Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда ең көп сатылған көліктер белгілі болды

Дата: 23 апреля 2014 в 07:33

Қазақстан автобизнесі қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьевтің «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, 2013 жылы Қазақстанда сатылған көліктердің саны біршама артқан.

Фото: aziaavto.kz

«2013 жылдың қортындысы бойынша Қазақстанның ресми нарығында сатылған көліктердің саны 165 710 бірлікке тең. Бір жыл бұрын оның саны 98 242 бірлік болған. Биыл үш айдың ішінде 34 474 көлік сатылды», — дейді А.Лаврентьев.

Өткен жылдың нәтижесі бойынша, нарықта ең көп сатылған LADA, Toyota, Hyundai маркалы көліктер.

Премиум санатында Lexus көш бастап тұр. Одан сәл ғана BMW мен Mercedes-Benz қалыс келеді.

«Жол талғамайтын көліктердің қатарында халықтың көңілін жыл сайын баурап келе жатқан Ssang Yong қазақстандық маркасының мысы басым болып тұр. Коммерциялық көліктердің ішінде IVECO көліктерінің сатылымы жоғары болып отыр. Сатылымдардың негізгі бөлігі бюджеттік санаттағы көліктерге ойысып келеді, олардың арасында Peugeot маркалы көліктер жақсы қарқын алуда», — дейді ұйым басшысы.

По сообщению сайта Nur.kz