Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Google «cөйлейтін» кроссовкі жасады

Дата: 13 марта 2013 в 14:12

Google «cөйлейтін» кроссовкі жасады

АСТАНА. 13 наурыз. Baq.kz — SXSW технологиялық конференцияда Google компаниясы «Сөйлейтін кроссовкілерді» (Talking Shoe) ұсынды. Бұл туралы «Комсомольская правда» газеті мәлімдеп отыр.

Озық үлгідегі өнертабыс Adidas спорт тауарлары өндірушілерімен бірігіп жасалған. «Ақылды» аяқ-киім өз иесінің әр қадамын бақылап, белсенділігі үшін мақтап, көп қимылдамаса ұрысып та алатын көрінеді.

 

Аяқ киімге қондырылған акселерометр мен гироскоп қолданушының әр іс қимылын бақылап, ақпаратты микрочипке жолдап отырады. Ал микрочип текстік хабарламаларды иесінің смартфоны мен әлеуметтік желілеріне жібереді. Бір орында тапжылмай тұрған адамға аяқ киім: «Егер қозғалмай тұрудан жарыс ұйымдастырылатын болса, сөзсіз сен жеңмпаз болар едің»,-дейді екен.
Сонымен қатар, аяқ киім қолданушысының өмір салтына биімделе алады.Сондай-ақ, спортшылар мен спортпен анда-санда айналысатын адамдарға әртүрлі талаптар қояды. Онда Bluetooth модулі де бар. Ол кроссовкіге смартфонмен байланыс жасауға мүмкіндік береді. Қолданушы ұялы аппаратына өзінің спорттағы жетістіктері туралы ақпаратты сақтайтын қосымшаны да орнатып, әлеуметтік желілерде бөлісе алады.

 

Алайда, Google компаниясы Talking Shoe-ды саудаға жібермейтінін ескертіп отыр. Бұл жетістігі арқылы компания жастарды аяқ киімдердің жеке модельдерін жасауға шабыттандыруды мақсат еткен болатын.
 

По сообщению сайта Baq.kz