Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ҚР ДСМ «Актовегин» дәрісін қауіпсіз деп тапты

Дата: 21 апреля 2014 в 11:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚР ДСМ \"Актовегин\" дәрісін қауіпсіз деп тапты

Астана. 21 сәуір. Baq.kz – Бұған дейін қолдануға уақытша тыйым салынған даулы «Актовегин» дәрілік препараты қауіпсіз болып шықты. Австриядан шығатын дәріні ұлттық сараптама орталығы зерттеп, оны нормативтік құжаттарға сай деген шешім шығарды. Бұл туралы Ұлттық сараптау орталығының мамандары мәлімдеді. 

Ұлттық сараптау орталығының дәрілік заттарды фармакологиялық сараптау басқармасының бастығы Раиса Күзденбаеваның айтуынша, Ақтөбе ауруханасында ем қабылдап қайтыс болған үш әйелге салынған дәрілік заттардың сапасын тексеру әлі де жалғасып жатыр.

«Көп көлемде дәрілік заттар салынған. Олардың барлығын қазір тексеріп жатыр. «Актовегинге» қатысты ұлттық сараптама орталығының шешімі бар. Бұл препарат нормативті құжаттарға сай. Тексеріс жұмыстары толық аяқталғанша ел көлемінде «Актовегин» препаратын қолдануға уақытша тыйым салынған болатын. «Актовегин» елімізде көп жылдан бері қолданылып келеді. Осы күнге дейін зардап шеккендер туралы ақпарат түскен емес», — деді басқарма бастығы.
Айта кетейік, осыдан біршама уақыт бұрын Ақтөбедегі емханалардың бірінде «Актовегин» тамшысымен егілген 3 әйел қайтыс болған еді. Тағы бір науқас ауыр халде облыстық ауруханада жатыр. Осы оқиғадан соң арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары әлі жалғасуда. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбе ауруханасында қайтыс болған үш әйелдің екеуінің мүрдесін эксгумацияға жіберуді талап етіп отыр. 

По сообщению сайта Baq.kz