Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан әлемдік рейтингте 34 орынға көтерілді

Дата: 18 декабря 2013 в 14:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Швейцария және басқа да елдердің ғалымдарынан құрылған топ Ресей ғылым академиясы Экономикалық стратегиялар институты базасында жұмыс атқарады.

Бұл рейтинг орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жарияланады.

«Қазақстан экономикасы бірінші кезекте Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы тәуелсіздігін алған 22 жылдың ішінде көптеген салаларда ауқымды реформалар жүргізді. Стратегия-2050 бағдарламасында қоғамның барлық саласын дамытудың нақты қадамдары егжей-тегжейлі көрсетілген», — дейді Халықаралық сарапшылар тобының мүшесі Ресейлік профессор Александр Агеев.

«Әзірге әлем бойынша сіздердің президенттеріңіз әзірлеген стратегияға тең келер бағдарлама жоқ деуге болады. Бұл – Қазақстанды XXI-ғасырда дамыған 30 елдің қатарына қосады. Біздің есебіміз бойынша, 2025 жылы Ғаламдық рейтингте Қазақстан 10 орын ілгерілеп, 24-орынға дейін көтеріледі», — деп жалғастырды сарапшы.

Зерттеулердің нәтижесі бойынша Қазақстан 2013 жылы бұл рейтингте 34-орынға көтерілген.

Жалпы ғаламдық рейтингті жасау кезінде экономикалық көрсеткіштердің белгілі критерилері ғана негізге алынады. Ал нақты бір мемлекеттің интегралдық қуатын анықтау үшін экономикалық индикаторлардан бөлек, сол елдің озық математикалық үлгілері, ішкі саяси тұрақтылығы, сыртқы саясаты, ұлттық қауіпсіздігі, мемлекет пен оның басшысының әлем алдындағы беделі, халықаралық қатынастардағы бастамалары негізге алынады.

Бұл тізімде алғашқы ондықты АҚШ, Еуропа одағы, Қытай, Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Жапония және Бразиялия сынды мемлекеттер бастап тұр. Бұрынғы Кеңес үкіметінің құрамында болған Украина Қазақстаннан бір саты төмен 35-орынға жайғасыпты.

По сообщению сайта Nur.kz