Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Химиялық қарудан азат әлем құру жолында

Дата: 17 апреля 2013 в 02:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сәрсенбі, 17 сәуір, 2013 Жаңалықтар

Химиялық қарудан азат әлем құру жолында

Сәрсенбі, 17 сәуір 2013 2:18

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов бастаған қазақстандық делегация Нидерландының Гаага қаласында өтіп жатқан Химиялық қаруға тыйым салу туралы (ХҚТС) конвенция іс-қимылын қарау бойынша Үшінші шолу конференциясына қатысушы елдер басқосуына қатысуда, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Шолу конференциясының ашылуына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун қатысты. Ол өзінің сөзінде химиялық қарудан азат әлем құруға қол жеткізу үшін барлық елдердің күш-жігерін біріктіру қажеттігін ерекше атап көрсетті. БҰҰ басшысы сондай-ақ, Сирияда химиялық қару қолдану ықтималдығына тексеру жүргізудің маңызын және БҰҰ сарапшылары тобының осы елге баруға дайын екендігін атап өтті.
Ортақ пікірталастар шеңберінде қазақстандық деле­гацияның ой-пайымы да ортаға салынды. Онда Қазақ­станның Конвенция мақ­саттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бейілдігі атап көр­сетіліп, елімізде оның шешуші мәселелері бойынша алғышарттары белгіленгені көлденең тартылды. Кон­фе­ренцияға қатысушылар Кон­венция міндеттерін орындау үшін Қазақстан тарабы қа­былдап жатқан практикалық ша­ралармен, сондай-ақ ХҚТС-ның Техникалық хат­шылығымен бірге атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырылды.
Қазақстан делегациясы ХҚТС-ның Бас директоры Ах­мед Узумджюмен және бірқатар делегациялар басшыларымен кездесті. Кездесулер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік жобаларды жүзеге асыру бойынша іс-қимылды тереңдету мәселелерін талқылап, Конвенцияның аса көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қазақстан Республикасы Химиялық қаруды жасауға, өндіруге, жинақтауға және қолдануға тыйым салу туралы және оны жою туралы (Химиялық қауіпсіздік конвенциясы) конвенцияны 2000 жылы ратификациялаған болатын.

- — Weather When Posted --

Temperature: 55°F;Humidity: 74%;Heat Index: 55°F;Wind Chill: 52°F;Pressure: 30.12 in.;  Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті