Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Аудан әкімі балабақшаны бақылауға алды

Дата: 26 марта 2013 в 09:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Аудан әкімі балабақшаны бақылауға алды


Астана. 26 наурыз. Baq.kz — Жылдан жылға жер-жерден ана тілімізде дәріс беретін мекемелердің ашылып жатқаны қуантады. Қостанай облысының Меңдіқара ауданы тұрғындарының айтуынша, сондай мемлекеттік тілдегі балабақшаның бірі 2011 жылы осы ауданда да ашылыпты. Күні бүгінгіге дейін балабақшада үш меңгеруші ауыстырылып, ақыр аяғы оған ұлты орыс меңгеруші қойылыпты. Егер таза ұлттық тілде білім-тәрбие беретін ұйым болса, жергілікті білім басқармасының басшылары оған мемлекеттік тілді түсінбейтін меңгерушіні не мақсатпен қойды екен деген ой туады? Осы жайттың анық-танығын облыс әкімі блогынан оқуға болады.


Бір топ ата-аналар облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовтың блогына шағымданған: «Бұл балабақшада тәртіп жоқ, өзгерістер көп. Ас мәзірі дұрыс емес, мәзірінде құс еті(окорочка),шұжықтан (шпигачки)жасалған тағамдар. Балабақша жеке меншікке айналғандай. Бір жағы ересек балалар интернаты болса, ал бір кабинетке келіп тамыр-таныс шаш қияды. Не болып барады?!»,– депті «Жас алем» балабақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналары.
Ашынған ата-аналарға облыс басшысы арызға жауап әзірлеу барысында 2011 жылы ашылған мектепке дейінгі мекемеге құрылтай құжаттары негізінде мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбие беру балабақшасы мәртебесі берілмегені анықталғанын айтады: «Қазіргі күні 140 орынға арналған «Жас әлем» балабақшасында 100 бала тәрбиеленуде. Ол үш топқа бөлінген, мемлекеттік тілде және оның біреуі орыс тілінде. Бос орындарды есепке ала отырып үстіміздегі жылы орыс тілінде тағы бір топ ашу жоспарда бар.
Осыған байланысты, мемлекеттік тілді толық білуді ескере отырып, балабақша меңгерушісіне үміткерді іріктеуде біз маңызды себеп таппай отырмыз.
Балабақша меңгерушісінің бос орнына тиісті білімі мен тәжірибесі бар мамандар З.Ғапбасова мен Е. Божко үміттенді. З.Ғапбасова аталмыш лауазымға орналасудан бас тартқан соң, «Жас әлем» балабақшасының меңгерушісі болып Е. Божко тағайындалды.
Балалардың тамақтанудағы уақытша проблемалары азық-түлікті мемлекеттік сатып алу жөніндегі жыл сайынғы конкурстық процедуралармен байланысты. Осы күні талап етілген ассортимент пен сапалы ет өнімі сатып алынып, тәрбиеленушілерді тамақтандыру үшін пайдалануда.
Оқу жылының басына балабақша ғимаратында екі бос бөлме болатын. Осыған байланысты ауданның санэпидқадағалау қызметімен келісілу бойынша «Бұлақ» мектеп-интернатынан 18 баланы орналастыру туралы шешім қабылданды. Аталған балалар тобы балабақшада еш жайсыздық туғызбайды. Өйткені олардың өз жеке кіретін есіктері бар.
Өкінішке орай балалар мекемесінің қызметкерлері балабақша ғимаратында шаш бастырғаны туралы бір ғана оқиғаны растады. Балабақша меңгерушісі міндетін атқарушысының түсініктемесі бойынша бұл келеңсіздік жаңа жыл қарсаңында персоналдың мерекелік іс-шараларға қатысу үшін қызметкерлерді дайындаумен байланыстырады. Облыстық білім басқармасы осы факт бойынша аудандық білім бөлімінің басшылығына қатаң түрде ескертіп, санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуын бұдан былай болдырмауды атап көрсетті»,–дейді әкім.
Сондай-ақ, ол мектепке дейінгі мекемелерді қатаң бақылауды аудан әкіміне тапсырылғанын жеткізді.
Дәулетқали Асауов
 

По сообщению сайта Baq.kz