қолдағандар жасаған істерінің дұрыс емес екенін өздері түсінді», – деді С.Джалили.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер басталды. Келіссөздер бүгін, 27 ақпанда сағат 11-де жалғасқанымен, шара бір күн ішінде аяқталады деп болжанған болатын.

Келіссөздерге БҰҰ-ға 5 тұрақты мүше-мемлекет (Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания), сондай-ақ Иран Ислам республикасының, Германия және ЕО елдерінің өкілдері қатысты. Қазақстан оның қорытындысы бойынша өзара тиімді келісім жасалады деп үміттенеді. Бұған дейін ЕО Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздердің қорытындысы бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздеп отырғанын мәлімдеген болатын.

2012 жылы «алтылық» өкілдері мен Тегеран келіссөздердің үш сатысын өткізген болатын – Ыстамбұлда (14 сәуір), Бағдатта (23-24 мамыр) және Мәскеуде (18-19 маусым). Бұл кездесулердің барлығы қандай да бір тоқетер шешімсіз аяқталды. Бұған дейін «алтылық» пен Иран келіссөздері бір жылдан астам уақыт өткізілмеген болатын.

АҚШ пен бірқатар Батыс елдері мен Израиль бейбіт атом бағдарламасынан жасырын түрде ядролық қару дайындауда деп айыптайды. Ал Тегеран болса, оның атом бағдарламасы елдің электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыруға ғана бағытталғанын айтуда 

По сообщению сайта Baq.kz