Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Универсиада

Дата: 07 июня 2013 в 01:52

Жұма, 7 маусым, 2013 Спорт

Универсиада

Жұма, 7 маусым 2013 1:39

Универсиада (Universiade)  – университет спортшыларының халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін белгілі де беделді халықаралық жарыс. Ол аты айтып тұрғандай, «Университет» және «Олимпиада» деген сөздердің қосындысынан туған құрметті атау. Құрметтісі сол, аталмыш бәсеке «Студенттердің дүниежүзілік ойындары» немесе «Дүниежүзілік университет ойындары» деп те айтылады.

Студенттер спортының тарихы сонау 1905 жылдан бастау алады. Өйткені, сол жылы АҚШ-та студенттер арасында алғашқы халықаралық жарыс болып өтіпті. Ал 1919 жылы Студенттер конфедерациясы құрылып, осы ұйымның аясында 1923 жылы Париж қаласында алғашқы дүниежүзілік универсиада болған.

Олимпиада ойындары сияқты универсиада ойындары да «жазғы» және «қысқы» деп бөлінеді. Тарихқа көз жүгіртсек, универсиада ойындары алыс жұрттарды айтпағанда, етене таныс елдердің ішінде Софияда (Болгария) 1961, Будапеште (Венгрия) 1965, Мәскеуде (КСРО астанасы) 1973, Софияда (Болгария) 1977, Бухарестте (Румыния) 1981, Загребте (Югославия) 1987, Белградта (Сербия) 2009 жылдары өткізіліпті. Тіпті, София қаласында екі рет ұйымдастырылыпты. Ал енді биыл Жазғы универсиаданың ХХVІІ алауын Қазан қаласы (Ресей Федерациясы) қабылдап алып отыр. Алдағы жылдарға көз жүгіртсек, бұдан кейінгі Жазғы универсиада ойындары да Қазақ елінен алыста, яғни 2015 жылы Кванджу (Корея), ал 2017 жылы Тайпейде (Қытай) өз алауын жағады екен.

Шүкірі сол, Қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері спорттық белгілі де беделді додаларды ұйымдастыруда өз еншісінен қал-қадерінше құр қалмай келеді. Соның бірі V Қысқы Азия ойындары. Ол 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында табысты өтті. Сондай-ақ, 2017 жылғы Қысқы универсиаданың туы да Қазақ елінде көтерілмекші. Бұл жас мемлекет үшін аз жетістік емес. Осындай дайындықтар мен талпыныстарға қарап отырып, одан арғы жылдарда еліміз Жазғы универсиада мен Жазғы олимпиада ойындарын өткізуге де батыл қадам жасайтын шығар деп үміттенеміз.

Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында өтетін Жазғы универсиада ойындарының дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Мұнда бүгінде студенттер ойындарын сапалы өткізу мақсатында жаңадан 64 спорт нысаны өз мерзімінде іске қосы­­­лыпты. Ал «Спортшылар ауылы» 29 мау­сымда есік ашпақ. Міне, осы күннен бастап әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған танымал спортшылар Қазан қаласын бетке алып, Еділ-Жайық өзенінің жағасындағы елге атбасын тірей бастайды.

Студенттер жарысы 12 күнге жоспарланыпты. Осы уақыттар ішінде 26 спорт түрі бойынша 300-ден астам медаль талантты спортшылар бәсекесінің нысанасына айналатын болады.

Қазан қаласында өтетін Жазғы универсиаданың бойтұмары да дайын. Ол мазмұны мен мәні жағынан қазақ спортшыларына жат емес. Өйткені, «Қар барысы» қазақ спортшыларының да жігерін жанып, жеңіске құлшындыра түседі деп ойлаймыз.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

 Принтерден шығару

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті