Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Туған жердің түтіні де тәтті

Дата: 01 мая 2013 в 02:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сәрсенбі, 1 мамыр, 2013 Жаңалықтар

Туған жердің түтіні де тәтті

Сәрсенбі, 1 мамыр 2013 2:00

Күні кешегі алып империя – Кеңестер Одағы ыдырап, одақтас республикалар өз алдына тәуелсіздік алған тұста, Қазақстанды мекендеген этностардың бірсыпырасы тарихи отанына атбасын бұрғаны мәлім. Алайда, солардың бәрі бірдей барған жерінде тастай батып, судай сіңіп кете алмағаны да рас. Қазақ жері асығыс шешім қабылдап, ағаттық жасаған оларды кеудеден итерген жоқ, қайта келгендерің қандай жақсы болды, деп қуана қарсы алды. Қазақтың ғана пешенесіне жазылған кеңдігі мен қонақжайлылығына үйренген, «көрші қақысы, құдай ақысы» деп күн кешетін тұрмыс-салтына қалыптасқан қай ұлттың да өздері туған өңірге оралуының өзі елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігінің беріктігін көрсетті. Жүзден астам ұлттың Отанына айналып отырған Қазақстанның басты байлығы да осы – өзара татулық пен төзімділік екені әлдеқашан дәлелденген шындық.

Жақында чех этномәдени бірлестігінің төрайымы Валентина Пэструмен кездейсоқ жүздесіп қалдық. Қашанда қазақстандықтарға, соның ішінде, қазақтарға айрықша алғыс сезімін алға тарта сөйлейтін Валентина Андреевна бұл жолы да әңгіме арнасын еліміздегі ынтымақ пен татулыққа бұрды.

– Қазақстанның қадірін өзге елге шыққанда айқын аңғарасың. Біздегі адамдардың бір-біріне қайырымдылығы мен қамқорлығына тәнті боласың. Шыны керек, әрісін айтпағанда, күні кеше аралас-құралас болған ТМД мемлекеттерінде де біздің елдегідей бірлік пен достық ниет байқала бермейді. Біздегі ынтымақ пен бірліктің басы – қазақстандық қайырымдылық қасиеттерден арна тартады деу орынды болар, бәлкім,– дейді ол.

Валентина Андреевна да кезінде тарихи отаны – Чехияға көш басын түзеген 25 отбасымен бірге аттанған-ды. Алайда, жерсінбеді, бес ай өткен соң кейін қайтты.

– Жылы орнымды суытып, қоныс аударғанымды әлі күнге кешіре алмаймын. «Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқ» дегендей, алаңкөңіл болып аттанып, асығыс шешім жасағаныма өкінемін. Біздің барлық тұрмыс-тіршілігіміз, салт-дәстүріміз, мінез -құлқымыз туған жерімізден, осында тұратын этностардың ортақ қазынасынан тамыр тартатынын сол жақта анық аңғардық. Сөйтіп, өзіміз өскен, саналы ғұмырымыз өткен туған жерге қайта табан тіредік, – дейді В.Пэстру жырақта өткен көңілсіз күндерді еске алып.

Ол кезде облыс орталығын­дағы ВОХР ауданында тұрып жатқан чех отбасылары да тарихи отанына көтеріле көшті. Валентина Андреевна да солардан қалмай үйін арзанға сатып, буынып-түйініп ұшаққа отырғанда барып, жүрегінің бір нәзік қылы үзілгендей күй кешті. Неге осындай қадамға бардық. Бізді ешкім де шеттетіп жатқан жоқ қой, деген ой бір жағынан қамшыласа, екінші жағынан өз ұлтымнан қалып не табамын деп өзін жұбатқан болды. Алайда, ұшақ қанатының астында қалып бара жатқан туған жер, өскен ортаны ойлағанда, қателескенін бек түсінді. Жақынынан, қымбаты мен бағасыз байлығынан айырылғандай күйге түсті.

Әйтпегенде ше, ол Қазақстанға 50-жылдардың аяғына таман келді. Әкесін Чита облысынан осында қызметке жіберген -ді. Бұған дейін олардың отбасы Ульяновск, Кемерово, Чита қалаларында тұрды. Мұнда келген соң әкесі енді ешқайда қоныс аудармауға серт берді. Сөйтіп, осында қалды. Отбасында алты бала болды. Олар көршілері – қазақтармен тату-тәтті тұрды, өз тұрғыластарымен ойнады, мектепке барды, қыдырды, дос­тасты. Тұрмыстың ауырлау кезінде бір-бірімен қолда барларымен бөлісті. Көршілес тұрған отбасылары қай ұлттансың деп қырын қарамады, бірімен бірі қатынасты, әр ұлттың жақсы жақтарынан үлгі-өнеге алды, салт-дәстүрін, тілін үйренді. Валентина Андреевна пісірген бауырсақ, ет тіл үйіретін дәмділігімен тәнті ететінін араласқан жерлестері де ұмыта қоймаған болар.

– Осындай өмір салтына үйренген біз соның бәрінен бір сәтте айырылып қалдық. Жат елге келгендей болдық. Мұны отбасымыз түгелдей сезінді. Қымбатшылық, өмір ұстанымдары, адамдардың менталитеті, бәрі-бәрі жанымызға жақпады. Қазақтарға ғана тән жылы жүзді қарым-қатынасты, қонақжайлылықты, қайырымдылықты аңсадық. Соның бәрі Қазақстанға деген сағынышымызды санамызда сарғайтты. Бір күні кіші ұлым «біз мұнда неге келдік, үйге қайтқым келеді» дегенде өзімді қоярға жер таппадым,– дейді ол.

Рас, бұл тек Пэструлер отбасының ғана басындағы жағдай емес-ті. Чехияға қоныс аударған көптеген отбасылардың өкініші еді. Соңғы қаржыларын жинап, автокөлік сатып алған Пэструлер отбасы Қазақстанға қанат байлап ұшқандай асыға жетті. Польша, Белоруссия және Ресей шекараларындағы бірнеше бекеттен өтіп, қазақ даласына жақындағандағы көңіл-күйлерін айтып жеткізу қиын болар, сірә!

– Оу, жерлестеріміз келіп қалды. Хош келдіңіздер, енді ешқайда табан аудармаңыздар, – деген достық ниеттегі таныс дауысты естігенде қатты толқыдық. Қонақжай қазақтардың қадір-қасиетін бұрынғыдан гөрі терең  ұғына түстік, – дейді В.Пэстру.

Тарихи отанына қоныс аударған 25 чех отбасының 15-і Ақтөбеге қайта оралды. Келе олар достық құшаққа оранды. Барлық таныстар, әр ұлттың өкілдерінен тұратын достар қолдан келген көмегін берді, қолдау көрсетті. Жергілікті билік те туған жеріне оралған жерлестерінің қайтадан тұрмысын түзеп, орнығып кетуіне барлық жағдайды жасады. Олардың қалыпты өмір сүруіне көңіл бөлді.

Пэструлер отбасын көп ұлтты деуге әбден болады. Жұбайы Иван Васильевич – молдаван, келіні Ольга – украин қызы. Отбасы мүшелері түгелдей қазақша біледі, түсінеді.

– Мемлекеттік тілді білуіміз бізді өзара жақындастыра түседі. Біз бірлік пен келісім бар елде тұратынымызды мақтаныш тұтамыз. Қазақстан – менің Отаным, мен оны ешқандай елге алмастырмаймын, тіпті кәрі құрлық Еуропаға да. Біз көп ұлттың өкілдері мұнда тату-тәтті тұрамыз. Елімізде жыл өткен сайын өмір сүру деңгейі артып келеді. Тәуелсіз мемлекетімізді дамудың даңғыл жолымен алып келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз. Осының барлығы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының арқасы екенін әрбір қазақстандық жете түсінеді, – дейді В.Пэстру.

Ол сөз арасында Мәртөк ауданына да чехтардың оралып жатқанын айтып, солармен байланысу ниетінде екенін жеткізді. Туған жеріне оралған қандастарының да дұрыс жасағандарына қуанады. «Туған жердің түтіні де ыстық» деген осы.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті