Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алтынның лебі. Абаттың тырнақалдысы

Дата: 24 октября 2013 в 15:12

Премьер-лига

Алтын медаль 19 қазан күні өткен кезекті турда жеңіске жеткен «Ақтөбенің» тура қасына келді. Қалған екі турда Владимир Никитенконың жігіттері сақалды қолдан бере қоймайтын шығар. Биік тұғырға бесінші рет шығар күн жақын қалды.

Ал үшінші орын үшін тартыс үш команданың арасында бұрынғысынша шиеленіскен күйінде қалып тұр.

Енді ретімен баяндайық.

30-турда «Ақтөбе» өз алаңында «Шахтерді» қабылдады.

Еуропа алаңдарындағы ойындарға алаңдаған «Шахтер» бұл ойынға екінші құрамымен шықты деуге болады. Бір жағынан, осы да себеп болған шығар, ал екінші жағынан, маусым басталғаннан бергі тас түйін қалпын осы жолы да бек ұстанған «Ақтөбе» жанкүйерлерді шын риза етті. Бұл кездесуде гол соғатын мүмкіндіктеріміздің көп болғаны соншалықты, қарсыластар қақпасына кімдер соққы бағыттағанын тізіп шыққаннан гөрі қай футболшы қақпаны нысанаға алмағанын есептеп шығару оңайырақ шығар. «Ақтөбенің» тап осылай ойнайтынын білгендей бұл күні жанкүйерлер де батыс, шығыс трибуналарды лық толтырып еді.

Ал ойын барысына келсек, 13-минутта алма-кезек пастар арқылы ілгері шыққан Тимур Кападзе он бір метрлік нүктеге қарата шұғыл соққы жасады да, допты осы маңға жетіп келген Марат Хайруллин шірене теуіп, торды бүлк еткізді — 1:0. Ал 50-минутта Александр Гейнрихтің соққысынан соң қақпашы кері серпіген допты Петр Бадло құлай түсіп барып, өз басынан асыра тепті де, әдемі гол иесі атанды — 2:0. Алаңға 66-минутта шығып, Евгений Дяденконы алмастырған Ақтөбе футболының түлегі, 18 жастағы шабуылшы Абат Айымбетов 84-минутта аяғына орала кеткен допты еш ысырап етпей, командадағы алғашқы есебін ашты — 3:0. Ал 89-минутта Тимур Кападзенің алаң ортасынан дерлік жасаған тура оқыс соққысы қақпашыны және қапы қалдырды — 4:0.

«Ақтөбе»-«Шахтер» — 4:0
Гол авторлары: Марат Хайруллин, 13-минут (1:0); Петр Бадло, 50-минут (2:0); Абат Айымбетов, 84-минут (3:0); Тимур Кападзе, 89-минут (4:0).

«Ақтөбе» төмендегі құрамда ойнады: Жасұр Нарзиқұлов, Петр Бадло, Асхат Тағыберген (Санат Шалекенов, 62-минут), Евгений Дяденко (Абат Айымбетов, 66-минут), Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Сергей Давыдов (Сергей Лисенков, 67-минут), Александр Гейнрих, Алексей Мулдаров, Андрей Харабара, Роберт Арзуманян.

Бұл екі команда Премьер-лига ойындарында осымен 46 рет кездесті. 17 рет «Ақтөбе» жеңіп, «Шахтер» 14 рет басым түсті, 15 ойын тең есептермен аяқталды. Доп айырмашылығы: 44-44.

Биылғы маусымда «Шахтерді» осымен төртінші рет жеңіп отырмыз. Өз алаңымызда — 3:1; 4:0; сырт алаңда — 2:1; 1:0. Он голдың иелері — А.Гейнрих (4), М. Хайруллин (2), С. Гридин, П. Бадло, А.Айымбетов, Т.Кападзе.

 

*    *    *

Басқа кездесулер:

«Ертіс»-«Астана» — 0:1

Гол авторы: Патрик Твумаси, 15-минут (0:1).

«Қайрат»-«Ордабасы» — 0:0

«Восток»-«Атырау» — 1:2

Гол авторлары: Георги Пейкришвили, 2-минут (0:1);  Айбар Нұрыбеков, 24-минут (0:2); Папа Ньянг, 89-минут (1:2).

Сергей Костюк («Восток») орындаған он бір метрлік айып добын атыраулық қақпашы дарытпады.

«Тараз»-«Тобыл» — 2:0
Гол авторлары: Абдулай Диакате, пенальти, 19-минут (1:0); Мирослав Лечич, 81-минут (2:0).

«Ақжайық»-«Жетісу» — 0:0


ОЙЫН КЕСТЕСІ

 

1-6 ОРЫНДАР

 

Командалар           О         Ұ          Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Ақтөбе      30       20       5          5          44-19  42 

2 Астана      30       17       5          8          49-34  36

3 Ертіс             30   12       8          10       38-33  27

4 Қайрат        30       10       12       8          39-35  27

4 Шахтер       30       12       7          11       41-39  26

6 Ордабасы                30   10       7          13       28-34  22

 

О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

 

*   *   *

Чемпионат басталғалы жанкүйерлер ең көп келген тур осы 30 тур болды. Стадиондарға 32 000 жанкүйер келіпті. Сондай-ақ, «Қайрат»-«Ордабасы» кездесуіне 14 000 мың жанкүйердің жиналуы — жаңа рекорд. Бұған дейінгі рекорд «Ақтөбе»-«Астана» және «Қайрат»-«Ақтөбе» кездесулеріне 12 мыңнан жанкүйер жиналғаны еді.

30-турдағы жанкүйерлер есебі: Алматы — 14 000, Ақтөбе — 10 000, Павлодар — 3500, Орал — 2000, Өскемен — 1500, Тараз — 1000. Көрініп тұрғандай, жанкүйерлердің 75 пайызын Алматы мен Ақтөбе стадиондары жинапты.

 

*   *   *

7-12 орындар үшін сайыста «Тобыл» 32 ұпаймен алда келеді.

Одан кейін орналасқандардың ұпайлар саны төмендегідей: «Атырау» — 25, «Тараз» — 20, «Восток» пен «Жетісудың» жағдайлары бірдей — 18. Соңғы орында бұрынғысынша «Ақжайық» тұр — 16 ұпай.

«Ақжайық» биыл Премьер-Лигамен қоштасуға тым тақау тұр. Оған серік болатын тағы бір команда Талдықорғанда өтетін «Жетісу» мен «Восток» кездесуінде анықталып қалуы да мүмкін. Рас, бұл қауіптен «Тараз» да таза ада деуге болмайды.

 

*   *   *

Біздің мергендер:

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 7;

Александр Гейнрих (шабуылшы) — 6 доп;

Тимур Кападзе (жартылай қорғаушы) — 5;

Роберт Примус (қорғаушы) — 4;

Петр Бадло (қорғаушы) — 4;

Юрий Логвиненко (қорғаушы) — 3;

Сергей Гридин (шабуылшы) — 3;

Андрей Харабара (жартылай қорғаушы) — 2;

Дмитрий Мирошниченко (қорғаушы) — 2;

Сергей Давыдов (шабуылшы) — 2;

Роберт Арзуманян (қорғаушы) — 2;

Антон Землянухин (жартылай қорғаушы).— 1;

Сергей Ковальчук (жартылай қорғаушы) — 1;

Абат Айымбетов (шабуылшы)  — 1.

(Бір голды М.Хайруллиннің «көмегімен» А.Мухутдинов («Ертіс») өз қақпасына соғып алды).

 

*   *   *

27 қазан күні, жексенбіде «Ақтөбе» сырт алаңда «Астана» командасымен кездеседі.

Астаналықтарды бұған дейінгі үш кездесуде де жеңгенбіз (2:1; 2:1; 2:0). Гол авторлары: Т.Кападзе (3), А. Харабара, Д. Мирошниченко, М. Хайруллин.

Қалған кездесулер:

«Шахтер» — «Қайрат»

«Ордабасы» — «Ертіс»

«Жетісу» — «Восток»

«Атырау» — «Тараз»

«Тобыл» — «Ақжайық»

Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті