Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қызылордада оқушының ұялы телефонын ұрлаған мұғалім жұмыстан шығарылды

Дата: 16 марта 2014 в 08:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қызылордада оқушының ұялы телефонын ұрлаған мұғалім жұмыстан шығарылды
Төретам кентінің мектебінде осы іс бойынша мектеп директоры және оқу ісінің меңгерушісі жауапкершілікке тартылып, мұғалім жұмыстан шығарылды.

Бұл туралы BNews.kz хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Ботагөз Сейілге сілтеме жасай отырып.

«Байқоңыр қалалық прокуратурасы Қармақшы ауданы білім бөліміне мектептегі заңдылықтың сақталуы бойынша аталмыш кемшілікті жою жөнінде талап жолданды», — дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, прокуратура қызметкерлерінен жасақталған топ білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандардың құқығының сақталуы бойынша талдау жүргізген. Осы кезде сол мектепте ұрлық жасап қылмыстық іске қатысы бар дене шынықтыру мұғалімі жұмыс істегендігі анықталған. Ол залдағы киім шешіп қалдыратын бөлмеден сегізінші сынып оқушысының сөмкесіндегі ұялы телефонды ұрлап алған.

Сол кезде келтірілген залалды толық көлемде өтегені және тараптар мәмілеге келгендіктен ұрлық бойынша қылмыстық іс қысқартылған.

Алайда мұғалім адамгершілікке жат әрекет жасағандықтан тәрбие жұмысын ары қарай атқара алмайды, Еңбек кодексінің 1 бабы 11 бөлігі бойынша жұмыс беруші келісім шартты бұзуы керек. Соған қарамастан ол мектепте жұмыс істеп келген.

Прокуратура іске араласқан соң ғана еңбек келісім шарты бұзылған. Осы кемшілік бойынша мектеп директоры, оның оқу және тәрбие бойынша орынбасарларына ескерту жарияланған.

По сообщению сайта Nur.kz