Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2300 қазақстандыққа мемлекетаралық іздеу жарияланған

Дата: 24 сентября 2013 в 17:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Басқарма басшысының мәліметіне сүйенсек, бүгінде 2300 қылмыскер мемлекетаралық іздеуде жүр. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 1500 адам бар екен.

«2300 қазақстандықтың ішінде 200-і адам өлтіргені үшін іздеуде жүр, 134-і адам қарақшылық шабуыл жасаған. Сондай-ақ 30 адам лаңкестік қылмыс жасағаны үшін айыпталған», — деді Мұрат Шамғұнов.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартын ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. «Бұл келісім барлық мемлекеттік құқық қорғау органдарының іздеуге қатысуына мүмкіндік береді, яғни біз заңнамалық деңгейде тек Қазақстанның мемлекеттік органдарынан ғана емес, ТМД аумағындағы өзге елдерден қажетті мәлімет ала аламыз. Тиісінше біз де мәлімет береміз. Сөйтіп, іздеу үдерісіне барлық мемлекеттік органдар заңды негізде тартылатын болады», — деді М.Шамғұнов.

Сөйтіп, аталмыш заң жобасы қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға, ынтымақтастықтың тетігін құруға және адамдарды мемлекетаралық іздестіруде ақпаратпен жедел алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

По сообщению сайта Nur.kz