Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

КХДР Оңтүстік Кореяға соғыс жариялады

Дата: 31 марта 2013 в 15:22

Сенбі, 30 наурыз, 2013 Әлемде

КХДР Оңтүстік Кореяға соғыс жариялады

Сенбі, 30 наурыз 2013 22:33

Солтүстік Кореяның билігі бүгін сенбі күннің түнінде (ол жақта әлдеқашан түн болды) Корея Республикасымен «соғыс жағдайында» екенін жариялады. Бұл туралы РИА «Новости» КХДР-дің Орталық телеграф агенттігі дерегіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Бұдан бұрын, жұма күннің түнінде Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын елдің ракеталық әскерлеріне АҚШ-тың континентті бөлігі мен оның Оңтүстік Корея және Тынық мұхиттағы әскери базаларына соққы беруге дайын тұру жөнінде бұйрық берген болатын. Бүгін КХДР билігі сондай-ақ Сеул Пхеньян тарапына жаулығын жалғастыра берер болса, Оңтүстік Кореямен бірге пайдаланып отырған Кэсон индустриялық аймағын басып алатынын мәлімдеді. Бұл жерде әңгіме Солтүстік Кореяның демилитациялық аймаққа жақын жердегі Кэсон қаласындағы өндірістік аймақтағы бірлескен жобаларды жабу болып отыр. Өндірістік аймақта солтүстіккореялық мыңнан аса адамға нәпаха тауып беріп отырған 100-ден астам орта және шағын кәсіпорындар жұмыс жасайды.
Оңтүстік Корея жағы солтүстіктегі қандастарының бұл әрекетін батыл айыптап отыр. Сеул сонда да болса Пхеньянның бұл мәлімдемесін кезекті қоқан-лоққы ретінде қабылдап отырғанға ұқсайды.
Сәкен Майлыбай.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті