Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әр азамат Отан алдындағы өз жауапкершілігін сезінуі керек

Дата: 30 марта 2013 в 01:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сенбі, 30 наурыз, 2013 Жаңалықтар

Әр азамат Отан алдындағы өз жауапкершілігін сезінуі керек

Сенбі, 30 наурыз 2013 1:37

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың этносаралық қарым-қатынас мәселелеріне қатысы бар қызметкерлеріне арналған кеңес болып өтті.

Кеңес жұмысын ашқан Марат Тәжин шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты жетінші басымдықты іске асыру бойынша этносаралық қатынас саласындағы саяси және ақпараттық жұмыстардың өзекті проблемалары талқыланып, мемлекеттік этносаясаттың аймақтық компоненттері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстарын жетілдіру мәселелері қарастырылатынын атап өтті.

Біздің кеңесіміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясының қарсаңында өтіп отырғандықтан Елбасы Жолдауының талаптарын орындау аясында ұйымның алдында тұрған міндеттер мен оларды іске асырудың жолдарын талқылайтын боламыз, дей келіп, Мемлекеттік хатшы жас отандастарымыздың бойына патриоттық тәрбие егу мәселесі маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі болып табылатынын көлденең тартты. Бүгінгі күні бүкіл әлемде үдей түскен әлеуметтік шиеленістер, өркениет құндылықтарының дағдарысы, әлемдік жаңа тұрақсыздық сияқты қауіптер бізге де ой салуы керек. Сондықтан да патриоттық тәрбиеге деген прагматикалық және реалистік жаңа көзқарас қалыптастыру, әрбір азаматқа өмір сүрудің тең мүмкіндіктерін беру алдымызда тұрған басты міндеттер, деді ол.

Келешектің тағы бір басты міндеті – әр азаматтың өз Отанының тағдырына деген жауапкершілікті сезінуі, оның мүддесін қорғауға әзірлігі мен өз халқының мәдениеті мен дәстүрін сыйлауы. Осы негізгі құндылықтарды насихаттауға қоғамның барлық ұйымдастырушылық ресурстары қатысуы керек. Бұл – көп қырлы идеологиялық міндет. Олар білім, тәрбие, мәдениет және ақпарат, азаматтық қоғамдық институттар жүйесі арқылы жүзеге асуы тиіс, деді одан әрі М.Тәжин. Сондай-ақ ертеңгі күнге деген сенімділік пен тәртіптілік сияқты құндылықтар да отандастарымыздың ел алдындағы жауапкершілігін арттыратын дүниелер екені атап көрсетілді. Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы қазақстандықтарды ұйыстырушы ретінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің рөлін арттыру, оның кеңінен қолданылуына, жан-жақты жандануына жағдай жасау мәселелеріне айрықша көңіл бөлу қажеттігін айтып өтті.

Кеңесте Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстары туралы негізгі баяндаманы ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов жасады. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық қатынасты нығайту туралы тапсырмаларының аймақ­тардағы орындалу барысы жөнінде Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеяларының есеп­тері тыңдалды. Кеңес барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мемлекеттік органдардың этносаралық келісім мен қоғам­дық тұрақтылықты нығайту, Ас­самблеяның жұмысын ақпараттық және ғылыми тұрғыдан қолдау мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы мемлекеттік органдарға этносая­сат бағытындағы жұмыстарды күшейту, ведомствоаралық үйле­сім­ділікті арттыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қо­ғам институттарының ынтымақ­тас­тығын жандандыру мәселелері жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Кеңес жұмысына министр­ліктер мен ведомстволардың, Президент Әкімшілігі бөлім­дері­нің басшылары, барлық облыс­тар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, ҚХА-ның аймақтардағы хатшылығының меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан».

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті