Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қатырма қағаз бизнес болып барады

Дата: 12 марта 2013 в 08:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сейсенбі, 12 наурыз, 2013 Руханият

Қатырма қағаз бизнес болып барады

Сейсенбі, 12 наурыз 2013 6:51

Мұны оңтайландыру арқылы оңалтуға мүмкіндік бар

Уақыт сәт сайын алдымызға жаңа талаптар қоюда. Ал ол талаптардың үдесінен шығу үшін біздерге де жаңа міндеттер жүктеледі. Білім беру саласында да жедел шешуді талап етіп отырған мәселелер аз емес. Өйткені, таяу жылдарда «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген елдік мақсат бар. Шынында, бүгінгі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Күн сайын дерлік әрқайсымыз озық жабдықтармен, заманауи технологиялармен жұмыс жасаудамыз. Күрделі өндірістерде шетелдік мамандармен иық тірестіре қимыл жасау машығын меңгеруге кез келген уақытта дайын болуымыз керек. Осындай талапты ертеңгі елтұтқа болар жастарымыздың да алдына қоюға тиіспіз. Осындай маман кадр­ларды даярлау талабын уақыт күн тәртібіне шығарып отыр.

Қазіргі заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамытуды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та әрдайым-ақ айтудай-ақ айтып, өзінің әр жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында да бұл мәселені көтеріп келеді. Мысалы, 2006 жылғы Президент Жолдауында: «Бізге экономикалық және қоғамдық жа­ңа­­­­ру қажеттіліктеріне сай келетін осы заман­ғы білім беру жүйесі қажет…» деп адам­ның өмір бойы білім алуы үшін жағдай ту­­­ғызуымыз керек екенін айта келіп, былай дейді: «Жоғары білім беру саласында тех­­никалық білім беруді дамытуға ерекше наза­р аудара отырып, жоғары оқу орындары же­­­­лісінде оңтайландыру жүргізілуге тиіс». Міне, жоғары оқу орындары жүйесіндегі оңтайландыру мәселесі бүгінгі таңда әбден пісіп-жетілген өзекті проблемаға айналып отыр. Бұл мәселені тездетіп шешуді Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметіне, Білім және ғылым министрлігіне міндеттеді.

2012 жылдың 10 шілдесінде жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағ­д­­ар­­­­­­ламалық мақаласында да бұл мәселе нақты тапсырма ретінде Үкіметке жүктелді. Онда: «Қазақстан Үкіметі ЖОО-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы да­йын­­­­­­­­­дауды қамтамасыз етпейтін білім беру меке­­­мелерінің лицензияларын қайтарып алу жө­ніндегі жұмысты жалғастырсын», – деп атап көрсетілді.

Елбасының тапсырмаларын басшылыққа алған Білім және ғылым министрлігі өткен аптада Астана қаласында арнайы мәжіліс өткізіп, жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрды. Аталмыш кеңестің алғашқы отырысында еліміздің білім беру саласындағы қордаланған мәселелер талқыға түсіп, алдағы оңтайландыру жұмысының бағыт-бағдарлары белгіленді.

Енді кеңестің алғашқы отырысында не айтылды деген мәселеге келейік. Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитет төрағасы Серік Ырысалиевтің жасаған баяндамасында 1991 жылы Қазақстанда барлығы 55 университет пен институт болса, олар экономиканың барлық салаларын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге атсалысқаны атап көрсетілді. Ал тәуелсіздіктің алғашқы онжыл­дығында бізде бұл салада мемлекеттік емес сектордың қарыштап дамуы басталды. Осы­лайша жоғары оқу орындарының саны 182-ге дейін шарықтады. Бұл жоғары оқу орын­дарында берілетін білім сапасының күрт төмендеуіне әкеліп соқты. Мұның даусыз шын­дық екеніне енді көз жетті. Осы отырыс­та тағы бір мәселенің төбесі қылтиды. Кеңес мү­шесі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қ­о­р­ы жанындағы әлеуметтік серіктестік орта­лы­ғының жетекшісі Нұрлан Ерімбетов сол кездері газет-журналдардан жоғары білімді мамандарды жұмысқа шақырғанда, кейбір жоғары оқу орындарының аты аталып, түсі түстеліп, сол оқу орындарының түлектері қа­жет емес дегендей хабарландырулар да болған екен. Оның себебін ол сол кездегі қазақ­стандық жоғары оқу орындары беретін дип­лом­дардың сапасы сын көтермейтінін нақ­ты мысалдармен салыстыра отырып айтып берді.

Иә, 10 мың халыққа шаққандағы студенттер саны бойынша біз әлемде 10-шы орындамыз, алдымызда Германия, Жапония немесе Сингапур сияқты дамыған елдер ғана тұр. Сондықтан сол студенттерді дайын­дау сапасы жағынан әлем бойынша алғашқы жүздікке енуіміз екіталай. Оқу орындарының бәсекелі ортасын құрмайынша, сапасыз білімнен қорғана алмайтынымыз белгілі болды. Оның себептері де көп, олар­дың әрқайсысын жеке-жеке талдап, зерделеу қажет. Ең бас­тысы, шетелде өзін тиімд­і көрсете білген нарық заңдары мен бәсе­­­келестік сияқты табиғи реттеушілердің Қазақ­­станға келгенде не себепті іске жарамай қалғанын анықтауымыз керек-ақ. Міне, на­рықтық экономика жағдайында жиырма жылдан астам өмір сүріп келе жатсақ та ұлт­тың интеллектуалдық капиталын күшейту қажет­тігін енді ғана көтеріп отырған жайымыз бар.

Мемлекетіміз қордаланған мәселелерді шешу жолында белсендірек іске кірісуі керек деген оймен келісуге болады. Өйткені, қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері тек өз елінің аумағында ғана емес, дүниежүзілік деңгейде де бәсекеге қабі­лет­ті болуы үшін тиімді тетіктер әзірленуі қажет. Оның үстіне қазір Отанымыздың алдында экономиканы 2050 жылға қарай индустриялық-инновациялық сүрлеуге түсіру, одан қалса, елімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу міндеті тұр.

Әрине, осы аталған мақсаттарға жетудің әртүрлі жолдары бар. Солардың ішіндегі ең ұтымдысы әрі пәрмендісі – жоғары оқу орындарындағы білім сапасын түбегейлі жақсарту. Бұл ең алдымен білім беру қызмет­­тері нарығында қатаң тәртіп орнату арқылы жүзеге асырыла алады. Сол себепті Білім және ғылым министрлігінің қабыр­­ға­сында да, шамамен 2006 жылдан бастап, Прези­­дент Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдау­ларында да, ел аузында да жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен, түлектері еңбек нарығында жұмыс таба алмай сенделіп жүрген университеттерді оңтайландыру қажеттігі туралы сөздер жиі айтылуда.

Білім және ғылым министрлігі жанын­дағы Білім және ғылым саласындағы бақы­лау жөніндегі комитет жоғары білім сала­сындағы жағдайды жіті қадағалап, саралады. Олар жоғары білімнің негізгі осал тұстарын анықтап, нақты жағдайды жөнге келтірудің тетіктерін ұсынды. Басты мә­селелерге мыналар жатады: біріншіден, оқытудың коммерциялық түрі белең алып кеткен. Мұндай жағдайда ешқандай да дайындығы жоқ адамдар қиналмастан қалаған университетіне оқуға түсе алады және тек оқу ақысын төлей алса болғаны, мамандықтардың жаппай қайталануынан, көбінесе өңірлердегі жоғары оқу орындары зардап шегеді, білім сапасына қатысты стандарттар сақталмайды. Екіншіден, диплом алған мамандардың кәсіби білімінің төмендігі көзге ұрып тұрады.

Тағы бір мәселеге назар аударайық. Дәл қазір болашақ гуманитарийлердің 81 пайызы ақылы түрде білім алады екен. Ал заңгерлердің – 91 пайызы, болашақ экономистердің, бизнес және әлеуметтік ғылымдарды меңгеріп жат­­­­­­­қандардың 85 пайызы ақылы бөлімдерде оқиды.

Жоғары білімнің жаппай коммерциялануы мен кадрлар дайындаудағы кемшіліктердің одан сайын көбейіп кетуінің тағы бір себебі – ЖОО-да сырттай оқудың тым көбейіп кеткені. Өңірлердегі бірқатар жоғары оқу орындарында сырттай бөлімдерде оқитын студенттердің саны студенттердің жалпы санының 55 пайызынан да асып кетіпті.

ЖОО-лар өз өңірлеріне қажетті маман­дық­­­­­­­тар жайында да бас қатырмайды: бакалавр деңгейінде бізде 600-ден астам мамандық бір-бірлерін қайталайды, әрі мұндай мамандар еліміздің оңтүстік өңірі сияқты халық көп шоғырланған жерлерде емес, халқы аз өңір­­­­­­лерде де оқытылуда. Тіпті, кішкентай қа­ла­­­­шық­тардың өзінде бес-алты университет бар. Осылайша дипломды маман дайындау ісі бизнеске айналып кетті. Тіпті мемлекеттік оқу орындарында да жағдай осындай.

Міне, осынау асқынып кеткен мәселе алаңдатпай қоймайды. 24 жоғары оқу орнында 2012 жылы жүргізілген соңғы аттестация барысында анықталғанындай, 19 мың студенттің 46 пайызы аралық тестіні 3 пен 2-ге тапсырыпты. Осы тексерулердің нәтижелерімен танысқаннан кейін Білім және ғылым министрлігінің Білім комитеті, жоғары білім саласындағы басшылар мен қызметкерлер жоғары білім саласында өзгеріс­тер күтуі заңды. Солардың бірі – осы оңтай­ландыру мәселесі.

Жаңа құрылым – Республикалық қоғамдық кеңестің мақсаты белгілі. Ол Білім және ғылым министрлігінің консультациялық-кеңесші органы болып табылады. Мақсаты – жоғары оқу орындарын оңтайландыру арқылы еліміздің инновациялық экономикасын жоға­ры деңгейдегі мамандармен қамтамасыз ету.

Кеңестің құрамына Қазақстан Республи­касы Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» ХДП, БАҚ, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен кәсіподақ мүшелері кіреді.

Кеңес мәжілісінің нәтижесі бойынша қорытындылар мен ұсыныстар қабылданады.

Бүгінгі таңда өңірлердегі бірқатар жоғары оқу орындарының құрылымдық жүйесіне мәр­­­­тебелік сараптама мен талдаулар жасалады.

82 жоғары оқу орнының университет деген мәртебесі бар екен. Бұл ЖОО-лардың 59 па­­­­­­­­­йызы, 25 академия (18%) және 32 институт (23%) жұмыс істейді. Ал кейбір өңірлерде сту­­­­­­­­­­­­­дент­тердің сырттай оқу бөліміндегі үлесі басым.

Басқа да білім стандарттарына сәйкес келмейтін жайттар баршылық. Олардың бәрін тізіп шығу міндет те емес. Тек Қазақ­­­­­­стан­дағы оқу орындарының саны екі есе қыс­қаратыны нақты шындыққа айналатын болды. Еліміздегі 60 жекеменшік жоғары оқу орнының 30-ы ғана қалады. Енді әрбір облыс­та бір-бірден жекеменшік оқу орны болады.

Бүгінге дейін бұл күрделі процедурадан 10 университет өткен. Бұл жердегі әңгіме жай ғана оңтайландыру туралы ғана емес, университеттерді қайта машықтандыру мен өз саласына бейімдеу жайында болып отыр.

Қазір Білім және ғылым министрлігі рес­публика бойынша жұмыс берушілердің 50 қауымдастығымен байланыс орнатқан. Бұл қауымдастықтар Мемлекет басшысының тапсырмасымен кәсіби стандарттар әзірлеу­де. Оқытылатын мамандықтарды да, маман­дардың өздерін де нарық талаптарына сәйкестендіру қажет.

Ал еліміздегі ЖОО-ларын ары қарай оңтайландырудың салдарын саралау, қоғам­ның пікірін тыңдау мен ұсыныстарды бір жерге жинап талқылау ЖОО басшыларынан, Парламент депутаттарынан, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құралған республикалық кеңеске тапсырылуға тиіс. Өз кезегінде кеңес мүшелері нақты ұсыныстар беруге әзір. Демек, басталған істің көші жүре түзеледі деген сенім мол. Өйткені, жоғары оқу орындарын оңтайландыру – бүгінгі күннің бас­ты талабы.

Серік ПІРӘЛИЕВ,

ЖОО-ларды оңтайландыру жөніндегі республикалық

қоғамдық кеңестің төрағасы,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университетінің ректоры, профессор.

АЛМАТЫ.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті