Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Отарлы мал шаруашылығын дамытуды неден бастау керек?

Дата: 24 мая 2013 в 02:12

Жұма, 24 мамыр, 2013 Үкімет

Отарлы мал шаруашылығын дамытуды неден бастау керек?

Жұма, 24 мамыр 2013 1:59

Мал жайылымы қазақ үшiн қаншалықты маңызды? Ата — бабалардың бар өмірі жермен тікелей байланысты. Көшпендiлер айтқан екен: «Тәңірі шөптi және суды бередi, мал тәңірінің сыйлығын жейді, бiз оларды жайып, өзіміз сонымен қоректенеміз». Өз өндiрiсiнің ерекшелiгiне байланысты, көшпендiлер шаруашылық мақсаттары үшiн бiр жерді қай­та-қайта пайдалана бермеген, өйт­кені, ол жерден табиғат бергеннен артық, мал азығын алуға болмайды. «Қазақтардың мал шаруашылығымен айналысуы олардың көшпелі өмірін сүйемелдеу үшiн ғана емес, ол өте жауапты іс болатын. Және қазақ халқы даладағы бұрынғы кеңшіліктің орнына қатты таршылықты сезбегенше, бұл өмір отырықшылыққа жол бермейді», деп жазған Сұлтан Сейдалин.

Коллективтендіруден кейiн, Қазақстанның мал шаруашылығына зор шығын әкелген 1942 жылдан бастап жайылымды игеруде жаңа кезең басталды, ол – отар­лы мал шаруашылығы. Отар­лы мал шаруашылығы (отгонное животноводство) – малды ша­руа­шылықтың негізгі орталы­ғы­нан қашықта, жайылымда, жыл­дың бір маусымдық мезгілінде ұс­тауды ұйымдастырудың мал ша­руашылығындағы түрі (энци­кло­­педиялық анықтамасы). Жа­йы­­лымды отарлық тәсілмен пай­далану бұрын қолданылып жүр­­ген жем-шөп өндіру ауданын кеңейттi және рес­публикада ауылшаруашылық мал басының елеулi көбеюiн қамтамасыз еттi. Осылай, 1961 жылы 1934 жыл­мен (коллективтендіруден кейiнгі алғашқы мал санағы) салыс­тыр­ғанда, мал басы 5 есе өстi (1934 жы­лы шартты қой басы – 12897,0 мың және 1961 жылы шартты қой басы – 62865,0 мың). Сол кезде, негiзiнде, көшпенді қазақтардың ғасырлар бойы жинаған білімдері сұранысқа ие болған, көп жағдайларда бұ­рын­ғы көшпенді жолдар бағдар­лары пайдаланылған. Бірақ, отар­лық жайылымның азықтық сыйым­дылығы, жайылымның жүк­темесi экологиялық ықтимал мөлшерлерден аспағанға дейiн сақталған. Бұл 70-ші жылдардың басында болды. Отарлық көшіп-қону кезінде әрқайсысында 50-60 мың қой басы бар 155 жаңа қой өсiретiн кеңшарлар құрылды. Отарлы мал жайылымдарының малазықтық сыйымдылығы онда жайылатын және өсіп келе жатқан малдың басына сәйкес келмегендіктен, кейiнiректе мал жайылымдарының азғындауына, нашарлауына, содан соң мал шаруашылығы тиiмдiлi­гi­нің төмендеуіне әкеп соқты.

Бүгін республикада 188 мил­лион гектар жайылымның 82 миллион гектары пайдаланылады, оның ішінде 26,5 миллионы жайылымнан шығып қалған. Бұл 82 миллион гектар жайылымда 10 миллионнан астам шартты ІҚМ басы жайылады. Орта өнімділігі бойынша гектарына 6,0 центнер жайылымдық шөптен және жеті гектардан 1 бас ІҚМ-ға келетін мал жайылымдық жерден, мал жайы­лымы кезеңінде (180 күнде) жануарлар 4,2 тонна қорек жинап алады. Бiр басқа қажеттi азық 6,3 тонна десек, жайылымдық азық тап­шылығы 30%-дан асады. Демек, қалыптасқан осындай жағдайда пайдаланылатын жерден (сапасын айтпағанда) қосымша өнiм алу өте күрделi.

Біріншіден, бiздің ойымызша, ауылшаруашылық айналымындағы мал жайылымдарын суландыру қажет. Бұл категориядағы мал жайылымдық жерлердің 61,0 миллион гектарының 38,1 миллион гектары немесе 62,4%-ы сулан­дырылған. 23 миллион гектарды суландыру қажет – бұл шамамен 2500 құдық. Қазiргi уақытта сумен қамтамасыз ету және малшы­лардың қалыпты жұмыс істеуі үшiн инфрақұрылым жасау, яғни отарлы мал шаруашылығын игеру туралы АШМ бағдарламасы iске асырыла бастады.

Біздің пікірімізше, құдықтарды, суаруға арналған пункттерді, отарлы мал шаруашылығына керекті жабдықтардың инфрақұрылымын салу тек отарлы мал жайылымы және осы жайылымдарды пайдаланатын малы бар шаруашылықтарда ғана жүргізілуі қажет. Біз мұны қазіргі жағдайда, малдары жоқ, бірақ жайылымдарда мемлекет қаражатының есебінен, сол жер­лерді артынан қымбатырақ сату мақсатында, құдық салуды қалау­шылар пайда болуы мүмкін деген себеппен айтып отырмыз. Бұндай жағдайға жеткізуге болмайды.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы департаментiнiң мәлiметтері бойынша, 950 шахта­лық және бұрын жұмыс iстеген 625 құбырлы құдықтардан бүгiн­де 198 шахталық және 10 құбыр­лы құдықтар жұмыс iстейдi. Әрине, облыс үшiн осындай мөлшерде­гі су көздері өте жет­кiлiксiз және бұл мәселе аса маңыз­ды, бірінші ке­зек­те шешуді талап етедi.

Келесi кезең, отарлы мал шаруа­шылығын дамыту жолында, қордағы жерлердi (88 миллион га) жайылым аумақтарына айналдыруға тарту. Бiздiң пiкiрімізше, отарлы мал шаруашылығының дамуы екi бағытта жүргізілуі тиiстi. Бірінші, отарлы мал жайылымдық жер­лер­ді елдi мекендердің жайылым­­дық жерлерінің экологиялық жағ­да­йын жақсарту үшiн пайдалану, екінші, отарлы мал жайы­лым­­дар­ды қой шаруашылығын дамытуға, тебiнді жылқы шаруашылығын, етті малды жайып семiртіп, экологиялық таза өнiмді экспортқа шығару мақсатында пайдалану. Бұл бағыттарды, әрқайсысының өз шешу жолы бар, мүлде дербес мақсат ретінде қарастыру керек. Бірінші бағытқа байланыс­ты, бұл жерде, әр елдi мекеннiң мал жайылымдарын экологиялық төлқұжаттаудан бастау керек. Осымен, ауылдың мал жайылымында қанша мал санының қалатындығы, ал қаншасын сыртқы жайылымға ауыстыру қажет екендігі анықталады. Екiншi жағдайда, отарлы мал жайылымдарын игеру әдiсі, біріншіден, осы жерлерде орналастыруға жобаланған жануарлардың түріне байланысты: қойлар үшiн – бұл бір жол, етті мал үшiн – басқа жол және тағы басқалар. Кез келген жағдайда отарлы мал шаруашылығының негiздерi: жайылым аумағын ұйымдастыру (әрбір пайдалануға белгіленген мал жайылымдарының массивiн ішкішаруашылық жерге орналастыру), жайылымды сумен кепiлдi түрде қамтамасыз ету және малшылардың тұруы мен жұмыс істеуі үшiн инфрақұрылым жасау. Отарлы мал жайылымдарда малды жыл бойы ұстауға керекті ірі сояулы шөппен және құрама азықтармен толық қамтамасыз етуді ұмытпағанымыз жөн. Айтпақшы, Канаданың фермерлері қысқа 1 бас етті малға 2,2 тонна жоңышқа шөбін және 1 тонна жүгерi сүрлемiн дайындайды.

Жайылымда орналасқан мал шаруашылығы аудандары жылдың қолайсыз оқиғаларын ескерту үшiн агрометеорологиялық бақылау жүйесiмен қамсыздандырылуы керек (қуаңшылықты, қардың мол жаууын, мұздақ жаңбырлар және тағы басқаларды күні бұрын білуі, сезінуі үшін). Мұнда да жердi дистанциялық барлап, байқауды және ғарыштық жедел жүйелерді қосу керек.

Әрине, отарлы мал жайылымдарын игерудiң басты фактор­ларының бiрi оларды суландыру болып табылады. Бүгiнде, біз әрбір отарлы бөлiмшеге электр қуаты апарылмайтыны туралы нақты түсінуіміз қажет. Күн мен желдің дәстүрлi емес энер­гиясымен жұмыс iстейтiн, қазiргi электр қондырғылары, малшы­лардың тұрмысы мен қалыпты жұмыстарын және жер асты суларымен қамтамасыз етуге қабiлеттi. Бүгінде біздің елімізде отарлы мал жайылымдарын игеруде, үлкен жетістікпен жұмыс жасай алатын және пайдалануға болатын қондырғыларды жасайтын зауыт жұмыс істеуде.

И.АЛИМАЕВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор,

Н.АЙТУҒАНОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Алматы.

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті